Оқу құралы жобаларды басқару саласындағы мамандарға, болашақ кеңес берушілерге, бəсекелестікке қабілетті өнімге (қызметке), қоғамды жаңа сапалы жолға бұруға бағытталған, басқарудың жобалық техноло-гияларымен айналысатын кəсіпорын, компания жəне банк басқару сатысындағы жоғары жəне орта буын басшыларына арналған.
Оглавление
Қарлығаш Мұхтарова. Инвестициялық жобаларды басқарудың теориясы мен əдістемесі
КІРІСПЕ
1- тақырып. КІРІСПЕ БӨЛІМ ЖӘНЕ ТАҚЫРЫПҚА ҚАТЫСТЫ АНЫҚТАМАЛАР
2- тақырып. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
3- тақырып. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІ
4- тақырып. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
5- тақырып. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖОСПАРЛАУ (ҚАДАМДАРЫ МЕН ТАРМАҚТАРЫ)
6- тақырып. ЖҮЙЕЛІК ГРАФИКТЕРДІ ҚҰРУ ТӘРТІБІ
7- тақырып. ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР
8- тақырып. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕР
9- тақырып. ЖОБАНЫ ҚҰНДЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ БЮДЖЕТТЕУ
10- тақырып. ЖОБАНЫҢ АЯҚТАЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Отрывок из книги
Жоба – бұл шектеулі ресурстарды тиімді және нәтижелі пайдалану мәселесін шешетін қызмет түрі.
Жоба – бұл уақыты бойынша шектеулі, нәтижесінің сапасы мен құнына қойылған талаптар жүйесінің кезеңдік өзгерісі.
.....
Жоба сөзінің тар магынадагы ұгымы ресурстарды пайдаланудан белгілі бір пайда табуға бағытталған адам қызметінің кез келген түрі немесе жұмыстардың кешені деп түсіндіріледі. Жобаларға адамдардың банктерде еркін қаржысын орналастыру әрекетін, жаңа объектілердің құрылысы мен істегі объектілердің реконструкциясы, құнды қағаздарды сатып алу, сауда-делдалдық қызметті жатқызуға болады.
Жоба ұғымының кең шеңбердегі мағынасы да бар. Жоғарыда келтірілген анықтамада (жоба сөзінің тар шеңбердегі мағынасында – автор) оны іске асырудағы мақсаттар анық белгіленбеген. Қоғам мүшелері қолда бар шектеулі ресурстарды максималды тиімді қолдануға мүдделі екендігін ескеруі тиіс.