Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Қарсақбай және қарсақбайлықтар
Автор книги: id книги: 1582741     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 488 руб.     (5,47$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Биографии и Мемуары Правообладатель и/или издательство: Издательские решения Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9785005105080 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 12+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Оглавление

Сағындық Қожамсейітов. Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Қарсақбай және қарсақбайлықтар

«Қазақмыс» корпорациясының еңбек ұжымына

Алғы сөз

І бөлім. Қарсақбай. Энциклопедиялық анықтамалығы

II Бөлім. Қарсақбай – қазақ жұмысшыларын қалыптастыру орталығы, жаңа техника мен технологияларды дамытып игерудегі және еліміздің халқының әлеуметтік дәрежесін арттырудағы рөлі мен орны

Қазақ ұлттық жұмысшылар құрамын қалыптастыру және олардың мәдени-техникалық дәрежесі

Жаңа техника мен технологияны дамыту және өндіріске еңгізудің тәжірибесі

Қарсақбайдың қазақ елі экономикасына, тұрғындардың мәдени-техникалық және әлеуметтік дәрежесін арттыруға әсері

ІІІ бөлім. Қарсақбай партия, кеңес, шаруашылық органдарының құжаттарында

Куйбышевтың қарсақбайлықтарды құттықтауы

«ТҮСТІМЕТАЛЛ» БАСҚАРМАСЫНА

Жаңа өнеркәсіп және энергетика құрылысы

БК (б) П Қазақ өлкелік комитеті бюросының қаулысы

БК (б) П Орталық Бақылау Комиссиясы Төралқасының және КСРО Жұмысшы Шаруа инспекциясы Халық Комиссариаты коллегиясының 1932 жыл 2 сәуірдегі қаулысы

КСРО Ауыр Өнеркәсіп Наркомы С. Орджиникидзенің Жезқазған мыс кен орының қарқынды дамытудың қажеттігі туралы хатынан үзінді

КСРО МИНИСТР КЕҢЕСІ МЕН БК (б) П ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ҚАРСАҚБАЙ МЫС БАЛҚЫТУ КОМБИНАТЫН ЖАҢА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТУРАЛЫ ҚАУЛЫСЫ

Қазақ ССР Халық комиссарлары кеңесі мен Қазақстан К (б) П Орталық Комитеті 1939 жылғы 13—14 мамырдағы Қарсақбай мыс комбинаты бойынша шешімдірінің орындалуы туралы қауылысынан

ҚК (б) П ОК есепті баяндамасы бойынша Қазақстан Компартиясы. ІІІ съезінің қарарынан

Мыс өндірісіне шұғыл көмек көрсетудің шаралары туралы

Қарсақбай – Үлкен Жезқазғанның тәжірибелік полигоны

IV бөлім. Естеліктер. Мақалалар. Очерктер

В. И. Деев

Первая казахстанская медь

Николай Погодин. Шөл бағындырылды

Өмір ертегісі

Қарсақбай

«Қарсақбай»

Жұмыскерлер мен әңгіме және олардың үй тұрмыс жайы

Нығымет жолдастың баяндамасы

Есею жылдары. Қарсақбай сапары

Дала жұлдыздары

Қарсақбайдағы ұмытылмас күндер

Қарсақбай – Жезқазған

Өмірге үшінші көзбен қараған адам

Айтулы оқиғалар жылнамасы

Отрывок из книги

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында шығып отырған «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған. Бұл – кеңестік шығыстағы қазан төңкерісінен кейін салынған тұңғыш металлургиялық кәсіпорын. Мұнда мыс кенін байыту, мысты балқыту өз заманындағы ең озық технология бойынша атқарылды. Қарсақбай зауытының тәжірибесі Балқаш, Жезқазған және Кеңес Одағының басқа ірі түсті металлургия кәсіпорындарын жобалағанда ескерілді.

Қарсақбайда қазақ ұлттық тұңғыш жұмысшыларының үлкен қауымы қалыптасып шыңдалды. Талай металлургтер әулеті «Қазақмыс» корпорациясында, оның ішінде Жезқазған мыс қорыту зауытында еңбегін жалғастыруда. Жұмысшылар, инженер-техниктер ортасынан аты бүкіл елімізге мәшһүр ғалымдар, ірі өндіріс ұйымдастырушылары, мәдениет және өнер саңлақтары, мемлекет және қоғам қайраткерлері шықты.

.....

Далабаев Шенеу (1892, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы «Тайкеткен» ауылы – 1974, Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы) ағылшындар тұсында Қарсақбай мыс зауыты құрылысында бетон құюшы, теміржол цехында жөндеуші болып істеген. 1926—1938 жылдары Қарсақбай болаткомы төрағасының орынбасары, комбинаттың мал көлігі артелінің бастығы, ауатком төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған. Одақтық маңызы бар комбинаттың құрылысына жұмысшыларды, материалдарды, құрал-жабдықтары Жосалыдан, Атбасардан, Спасскіден жеткізу үшін жұмысқа жүздеген кірешілер тартылған, 1500 бірішке (жүк арбасы), шаруалардан 3 мыңнан астам түйе жалданған. Сөйтіп, Далабаев басқарған кезде жылына ағылшындарға қарағанда жүк тасымалдау көлемін екі есе арттыру мүмкін болған. «Атбасартүстімет» тресінің басқарма мүшесі геолог Қ. Сәтбаев тұңғыш рет Қарсақбайға Далабаевтың көлігімен келген. Аудандық «Қызыл кенші» газетінің редакторы болашақ қазақтың белгілі ақыны Ә. Тәжібаев Кеңгір бойындағы ұжымшар төрағасы Далабаев «Мені Абайға жақындатып, оны сүйіп оқуға себепкер болды» деп жазды. Қ. Сәтбаев, И.В.Деев сияқты ірі тұлғалармен аралас-құралас, жолдас болған. Ұлытау ауданы ұйымдастырылғанда туған жеріне оралып, ұжымшар төрағасы, ферма басқарушы, бригадир болып еңбек етіп, аудан мал шаруашылығын дамытуға еңбек сіңірді.

Далабаев Шенеу

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Қарсақбай және қарсақбайлықтар
Подняться наверх