Читать книгу Қызыл кітап - Қадыр Мырза Əли - Страница 1
ҚЫЗЫЛ КІТАП
ОглавлениеҚАДЫР МЫРЗА ƏЛИ
(1935–2011)
І
Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мəз болып,
Ду-ду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін əлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
Аяймын мен анасыз,
Атасызды.
Аяймын мен құлынсыз,
Ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық!
Қызыл түлкі даланың көрігі еді.
Жаға болып ол енді «керіледі».
Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ –
Қалпақ емес –
Қақпан боп көрінеді.
Тымырсығы-ай!
Қалада жел еспейді.
Жел есетін бұл жайлау емес дейді.
Анау киім ілгішке көзім түссе,
Бұғылардың мүйізі елестейді.
Ауылда, өспе, мейлі, сен қалада өспе,
Анаң сенің бəрібір
Дала емес пе?!
Терезеге ұстаған анау шілтер
Құсқа құрған торларды салады еске.
Айналайын бұлбұлым,
Бал таңдайым,
Саған тор да,
Қасқырға қақпан дайын.
Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
Өкпелетпеу керек қой қожайынды.
Айта алмайсың халыңды,
Не жайыңды.
Ұстай беріп айырды
Шошып кетем
Шаншығалы жатқандай дəу жайынды!
Тартып алған аңдардың бір киерін,
Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.
Кешіре гөр біздерді,
Əулие көл!
Кешіре гөр біздерді,
Қыр киелі!
II
Біздің сайда болатын мия қалың.
Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.
Мия сиреп,
Ұядан құстар безіп,
Біреу үшін енді мен ұяламын.
Ұяламын қарауға қарлығашқа.
Шиқылдайсың, балапан, қарның аш па?!
Жалтаңдайсың əр Болат, əр Қайратқа,
Жаутаңдайсың əр Баян, əр Күлəшқа.
Тəрбиең де жақсы еді,
Тəлімің де…
Аян бірақ өмірдің мəні кімге?!
Торғай аттың бір кезде,
Соның үшін
Ұяламын, бауырым, əлі күнге.
Ұяламын қарауға қоңыр қазға.
Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға.
Балапанын шұбыртқан қасқалдақтың
Оқтан көрген қорлығы,
Зəбірі аз ба?!
Ұяламын қарауға шүрегейге.
Құстың бірі туған да,
Бірі егей ме?!
Бүгін кептер атқандар
Ертең ердің
Кеудесіне тапанша тіремей ме?!
Ұяламын қарауға егіз құрға.
Қыра берсек қалады неміз қырда?!
Жата берсін шуылдап орман-тоғай,
Жата берсін малынып теңіз нұрға!
Ұяламын қарауға қырғауылға.
Аңшы деген ат бердік бір қауымға.
Кейбір көлдің орнында шалшық қалды,
Кейбір талдар айналды сырғауылға.
Ұяламын қарауға шағалаға.
Мылтық ұстап шалқарды жағалама.
Құстың зарын естісе
Не демекші
Саған ана мына жер –
Маған ана?!
Ұяламын аң аулап бел асқанға.
Түсінбеймін сол үшін таласқанға.
Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,
Ұяламын қарауға көк аспанға!
III
Арқар атып,
Қалайша тойламақпын?!
Хабар оқып əртүрлі ойға баттым:
Тегі құрып,
Тігерге тұяқ қалмай,
Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!
Көрем десең көлге бар,
Далаға бар.
Жердің де бір уəжі бағаланар.
Аңшы көрсе
Жиналып,
Төбесіне
Шығарыпты саңғуды шағалалар.
Бітсе керек ойланыс,
Толғаныстар.
Қауіп қазір ормандар,
Ну қамыстар.
Қандары əбден қарайып,
Ашу қысып,
Адам жеуге көшіпті жолбарыстар.
Əшкерелеп сұмдықты жарық түндер,
Жасырады қабағы жабық күндер.
Содан бүлік шығарып,
Кей қонысты
Тып-типыл ғып кетіп жүр алып пілдер.
Бауырлар-ау!
Кесесің неңді қырқып?
Кей орманның орнында қалды бір түп.
Қонатын жер,
Ұшатын аспан аздай,
Самолетке шабатын болды бүркіт.
Болса болар шаруасы бұрыс кейде,
Түзетуге оны адам кіріспей ме?!
Туысқанның қолынан өлгеніңше
Өзіңді-өзің өлтірген дұрыс дей ме?!
Амалсыздан…
Көрсетіп батыр қылық,