Институционалды экономика

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Ғалия Даулиева. Институционалды экономика
КІРІСПЕ
1. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
1.1. Институционалды экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы
1.2. «Ескі» және «жаңа» институционализмнің әдістемелік ерекшеліктері
1.3. Институционалды экономикалық талдау жүйесіңдегі ойындар теориясы
2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДАҒЫ ИНСТИТУТТАР
2.1. Норма институттардың базалық элементі ретінде
2.2. Рационалдылық мінез-қүлық нормасы ретінде
2.3. Институттар: үйлестірушілік және бөлу әсерлері
2.4. Институционалды талдау деңгейлері
3. ТРАНСАКЦИЯЛАР ЖӘНЕ ТРАНСАКЦИОНДЫ ШЫҒЫНДАР
3.1. Трансакция түсінігі және оның түрлері
3.2. Трансакционды шығыңдар түсінігі және мазмүны
3.3. Трансакционды шығыңдар жіктемесі
4. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
4.1. Меншік қүқығы теориясының негізгі жағдайлары
4.2. Меншік құқығын арнайыландыру туралы негізгі көзқарастар
4.3. Балама меншік режимдері
4.4. Сыртқы әсерлер және Коуз теоремасы
5. ФИРМА ТЕОРИЯСЫ
5.1. Контракт түсішгі: мазмүны, типтері және басқару қүрылымдары
5.2. Ұйым сипаттамалары
5.3. Фирма қүрылымы
5.4. Фирма типологиясы
6. МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫ
6.1. Мемлекеттің үйым ретіндегі сипаттамалары
6.2. Мемлекетгің идеалды типтері
6.3. Мемлекеттің қызмет ету ерекшеліктері
7. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ҮЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
7.1. Үй шаруашылығы үйым ретінде
7.2. Үй шаруашылығының идеалды типтері
8. КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА
8.1. Көлеңкелі экономика: мәні және көріну формалары
8.2. Көлеңкелілік бағасы
8.3. Көлеңкелі экономиканың макроэкономикалық салдары
9. ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ӨЗГЕРІСТЕР
9.1. Институционалды өзгерістердің жалпы сипаттамасы
9.2. Институционалды өзгерістердің нұсқалары
ӘДЕБИЕТТЕР
ГЛОССАРИЙ
РЕФЕРАТТАР МЕН КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Отрывок из книги
Қазіргі институционалды теория ХХ ғасырдың екінші жартысында нақты тарихи алғашарттар негізінде қалыптасты. Бұл мерзімде дамыған елдер экономикасына монополияның үлесі жоғарылады, еркін бәсекелестік азая түсті, дағдарыстар көбейді, созылмалы жұмыссыздық орын алды, мұның барлығы еркін бәсекеге негізделген классикалық теория қағидаларының нақты жағдайларға сәйкес еместігін көрсетті. Ең басты себеп ретінде неоклассикалық теорияның нақты экономикалық мәселелерді түсіндірудегі қолданылу ауқымының тарылуы қарастырылады.
ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде экономика ғылымында басымдық танытқан неоклассикалық бағыт экономиканы өздігінен реттелетін жүйе ретінде анықтап, құн қалыптасу үрдісі нарықтағы ұсыныс пен сұраныс арқылы, яғни игіліктің шекті пайдалылығына негізделген тұтынушы талғамы арқылы түсіндірілді. Неоклассикалық бағыттың зерттеу әдістері қатарында статикалық талдау, математикалық әдіс кең қолданылып, олардың көмегімен нарықтық экономиканың тиімділігін дәлелдеуге әртүрлі жағдайда таңдау жүргізуші индивидтердің мінез-құлқын дәл суреттеуге тырысты. Таңдаудың пәні, таңдау жасаудағы сыртқы жағдайлар, тарихи кезең сияқты басқа да факторлар ескерілмеді. Демек, шектелген ресурстар жағдайында кез келген таңдау жүргізуді талдауда неоклассикалық талдамалық модель өзгеріссіз қолданылған.
.....
Келісімдер экономикасының теориясы немесе жаңа француз институционализмі – неоинституционализмнің кейінгі ағымдарының бірі, ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында Францияда пайда болды. Негізгі өкілдері: Л. Тевено, Л. Болтански, О. Фаворо, Ф. Эмар-Дюверне. Бұл ағым нарықтық экономиканы зерттеудің бөлек алынған объектісі емес, қоғамның жүйесі ретінде қарастырылады. Соңғысы әртүрлі «институционалды ішкі жүйелер» мен «әлемдер» тұрғысынан талданады, олардың әрқайсысы адамдардың арасындағы байланыс әдістерімен және адамдардың іс-әрекетіне ерекше талаптарымен сипатталады.
Әрбір экономикалық субъект бір уақытта бірнеше ішкі жүйелерде қызмет атқарады. Мысалы, фирма өзінің өнімін өткізу кезінде нарықтық ішкі жүйеде, ал өндірісті ұйымдастыру кезінде индустриалды ішкі жүйеде қызмет етеді. Негізгі мәселелер әртүрлі ішкі жүйелер немесе «келісімдердің» тоғысында орын алады.
.....