Білім беру аймағындағы конфликтология

Білім беру аймағындағы конфликтология
Автор книги: id книги: 803659     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 265 руб.     (2,89$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Зарубежная образовательная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2016 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-2157-8 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Оқу құралы конфликтология бойынша сабақ жүргізу үшін және білім алушы – бакалаврлар, магистранттар тарапынан өз бетінше зерттеуге арналған теориялық, әдіснамалық және практикалық материалдардың толық курсы. Тақырыптардың кең ауқымы: тұлғаішілік, тұлғааралық, этносаралық және саяси конфликтілер мәселелерін кеңінен қамтыған. Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға арналған.

Оглавление

Әлия Құдайбергенова. Білім беру аймағындағы конфликтология

АЛҒЫ СӨЗ

1 – бөлім. КОНФЛИКТОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Конфликтер туралы көзқарастарға тарихи шолу

2. Конфликт – қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретінде

3. Конфликт түрлері, оның даму сатылары және негізгі қызметтері

4. Конфликт динамикасы және механизмдері

5. Тұлғаішілік конфликтер

6. Тұлғааралық конфликтер

2 – бөлім. ӘРТҮРЛІ ОРТАДАҒЫ КОНФЛИКТЕР ЖӘНЕ КОНФЛИКТ ТҮРЛЕРІ

7. Топ және конфликтер

8. Қарым-қатынас жүйелері арасындағы конфликтер

9. Ұйымдағы конфликт

10. Әлеуметтік-еңбектік конфликтер

11. Этносаралық және саяси конфликтер

3 – бөлім. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ КОНФЛИКТЕР ЖӘНЕ КОНФЛИКТЕРДІ ШЕШУ, АЛДЫН АЛУ, ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

12. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістегі конфликтер

13. Жоғары білім беру жүйесіндегі конфликтер

14. Конфликтегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және зерттеу

15. Конфликтердің алдын алудағы қиындықтар және олардың алдын алу тәсілдері

СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

СӨЖ БОИЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

СӨЖ-ге ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР

ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

ГЛОССАРИИ

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫНЫҢ ЖАУАПТАРЫ

КОНФЛИКТ ЖАҒДАЙЛАРЫН БОЛДЫРМАУ, АЛДЫН-АЛУҒА АРНАЛҒАН ТҮЗЕТУ-ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

Отрывок из книги

Өткен ғасырлардағы тарихшылар, жазушылар мен философтардың миф пен аңыздарында, идеялары мен пікірлерінде мыңдаған, кейде қарама-қайшы ескертулер мен түрлі-түрлі конфликтердің себептері мен оларды жеңудің жолдары қамтылады. Сол кездері конфликтерді шешудің негізгі тәсілі көсемдер мен басшылардың «қасиетті» билігін қолдану болып табылды. Алайда тұлғалық ерте мемлекеттік құрылымдардың қалыптасуы әрдайым тәртіп орната алмады, керісінше, көп жағдайда әлеуметтік әділетсіздікті шиеленістірді, өмір үшін күресті күшейтті.

Әлеуметтік конфликтердің табиғатын ұтымды түрде ұғынуға деген алғашқы талпыныстар ежелгі грек философтарына қатысты болып табылады. Танымал көне философ-диалектик Гераклит (б.э.д. 530 – 470 жылдары өмір сүрген) соғыстар мен конфликтер туралы өзінің пікірлерін әлем табиғатына қатысты пікірлердің жалпы жүйесімен байланыстыруға тырысты. Ол үшін барлығы мәңгілік айналып оралу мен өзара өзгеріске тап болған еді, сонымен қатар адамзат қарым-қатынасының ережелері де – әлемде барлығы дұшпандық пен араздық арқылы дүниеге келеді. Ғарышта билік жүргізетін жалпыға бірдей жалғыз заң – бұл «соғыс – барлығының әкесі әрі барлығының патшасы». Кейбіреулер үшін ол құдай болуды, ал келесі біреулер үшін адам болуды анықтап берсе, біреулерді ол құл етсе, келесілерін еркін етті [1, 89]. Гераклиттің бұл сөздері қоғамдық даму үдерісінде күрестің жағымды рөлін оңтайлы түрде негіздеуге жасалған талпыныстардың бірі болып табылады. Мұнда конфликтер қоғамдық өмірдің атрибуты, қоғамдық дамудың міндетті әрі маңызды шарты ретінде қарастырылады. Барлық заттардың негізі ретіндегі конфликтер мен күрес туралы Гераклит идеяларын ежелгі философ-материалист Эпикур да (б.э.д. 341 – 270 ж.) айтқан. Гераклиттен айырмашылығы, оның ойынша, қақтығыстың негативті салдары адамдарды қандай да бір уақытта тұрақты бейбітшілік жағдайында өмір сүруге итермелейді. Осылайша, қоғамдағы конфликтісіз жағдай туралы армандар алғашқы теориялық пікірлермен толықтырылды.

.....

3. Инцидент ашық қарама-қайшылықтың басталуына түрткі болады. Қандай да бір нұсқаны таңдау көбінде тараптардың жағдаяттық нұсқауларына (мақсат, эмоционалды бағдарға) байланысты болып келеді.

Конфликтің даму сатылары. Тараптардың ашық қарсыласуының басталуы конфликт тәртібінің нәтижесі болып табылады, мұндағы әрекет қарсы тарапқа даулы объектіні ұстау мақсатына бағытталған немесе оппонентті өз мақсаттарынан бас тартуына және оларды өзгертуіне мәжбүрлеуге бағытталған. Конфликтологтар конфликт тәртібінің бірнеше формасын атап көрсетеді:

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Білім беру аймағындағы конфликтология
Подняться наверх