Читать книгу Наурыз - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

НАУРЫЗ

Оглавление

Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Қай уақытта, қай халықта болса да жаңа жыл сол халықтың, сол уақыттың шаруа жағдайына қарай белгіленген. Европа жұрттарының бір жерінде жаңа жыл 1 январь, бір жерінде – 1 сентябрь, тағы осындайлар. Азияда жаңа жыл – жазғытұрым, қазақ елінде – марттың 22-сі.

Қай елдің жаңа жылын алсақ та, негізінде шаруашылық жағдай болады. Дін әсері жаңа жылдарда аз, жоқтың қасы болса, қу молдалардың мал табу үшін жалған қондырмасы (надстройка).

Қазақ жаңа жылы дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттері жасалмайды. Бар болғаны ел бірбірімен көрісіп: «Жасың құтты болсын!» – дейді.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Наурыз

Подняться наверх