Читать книгу Сайлау - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

САЙЛАУ

Оглавление

Газетіміздің өткен санында да хабар айтып едік:

Ақмола губернасында 15 августан қалдырмай губерналық ревком таратылып, болыстық, ояздық һәм губерналық исполкомдар құрылмақ болды. Екінші түрлі айтқанда, губернамыздың барлық ісі жоғарыдан белгіленіп, уақытша отырған адамдардың қолынан алынып, елдің өзі білетін, өзі сенетін, өзі сайлаған адамдардың қолына тапсырылмақ.

Тегінде ұғу керек: советтің негізгі заңы бойынша, жалпы Россия республикасының һәм республикадағы әрбір ауданның топ иесі, анық қожасы ревкомдар емес, исполкомдар, ревком – төңкеріс комитеті деген сөз. Оның мағына сы – әр жер төңкеріс болып, жаудан жаңа алынса, яки сол жерде аяқ астынан бір күшті көтеріліс шығып қалса, міне осы сияқты істердің артынан төңкеріс комитеті, яғни рев ком құрылмақ. Мұндайда уақыт та, іс те тығыз болғандығынан ревком мүшелерін ел сайламайды, жоғарғы өкімет белгілеп қояды. Бір жерде төңкеріс яки көтерілістен кейін болатын жүгенсіздіктерді жөнге салу үшін жоғарғы айтылған түрде құрылатын ревком, әрине, нағыз қолайлы мекеме. Бірақ ревком мүшелері жоғарыдан, көбінесе, шет жер адамдарынан белгіленетін болғандықтан, мүшелер жергілікті тұрмыспен жақсы таныс болмай, кей уақыт жергілікті елге жағдайсыз істер істеп тастауы мүмкін. Және адамның бәрі әулие емес, кей мүшелер төңкеріс комитетінде отырған соң төңкеріс жолымен елге күшті төрелік, орынсыз әкімдік көрсетіп жіберулері де ықтимал.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Сайлау

Подняться наверх