ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Алтыншаш Курманаева. ТАҢҒАЖАЙЫП АВТОБУС. ФЭНТЕЗИ
АЛҒЫ СӨЗ
1.Жан коллекционері
2. Жаңа қоныс
3. Арада үш жыл өткен соң
4. Шешуші есік
5. Факультетке қабылдау салтанаты
6. Желаяқ ағайдың сабағы
7. Пэмза апайдың кітапханасында
Отрывок из книги
«Таңғажайып автобустың» сырлы әлемінен ой түйсек…
Таңғажайып автобус. Көркем әдебиеттің жәзиралы, шуақты алқабына қанат қаққалы тұрған жас талаптың, жас өскіннің шығармасының атауы осылай екен. Шығарманы оқымас бұрын мұның артында қандай сыр бар деп бізде елең ете қалдық, шығарманы қолға алатын оқырман да елең етуі мүмкін. Осы таңғажайып автобус бізді қандай сырлы әлемге жетелер екен, қандай көркемдік көкжиектерге бастар екен деген ой ұштығында болдық, әдепкіде. Күмән мен күдік, сенім мен үміт сияқты ойлар тайталасты басымызда. Бірақ жас талапқа деген үміт оты алдамапты біздерді. Жас автордың көркемдік кеңістігіне, сырлы әлеміне еркін бойлай, жұмбақ, тылсым болмыстың сырына қанбақ болып, оның сана лабиринтіне, таным қабаттарына қалай еніп кеткенімізді өзіміз де байқамай қалыппыз. Бұрын соңды біз білмейтін ереше сырлы әлемнің аурасы өзіне баурай тартып, автор суреттеп отырған сиқырлы әлемнің тұтқынына өзіміздің де қалай айналғанымызды сезбей қалыппыз.
.....
– Енді… Енді… – деп Райлан Фаизға қарағанда, Фаиз оған ашулы жүзбен қарап:
– Менің қорыққанымды мазақ еткен шығарсыңдар! – деп дүрсе қоя берді. Кенет Самиян:
.....