Араб тілінің терминологиясы

Араб тілінің терминологиясы
Автор книги: id книги: 803665     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 175 руб.     (1,91$) Читать книгу Купить и читать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Языкознание Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2017 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-2223-0 Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Оқу құралы араб тілінің терминологиясы, оның қалыптасуы, дамуы және терминдерінің жасалу тәсілдерін кешенді қарастырады. Оқу құралы «Оқитын тілдің терминологиясы» пәнінен дәріскер оқытушылар мен шетел филологиясы: араб тілі мамандығының студенттеріне арналған.

Оглавление

Анар Мустафаева. Араб тілінің терминологиясы

КІРІСПЕ

1-модуль. АРАБ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1-дәріс. Араб терминологиясына кіріспе: «термин» ұғымы, анықтамасы және қойылатын талаптар

2-дәріс. Араб терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихына шолу

3-дәріс. Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі араб терминологиясы

4-дәріс. Терминологиядағы лексика-семантикалық құбылыстар

5-дәріс. Полисемия мен омонимияның терминологиядағы орны

6-дәріс. Синонимияның терминологиядағы орны

2-модуль. АРАБ ТЕРМИНЖАСАМ ТӘСІЛДЕРІ

7, 8-дәрістер. Терминдердің жасалу тәсілдерінің классификациясы: морфологиялық тәсіл

9, 10-дәрістер. Терминжасамның лексика-семантикалық тәсілі

11, 12-дәрістер. Терминжасамның синтаксистік тәсілі

13, 14-дәрістер. Кірме сөздер терминжасам тәсілі ретінде

15-дәріс. Морфологиялық-синтаксистік тәсіл

СӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

СӨЖ мәтіндері

1-мәтін

2-мәтін

3-мәтін

4-мәтін

5-мәтін

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

АРАБША-ҚАЗАҚША МӘТІНДЕР БОЙЫНША СӨЗДІК

Отрывок из книги

Негізі терминдерден құралған, терминологиялық бірліктерді зерттейтін терминология пән ретінде ХХ ғасырда қалыптасып, тілдің лексикалық қорын байытудың көзі болып саналады. Әдеби араб тілі лексикалық тұрғыдан اللغة العامة жалпы және қосалқы тілдерден тұратын اللغة المتخصصة арнайы тіл болып екіге бөлінеді. Егер тілдің аталған екі тілінің (жалпы және арнайы) фонетикасы мен грамматикасы біркелкі болса, лексикасы әртүрлі деуге болады. Сондықтан лексиканы жалпы қолданыстағы және арнайы (терминологиялық) лексика деп бөліп қарастырамыз. Араб тілі терминологиясында зерттеу нысанына айналған мәселелер – термин және терминологияны білдіретін унификацияланған лексикалық бірліктерді, термин дефинициясын, терминге қойылатын талаптарды қарастыру. Терминология аясында қарастырылатын өзекті мәселелердің қатарына «термин» және «терминология» терминдерін беру, синонимдерге бай тілдердің біріне жататын араб тілінде көрсету жатады.

Бір терминологиялық саланың лексикалық қоры екінші терминологиялық саланың лексикалық қорынан өзгеше болуы мүмкін. Терминологияның универсалдығы лексиколог, тілші, лингвист, терминжасаушы және терминтанушы ғалымдардың назарын әлі де аударуымен түсіндіріледі. «Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық саланың дамуының әсерінен тілде пайда болған жаңа сөздердің 90 % астам бөлігі арнайы лексиканы құрайды. Әртүрлі ғылым салаларындағы терминдер саны жалпы қолданылатын сөздер санынан жоғары» [1, 8-б. ]. Арнайы лексикалық бірліктердің жалпы қолданыстағы лексикалық бірліктерден саны жағынан артуы арнайы лексиканың қарқынды дамуының айғағы болып табылады. Терминологиялық лексиканың жалпы қолданылатын лексика тілінің бір бөлігі ретінде ерекшілігі – оның шектеулі қолданысы мен функционалдануы. Егер информатика саласының тілін қарастыратын болсақ, мұнда қарапайым қолданушы үшін беймәлім (тригтер, көп дәрежелі интерфейс, фазалық манипуляция және т.б.) терминологиялық бірліктердің үлкен көлемі байқалады. Араб тілінің информатика және басқа да салаларының терминдері бұл салаларда жұмыс істемейтін қызметкерлер үшін түсініксіз болуы мүмкін. Алайда заманауи ақпараттық технологиялардың дамуымен интернет және компьютер салаларындағы арнайы лексикалық бірліктер басқа салалардағы қолданушылар үшін түсінікті бола бастады. Мәселен, «القرص الصلب» қатты диск, القرص المرن» жұмсақ диск, «لوحة المفاتيح» клавиатура, «خطأ في التشغيل» жүктеудегі қате сияқты терминологиялық бірліктер аталған саланың жалпы тілде қолданылатын лексикалық бірліктерге айналғаны анық.

.....

ә) терминнің мазмұнына қойылатын талаптар (семантикалық аспект):

1) термин жүйедегі терминнің бірмағыналығы;

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Араб тілінің терминологиясы
Подняться наверх