Алтыншаштың әңгімелері. Әңгімелер жинағы

Алтыншаштың әңгімелері. Әңгімелер жинағы
Автор книги: id книги: 1631891     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 160 руб.     (1,74$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Приключения: прочее Правообладатель и/или издательство: Издательские решения Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9785005123862 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 16+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Аталмыш кітапқа автордың фэнтези жанрындағы әңгімелері жинақталған. Егер сіз қара фэнтезиді жақсы көрсеңіз, бұл кітапты міндетті түрде оқуға кеңес береміз.

Оглавление

Алтыншаш Жанарбековна Курманаева. Алтыншаштың әңгімелері. Әңгімелер жинағы

ЕСІМНІҢ ҚАДІРІ

ҚАРАБУРАЛА

МӘҢГІ ЖАСЫЛ БЕЙНЕ

Отрывок из книги

Сәлем, менің атым Білімбек. Атымды азан шақырар алдында нағашы ағам қойыпты. Анам алғашында қарсы болған. Бірақ өмірден бағы ашылмаған нағашы ағам келеңсіз оқиғадан көз жұмды. Мен ол өмірден озғаннан кейін дүниеге келіппін. Дүниеден өткен адамның тілегін жерге қалдырмау мақсатында менің атымды ақыры анам мен әкем Білімбек деп қойды. Білемін, Білімбекке дейінге есімің қандай болған дейсіздер ғой? Анам мен әкем мен туылар алдында Арлан деген есімді жоспарлап жүрген. Бірақ өздеріңіз куә болғандай, әдемі ат менің тағдырыма бұйырмапты. Үлкен конференциялар мен дебаттарда өнерімді паш қылып жүрген тұста жұрт тұлғалығыма сүйсініп, атымды сұрайды. Сонда, ұзақ кідіріп, сөзге келе алмаған мені көрсеңіздер… «Есімің кім? Неге айтпайсың?» Деп олардың дауысы шаңқ етіп, жарғақ құлағыма жеткенде ғана мен қайта тірілгендей тілге келемімін. «Әәәә, есімім бе? Есімің кім дейсіздер ме?» Деймін де қашуға бекінемін. Алайда олай жасауға болмайтынын ішім сезеді де, өз атымды еріксіз айтамын. Жұрт басында аң-таң болғандай, үндемейді. Соңыра «Есімің тәп-тәуір ақ екен!» деп арқамнан сәл-пәл қағады. Олардың ойын телепатия арқылы оқығандай мен де жүгімді ала, конференция залынан қызара қашамын. Зымыранның жылдамдығымен, желаяқтың жүрісімен үйге тура бет алған мен кенет баяу қимылға көшемін де, үйге жеткенше жылап барамын. Жылаймын дегенім, арттық болар. Жігітке жылау – ар емей немене? Көзімнен болар-болмас сәл тамшы ағады да, мен оны қолорамалмен лезде жоямын. Сөйтіп, үйге дым болмағандай тәуір келемін. Анам әдеттегідей ыстық шай мен тамақты бал тамған шекердей дайындап қояды. Әкем бұл кезде газет оқып, үстел басында отырады. «Бүгін қандай дебат болды?» – бұл менің келгенімді сезген әкемнің әй-шәй деместен, қояр бірінші сұрағы. Анам да әкеме жағаласып, «Қой, бала жаңа ғана шаршап үйге келді ғой» деп айтады да, маған: – Арланжан, тамағынды іші ғой» дейді. Сонда көзілдірігін түріп, анама қараған әкем:

– Анасы, оның есімі Білімбек екенін қанша рет айтуға болады?! Доғарсаңшы. – деп әкем ызаға булығады.

.....

– Ал бұны мен білмеймін. Егер, ғаламшар сені шақырса, демек сен бірнәрсені бүлдірдің деген сөз. Ойлаң… Жігіт… – деді бейтаныс.

– Мен енді не істеймін? Мен сияқты бұл арада қазір қалғандар бар ма? Мені соларға апарыңызшы. – деді Білімбек.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Алтыншаштың әңгімелері. Әңгімелер жинағы
Подняться наверх