ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Оглавление
Ө. Әбдиманұлы. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі. Электронды оқу құралы
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ
МӘШҺҮР ЖҮСІП КӨПЕЕВ
ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ
МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
ҒҰМАР ҚАРАШЕВ
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВ
ІІ БӨЛІМ
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-30-ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
Мағжан ЖҰМАБАЕВ
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі пәні бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Отрывок из книги
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті шартты түрде 1900-1920 жылдар аралығындағы мерзімді қамтиды. Бұл кезеңдегі әдебиетке тән өзіндік ерекшеліктер мол. Алдымен, ХХ ғасыр бас кезіндегі әдебиет жалпы қазақ әдебиеті тарихындағы ең бір жемісті де түрлі ізденістерге толы кезең болып табылады.
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқы бүкіл қоғамдық ой-пікірдің жаңаша өрлеуіне бағыт алып, Ресей патшалығы тұмшалаған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың өркенді саласы әдебиеттің күрт алға басуы, қоғамдық ой-сананың көрсеткіші ретіндегі қазақ баспасөзінің осы кезеңде дүниеге келуі – дәуір талабы әкелген өзгеріс. Бұл тұста Абай дәстүрін жаңашылдықпен дамытқан Шәкәрім шығармашылығы өзіндік биігіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан т.б. тәрізді бірегей таланттар көркемдік деңгейі жоғары туындыларын жариялай бастады.
.....
3. "Мәнді сөздер" жинағындағы әңгімелердің тәрбиелік сипаты.
4. Ш. Құдайбердиевтің «Еңлік – Кебек» дастанының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
.....