Читать книгу Қызыл Бәтіңкенің басынан кешкендері - Джан Амании - Страница 1

Қызыл Бәтіңкенің
басынан кешкендері

Оглавление

Кішігірім ғана аяқ киімдер қалашығында екі ағайынды бәтіңке өмір сүріпті. Оң Бәтіңке және Сол Бәтіңке. Олардың түсі қып қызыл екен.


 

Бəтіңкелердің қожайыны Диас атты балақай екен. Ол көбіне Оң Бəтіңкені барынша күтіп ұстапты. Сол Бəтіңкені көп елей бермейді екен.

Сол Бəтіңке үнемі өкпелеп қала береді. Ол: «Қожайыннан қашып кетем бір күні. Ол мен туралы тіпті ойламайды. Күтіп-баптап, тазаламайды… Тіпті ит екеш ит Ақтөс пен ерке мысық Сырбаз да маған күн көрсетпейді. Мені тістелеп, қажап, мазамды алады.

Осы дұрыс па?.. Не жазығым бар?», – деп ренжиді.

«Болды! Енді төзе алмаймын! Кетем!. », – деп, Сол Бəтіңке бір күні үйден шығып кетеді.


Ол көптеген аяқ киім жұптарын көріп таңданып келеді: біреулері сəндене басып, маңғазданып жүр. Енді біреулері секіріп немесе ойнақтай басып келеді. Кім жоқ дейсіз?! Əдемі былғары Бəтіңкелер мен сүйкімді Туфлилер. Сəнқой Балеткалар, Спорт Кроссовкалары мен жеңіл резеңке аяқ киімдер… Түстері де сан алуан: қара, ақ, қызыл сары, көк, күлгін… Əртүрлі өлшемде, қалағаныңыз табылады!

Қызыл Бәтіңкенің басынан кешкендері

Подняться наверх