Читать книгу Сағындым - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

САҒЫНДЫМ

Оглавление

Абақтыда айды, күнді жаңылдым,

Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.

«Қарашығым, құлыным!» – деп зарлаған

Алыстағы сорлы анамды сағындым.


Жатқан үйім – қабырғасы қара тас,

Жарық сәуле, жылы күнге жаны қас.

Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке

Ерте-кеш те, күндіз-түні арылмас.


Тапал, салқын, тым қараңғы, үңгір тар,

Есігімде мықты қара құлып бар.

Кіп-кішкене терезелер темірлі,

Мұндай үйден кімге естілер ащы зар!


Алтын Күнді, қара жерді сағындым,

Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.

Асау тайдай еркелетіп өсірген

Ағайынды, туған елді сағындым.


Әлдеқайда Күн шығады, батады,

Сорлы тұтқын күңіреніп жатады.

Қарар болсаң терезеден темірлі,

Көздеп тұрған күзетшілер атады.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Сағындым

Подняться наверх