ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы

ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы
Автор книги: id книги: 803866     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 193 руб.     (1,89$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Культурология Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2011 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-2710-5 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Бұл электронды оқу құралында жазба әдебиеттің ең бір өнімді де көркемдік ізденіске толы кезеңі – ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті тұңғыш рет толыққанды түрде жүйеленіп, ұсынылып отыр. Аталмыш кезеңнің әдебиет тарихындағы өзіндік орны, түрлі бағыттардың жазба әдебиеттің өркендеуіне қосқан үлесі қазақ қоғамының тарихи дамуымен бірлікте алып қарастырылады. Сол тұстағы өзекті мәселелері жаңаша көзқарас тұрғысынанан байыпталады. Электронды оқу құралы жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттеріне, магистранттарына арналған.

Оглавление

Ө. Әбдиманұлы. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы

КІРІСПЕ

ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ

ДІНИ-АҒАРТУШЫ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР

АҒАРТУШЫ-ДЕМОКРАТТЫҚ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР

ҰЛТ-АЗАТШЫЛ БАҒЫТТАҒЫ АҚЫН-ЖАЗУШЫЛАР

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

ХХ ғасыр басындағы әдебиет пәні бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

Отрывок из книги

Әдеби ағым-бағыттар. Әдебиеттегі ағым – бағыттың айырмашылығын анықтау белгілі бір кезең әдебиетінің мәнін ашуда аса маңызды. Көркем шығармаларда қолданылатын шығармашылық әдіс-тәсілдермен тығыз байланысып жатқан осы бір мәселеге қатысты ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде қандай ағымдар мен бағыттар болғанына, оны сол тұстағы және кейінгі әдеби ой-пікір қалай танып білгеніне назар аудармасқа болмайды. Себебі ол белгілі дәуірдегі ақын-жазушылардың ізденістерін, көркемдік биіктерге жетуге деген ұмтылысын айқындайтын нақты құбылыс болып табылады.

Академик З.Қабдолов “Сөз өнері” монографиясында әдеби ағымды әдеби стильмен салыстыра келе, ағым әр жазушының әдеби бағыты екендігін атап өтеді. Сондықтан да біз ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет өкілдерін идеялық ұстанымы, өмірдің өзекті мәселесін көркемдік шындық арқылы көрсете білуі, қоғамдық-әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан үш бағытқа бөлдік. Осы “бағыт” ұғымы олардың ерекшелігін дәл айқындайтын секілді. Себебі ХХ ғасыр бас кезінде қазақ жазушыларында әдеби мектеп (литературная школа) қалыптаса қойған жоқ. Ал әдеби топтардың (литературная группа) болғаны анық. Олар көбіне идеялық көзқарас тұрғысынан бірігіп, нақты бағыт ұстанды.

.....

Шәкәрім аудармалары қазақ тәржімә тәжірибесіндегі өзгеше бір құбылыс болып саналады. Ол Пушкиннің қара сөзбен жазған шығармаларын өлеңмен аударып, төл туындыдағы сюжет пен оқиға құрылымына еш зиян келтірместен, қазақ тілінде өлеңмен әсерлі түрде өрнектеп берді.

Өлең сөзге жаны жақын, қисса-дастандарды ұйып тыңдайтын қазақ оқырманы қара сөзді шығармадан дастан жазып шыққан Шәкәрім шеберлігіне тәнті болмай тұра алмайды. Шығарма кейіпкерлері қазақы тілмен сөйлеп, қазақ оқырманымен еркін тілдеседі. Ақын аудармаларында қазақ ұғымына жақын, тұрмысына сай теңеулерді, тіркестерді қолдана отырып, тың тынысты, көркемдік бедері айқын шығармалар жасады. Сөйтіп әлемдік Пушкин аудармалары қорын қазақ елінен келіп қосылған жаңа тұрпатты аудармалармен байытты. Қара сөзді шығарма, өлең өрнегіне түсіп, жаңаша құлпырды.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу ХХ ғасыр басындағы әдебиет. Электронды оқу құралы
Подняться наверх