Оқжетпес

Оқжетпес
Автор книги: id книги: 1932418     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 145 руб.     (1,58$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Современная зарубежная литература Правообладатель и/или издательство: Фонд "Аспандау" Дата публикации, год издания: 2019 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-7588-36-6 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 6+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Талантты қазақстандық жазушы Джан Аманиидің ғажайып хикаясы бір ауылдың өмірі: оның тарихы, ауыздан ауызға тараған аңыздары мен риуаяттары және оның тұрғындары бастан кешкен таңғаларлық оқиғалар туралы баяндайды. Авторды әңгімені жазуға тазы тұқымды ит Оқжетпес шабыттандырды. Жазушы иттердің осы тұқымына деген махаббаты мен құрметін кітап кейіпкерлері – Досжан қария және оның немересі Бақытбек арқылы жеткізді.

Оглавление

Джан Амании. Оқжетпес

Ана бүркіт Өткіркөз

Досжан ата және оның оқиғасы

Оқжетпес

Отрывок из книги

Аспанда ана бүркіт қалықтап жүр. Күн сайын ауыл тұрғындары оған қарап, шақырайған күннен көздерін алақандарымен көлегейлеп, жоғарыға зер салатын. Қандай жағдай болса да ана бүркіттің қалқып ұшуы олардың ойларын тыныштандырады, ал адамдар қорғанышты сезінгендей өз істеріне оралады. Қанша жыл өтсе де ана бүркіт ауылдың үстінен күн сайын қалықтап жүретін.

Ақсақалдар ертеде осы ауылда даңқты әйел тұрғанын сөз етеді: оның мінезі момын, көздері мейірімге толы, шашы ұзын болған. Ол таңертең шаштарын өріп, ал түстен кейін оның жалғыз ұлы бұрымын әшекейлеген сыңғырлаған шаш- бауымен ойнайтын. Сәби анасының иығында ұйықтағанды жақсы көретін және оның ұйқыға берілгені соншалық балалардың айқайы да, иттердің үргені де баланы оята алмайтын. Әйел ұлын ерекше әлпештейтін. Алайда бір күні ол жоғалып кетті.

.....

Ол кезде жас болдым, пысық, білімқұмар едім. Мен тау көліне барып, құстарды тыңдап әрі ауасымен тыныстағым келді. Итім Алапарды шақырып, атқа мініп, тау соқпағымен жоғары тарттым. Менің көзіме күн сәулесінің төгілгені соншалық, қалпағыммен тасалауға тура келетін. Қалпағымды көзіме түсіріп, оның астынан жолға қарадым, ал Алапар болса қасымда жүгіріп жүрді, мені қалдырмады… Кенет ол қатты қобалжып, қыңсылай бастады. Содан соң күн бұлттар арасында ғайып болды, мен өзімді жайсыз сезіндім, ал жылқым болса қатты кісінеп жіберді… Айнала лезде қараңғыланды…

«Жаңбыр жауайын деді ме», – деп ойлай бергенде жоғарыда бірдеңенің ұшып бара жатқанын естідім. Қанаттарын қатты соғып, жақындай түсті… Мен асығуым керек екенін түсіндім. Ауыздықты тарттым, атым шаба жөнелді. «Менің итім жақын жерде, оның жанында онша қорықпаймын», – деп ойладым.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Оқжетпес
Подняться наверх