Читать книгу Бірінші май мейрамы - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

БІРІНШІ МАЙ МЕЙРАМЫ

Оглавление

Бірінші май – жер жүзі пролетариатының жұмыскерлер табы мейрамы. Бірінші май жер жүзі пролетариатының бір жолда, бір тілекте екендігін білдіретін, капиталға, озбырлық қа қарсы соғыс ашқан пролетариаттың күшшамасын көрс ететін сын мейрамы.

1889 жылы жиналған екінші интернационал (жер жүзі пролетариатының ұйымы) әр жыл Бірінші майда жер жүзі пролетариаты мейрам қылсын, жұмысын қойып, тұрмысы түзелуі, жұмыс күні… 8 сағаттан аспауын тілеп, ұран салып көшеге шықсын деп бекітті.

Міне, сол жылдан бері жер жүзінің пролетариаты Бірінші майды мейрам қылып келеді. Капитал қоршауында қан жылаған пролетариат сол жылдан бері капитал мен күресті жеңбей тоқтатпайтынын білдіріп, әлемге ұран салып, жер жүзін жаңғыртып келеді.

Бірінші майды бастапқы жылдарда күнбатыс Европа һәм Америка пролетариаты ғана мейрам қыла алды. Себебі олардың пролетариаты ерте оянған, ерте ойланған.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Бірінші май мейрамы

Подняться наверх