Жалпы гидробиология

Жалпы гидробиология
Автор книги: id книги: 803709     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 471 руб.     (4,63$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Учебная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2017 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-2166-0 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

«Жалпы гидробиология» мемлекеттік тілде дайындалған алғашқы оқу құралдарының бірі. Құралда гидробионттардың тіршілік ортасы, оның физика-химиялық ерекшеліктері, әлемдік мұхит пен континенталды суқоймаларын мекендеушілер, олардың әртүрлі биотоптарда мекендеуге бейімделушіліктері бойынша орналасуы, түрлік құрамының ерекшеліктері, олардың биологиясы, физиологиясы, экологиясы және шаруашылық маңызы туралы мәліметтер жан-жақты қарастырылған. Алғашқы рет Қазақстан суқоймаларының гидрофаунасы жайында деректер берілген. Оқу құралы университеттердің биология және ауыл¬шаруа¬шылық мамандықтары саласында оқитын бакалаврлар мен магистранттарға арналған.

Оглавление

Б. Минсаринова. Жалпы гидробиология

АЛҒЫ СӨЗ

КІРІСПЕ

1-бөлім. ГИДРОСФЕРА – ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР

1-тарау. ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2-тарау. СУҚОЙМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР

2.1. Әлемдік мұхит және оны мекендеушілер

2.2. Континенталды суқоймалары және оларды мекендеушілер

2.3. Қазақстан суқоймалары және оларды мекендеушілер

3-тарау. ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ТІРШІЛІК ФОРМАЛАРЫ

2-бөлім. ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ТІРШІЛІГІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

4-тарау. ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ҚОРЕКТЕНУІ

5-тарау. ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ТЫНЫС АЛУЫ

6-тарау. ГИДРОБИОНТТАРДАҒЫ СУ-ТҰЗ АЛМАСУ

7-тарау. ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ӨСУІ, ДАМУЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАСЫ

3-бөлім. ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ГИДРОБИОЦЕНОЗДАР

8-тарау. ГИДРОБИОНТТАР ПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

9-тарау. ГИДРОБИОНТТАРДЫҢ ӨНІП-ӨСУІ ЖӘНЕ ПОПУЛЯЦИЯЛАР ДИНАМИКАСЫ

10-тарау. ГИДРОБИОЦЕНОЗДАР

4-бөлім. СУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БИОӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

11-тарау. СУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІ

12-тарау. СУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

5-бөлім. ТАЗА СУ ЖӘНЕ СУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

13-тарау. ТАЗА СУ ЖӘНЕ СУ ЭКОЖҮЙЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

ТАҚЫРЫПТЫҚ ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАР

Студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ) үшін ұсынылатын тақырыптар

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

ЖАЛПЫ ГИДРОБИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ЕМТИХАННЫҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ СҰРАҚТАРЫ

ТЕРМИНДЕР ТҮСІНДІРМЕСІ

БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ТІЗІМ

Отрывок из книги

Гидробиология (грек. hydor – су, bios – тіршілік, logos – ілім, ғылым) – кешенді биологиялық ғылым, ол су экожүйелері және олардың құрамдас бөліктерін зерттейтін экологияның бір бөлімі. Гидробиология дамуының алғашқы этаптарында су организмдерінің (гидробионттардың) қауымдастықтарының түрлік құрамын және олардың мекендеу жағдайына байланысты орналасуын зерттеді. Бертінде гидробиологияның зерттейтін саласы су экожүйелеріндегі биологиялық процестер және оларды түсінуге қажетті гидробионттардың қызметтерінің (өсу, қоректену, зат алмасу және т.б.) ерекшеліктері болды.

Гидробиологияның теориялық міндеттері біршама мәселелерді қамтиды. Олардың бастылары: халықты балық өнімдерімен көптеп қамтамасыз ету үшін суқоймаларының биологиялық өнімділігін зерттеу; әлемдік мұхиттағы планктон мен бентостың өнімділігін анықтау үшін оларды картаға түсіру, сонымен қатар көлдердің биологиялық типологиясын жасау және суқоймаларының эвтрофикацияға ұшырау себептерін зерттеу; қорек ретінде пайдаланылатын омыртқасыздар және балықтарды жерсіндірудің биологиялық негіздемелерін дайындау және ластанған сулардың биоиндикациясы бойынша мәліметтер жинақтау және т.т.

.....

Фитобентос және зообентос құрамы да тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Супралиторалда фитобентос аз дамиды, негізінен, маусымдық формалардан (майда балдырлар және қыналар) тұрады. Жоғары литоралда фитобентос арасында сусыздануға ұзақ уақыт шыдайтын (порифелалар) түрлер басым болады. Орта литоралда фитопланктонның биомассасы артады. Литоралдың төменгі жағында фитобентостың дамуы ең жоғары болады, бұл жерлерде ламинариялар басым.

Сублиторалдың жоғарғы қабатында балдырлар өте көп, әсіресе жасыл және қоңыр балдырлар болады. Төменірек қызыл балдырлар басым, олардың қызыл пигменттері күн жарығын пайдалануын жоғалтады. Сублиторалдың төменгі шекарасы тропикалық зоналарда 150 м, қоңыржай салқын суларда 50-80 м, ал полярға жақын аймақтарда 20-40 м болады.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Жалпы гидробиология
Подняться наверх