Читать книгу Жазғы жолда - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

ЖАЗҒЫ ЖОЛДА

Оглавление

Дала. Дала. Сар дала!

Жапан түзде бір қара –

                    Келем жалғыз, жаяумын.

Жаныма ерген жолдас жоқ,

Төрт жағым дала – жер де көк,

                    Жылауға да таяумын.


Шілде. Оттай ыстық күн.

Дала – өлік. Жоқ бір үн.

                    Жер де жатыр тұншығып.

Жол жыландай иірілед,

Шаң ерініп үйірілед.

                    Ешбір леп жоқ, тып-тымық.


Көкте жалғыз бұлт жоқ,

Көктің түсі қызғылт көк.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Жазғы жолда

Подняться наверх