Легоның басынан кешкендері
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Асем Момбекова. Легоның басынан кешкендері
Легоның басынан кешкендері
Отрывок из книги
Кішкентай Лего оянып жан-жағына қарады. Ол көзін уқалап тұрып қалды, «түсінбедім, мен қайдамын» -деді. Оның көзіне сынған шөлмек, жыртылған кітап, шашылып жатқан дискілер және мобилді телефон түсті. Кішкентай Лего үстіне қарағаны сол еді, өз түрінен шошып кетті. Әдемі сары түсі қоңырланып, бас жағы сынып қалыпты. Ол кішкентай қолдарымен бетін басып жылап отырып қалды.
Сұлтанның әкесі оны дүкеннен сатып алғаны, Сұлтанның туылған күніне сыйлағаны есіне түсті. Сұлтанның қуанғанын көрсең ғой сонда. Тап-таза дүкен сөрелерінен Сұлтанның әдемі бөлмесіне келгенін есіне алды. Енді ол өзі сияқты сынған ешкімге керегі жоқ заттардың арасында; қоқыста екеніне көзі жетті. Ол үйіне қалай да қайтуы керек, ойынан осы кетпей қойды. Орнынан тұрып сынған шөлмекке келіп, жәй ғана;
.....
– Не керек саған балақай?
– Маған Сұлтанның үйі керек. Мен оның ең жақсы көретін ойыншығымын.
.....