Индуизм

Индуизм
Автор книги: id книги: 804589     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 194 руб.     (2,11$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Прочая образовательная литература Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2016 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-2518-7 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Монография Үнді дүниетанымындағы құдайлар пантеонының орны жəне олардың даму ерекшеліктері діни-философиялық, тарихи тұрғыда қарастырылып, ғылыми талдау жасалынды. Аталмыш жұмыста құдайлар пантеонының теологиялық ілімінің бастаулары, діни-философиялық қалыптасу алғышарттары, сипаты, мəні жан-жақты талқыланады. Монография шығыстану, үндітану, дінтану, философия, мəдениеттану мамандығының студенттері мен магистранттарына, жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне арналған.

Оглавление

Дарига Кокеева. Индуизм

КІРІСПЕ

1. ЕРТЕ ҮНДІ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҚҰДАЙЛАР ПАНТЕОНЫНЫҢ ДІНИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 Үнді дүниетанымындағы діни түсініктің қалыптасуы

1.2 Үнді мифологиясындағы құдайлар пантеоны «Үштік» – Брахма, Шива, Вишну бейнелері және олардың атқаратын функциялары

1.3 Үнді құдайлар пантеонындағы дәстүрлі діни-философиялық бағыттар: Вишнуизм, Шиваизм, Шактизм және Смартизм

2. ҚАЗІРГІ ҮНДІ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҚҰДАЙЛАР ПАНТЕОНЫ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН «ДӘСТҮРЛІ» ЖӘНЕ «ЖАҢА» ҮНДІЛІК АҒЫМ

2.1 Қазіргі үнді дүниетанымындағы діни салт-дәстүрлердің қоғамдағы алатын орны

2.2 «Жаңа» үнділік ағым – неоиндуизмнің өзіндік ерекшеліктері

2.3 Дәстүрлі бағыттағы Рамакришна ілімінің қазіргі үнді дүниетанымына әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША: А

ҚОСЫМША: Ә ГЛОССАРИЙ

Отрывок из книги

Индуизм – үнді халқының ұлттық діні. Дінді ұстанатындар индуизм дінін әлемге кең тараған діндердің бірі деп санайды. Л.В. Митрохин 1987 ж. жарық көрген «Индия: вступая в век ХХІ» атты еңбегінде индуизмді ұстанатындар саны 95 % болғандығын көрсетсе [1, 462 б.], М. Альбедиль соңғы санақ бойынша бұл дінді ұстанатындар саны 85 % Үндістан Республикасы бойынша құрағандығы анықталғандығын айтады [2, www.india.ru].

Оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азия елдерінде, Индонезия, Фиджи аралдарында, Еуропаның кейбір елді-мекендерінде осы дін табынушылары көптеп кездеседі. Соның ішінде Еуропа, Америка елдерінде үлкен беделге ие.

.....

Индуизм тәжірибесінде мантра кең қолданылады. Мантра санскрит сөзі. Ол «буын, ырғақ, әуен» деген мағыналарды білдіреді. Индуизмде магиялық күш әуенде, яғни сол мантрада жатыр деп есептейді. Мантра құлшылық барысында оқылады. Бұдан басқа да үнді дүниетанымында өзіндік жеке мантралар бар.

Үнді халқы орналасқан аумағы кең Үндістанда б.д.д. осы елдегі арий тұрғындарының бірлігімен ерекшеленген діни сенімнің негізі бар индуизм кішкене талдан өскен биік ағаш секілді. Сол талдан бірнеше бұтақ жарып, әлемге кең қанатын жайғандай. Иә, қай дінді алып қарасақ та, сол діннің өзіндік ерекшелігі, тірегі (құдайы), соған жету жолдары бар. Құдайдың ризалығына бөлену үшін алуан түрлі діндердің өзіндік қағидалары бар екендігі де даусыз. Сол сияқты үнділердің де құдайға жалбарыну арқылы өз арман-тілектеріне қол жеткізу мақсатында әуенделетін қасиетті дыбысы мен таңбасы, яғни мантрасы бар. Ол қандай дыбыс, таңба? Ең алдымен қасиетті дыбысқа зер салайық. Ол Угитха, яғни жалпы үнділік мантра – (ОМ). Осы дыбысты әуендеу арқылы Үштік құдайлары – Брахма, Шива, Вишнумен табысамыз, арман, мақсатымыз іске асады деп ұғынады үштік табынушылары.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Индуизм
Подняться наверх