Сарман алты таңба кітабы
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Алпамыс Аскарович Сырманов. Сарман алты таңба кітабы
БІРІНШІ БӨЛІМ. ҚҰПИЯДАН ҚҰПИЯҒА
ЕКІНШІ БӨЛІМ. АЛТЫ ТАҢБА КІТАБЫ
ҮШІНШІ БӨЛІМ. БАТЫС ОРМАН
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. ТАБУРАТ
БЕСІНШІ БӨЛІМ. САТҚЫНДЫҚ
АЛТЫНШЫ БӨЛІМ. ҚОШТАСУ
ЖЕТІНШІ БӨЛІМ. ИТ ҚОРЫМЫ
СЕГІЗІНШІ БӨЛІМ. ЖЫЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР
ТОҒЫЗЫНШЫ БӨЛІМ. БІР АҒАШ ОРМАНЫ
ОНЫНШЫ БӨЛІМ. БЕЙТАНЫС
ОН БІРІНШІ БӨЛІМ. ЖЫЛАНҚҰРТТАР
ОН ЕКІНШІ БӨЛІМ. СОЛТҮСТІК ТАБУРАТ ТАЙПАСЫ
ОН ҮШІНШІ БӨЛІМ. ТАРТАН
ОН ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. ҮЛКЕН ҚҰРЛЫҚТАҒЫ ШАЙҚАС
ОН БЕСІНШІ БӨЛІМ. АЛТЫ ТАҢБАНЫҢ ҚҰПИЯСЫ
Отрывок из книги
Осыдан кейін Ерұлан уақытының басым көпшілігін кітапханасында, қорап пен бас сүйекті зерттеумен өткізіп, бастың суретін салып, салмағы мен ұзындығын – бәрі-бәрін өлшеп, өзінің күнделігіне жазды. Бас сүйектің құрылысының адамдікінен ерекшеліктерін қағазға түсірді. Ерұлан бас сүйек туралы басқа кітаптарда жазылған деген үмітпен көптеген кітаптарды ақтарып шықты, алайда бас сүйекке қатысты ештеңе тапқан жоқ.
Арада төрт күн өтті, осы уақыттың бәрінде Ерұланға қорқынышты түс әрбір ұйықтаған сайын кірді, ол бұл түстің кездейсоқтық емес екеніне, бір күні оның өңінде қайталанатынына көзі жетті, тіпті Ерұлан қылышпен жүретін болды.
.....
– Жылдам аш! – деп айқайлады. Қақпа ашылып ішке қарай сексенге жуық сарбазымен бірге Батыра кірді.
– Қақпаны жаппай тұра тұр! Мен бірнәрсе айтуым қажет, сосын жаба беруіңе болады, – деді Ерұлан. – Мұнда не болып жатыр деген сұрақ барлығыңды мазалаған болар, мен сендерге түсіндірем, мен бүгін әке атандым: иә, жақсы жаңалық, бірақ баламды менен хан жіберген дәрігер тартып алғысы келді, себебі оның денесінде таңбасы бар, оның не екенін мен білмеймін, бірақ әлгі дәрігерлер мұнда ауруды тоқтату үшін емес, сондай балаларды жинау үшін келген, естіген боларсыңдар, үш апта бұрын осындай бала үшін Қамшат қаласында қақтығыс болғандығын, егер естімесеңдер, олар сендердің білгендеріңді қаламайды, себебі бұл жағдай олардың былығын әшкерелуі мүмкін, – деді ол ары-бері жүре.
.....