Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер
Автор книги: id книги: 1048415     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 100 руб.     (1,09$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Политика, политология Правообладатель и/или издательство: Фонд "Аспандау" Дата публикации, год издания: 2014 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-80330-0-1 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 12+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

2011 жылдың мамырында Vox Populi баспасы Қ.И. Нұровтың «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының 2-ші басылымын шығарды. Монографияның мазмұны – Қазақстанның тарихи мұрасы және оның модернизацияға қабілеті жөніндегі этнографиялық зерттеу. Кітап бұл сауалдарға жауап береді және қазақтардың этникалық мінезі негізінде барлық қазақстандықтардың ұлттық (жалпыазаматтық) миссиясын қояды – ақпараттық қоғамның үлгісі болу. Тұтастай алғанда, қоғамның талғамына ұсынылып отырған монография барлық халықаралық ғылыми талаптарға жауап береді, Қазақстанның модернизациясына бағытталған және өз елінің тарихы мен болашағына жаны ашитын ойлы оқырманға қызық болар.

Оглавление

Канат Нуров. Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер

Қанат Ильяұлы Нұров. Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер

Қанат Нұровтың кітабына алғысөз

Еркін тарихшы еркін емес тарих жөнінде

«Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының екінші басылымына автордың кіріспесі

Автордан

Кіріспе

Бірінші тарау. ДӘСТҮРЛІ ҚҰРЫЛЫМ: ПРОБЛЕМА ЖӘНЕ ТӘСІЛНАМА

Екінші тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰРЫЛЫМЫ

Бірінші БӨЛІМ. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының шығу тегі

Екінші БӨЛІМ. Қазақстан дәстүрлі құрылымының мәні

Үшіншi тарау. XIX – ХХ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ДӘСТҮРЛІ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ДЕФОРМАЦИЯСЫ

Бірінші бөлiм. ХIХ ғасырдағы Қазақстанның дәстүрлi құрылымының трансформациясы

Екінші бөлім. ХХ ғасырдағы Қазақстан дәстүрлі құрылымының деформациясы

Төртінші тарау. XX–XXI ғасырлардың шекарасындағы Қазақстан дәстүрлі құрылымының модернизациясы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі

Қосымшалар

Т.ғ.д., профессор Ж.Б. Абылқожин. Қ.И. Нұровтың «Ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының қолжазбасына пікір

Т.ғ.д. профессор А.Т. Төлеубаев. Қ.И. Нұровтың «Казакстан: ұлттық идея мен дәстүрлер» кітабінің қолжазбасына рецензия

Қолайлы әмбебаптық – бұл кімнің философиясы?

Мақалалар мен сұхбаттар

Ұлттық идея: ұлттық бірлік мәселесіне байланысты

Қазақтардың жеке тұлғалық ашықтығы – дәстүр мен қазіргі заман арасындағы көпір

Казакстан: ұлттық идея және «Алаш» одағының дәстүрлері

Джон Мэннің «Шыңғысхан көсемшілігінің құпиялары» кітабына баспагердің алғысөзі

Отрывок из книги

2011 жылдың мамырында Vox Populi баспасы Қ.И. Нұровтың «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының 2-ші басылымын шығарды. Автор ғылыми негізде жеке тұлғалық ашықтықтың ежелгі қазақ дәстүрлерін модернизациялаудың ұлттық идеясы жөнінде өзінің жеке пікірін әйгілейді. Монографияның мазмұны – Қазақстанның тарихи мұрасы және оның модернизацияға қабілеті жөніндегі этнографиялық зерттеу. Қазақтардың тарихы көптеген құпиялар мен жұмбақтарға толы. «Қазақ» сөзінің мағынасы және жүздердің үлкендік бойынша бөлінуі жөнінде қызу пікірталастар өтіп жатыр. Кітап бұл сауалдарға жауап береді және қазақтардың этникалық мінезі негізінде барлық қазақстандықтардың ұлттық (жалпыазаматтық) миссиясын қояды – ақпараттық қоғамның үлгісі болу. Қазақ Идеясы Қазақстан ұлтын тек қана индустриалды емес, қауышу мәдениетінің ақпараттық деңгейіне көтереді. Онда «қазақ» және «қазақстандық» ұғымдары біржолата теңеледі. Сонымен бірге, далалық еркіндіктің төлтума дәстүрлері және Қазақстанда болашақта дамитын ашық азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет арасында ұқсастықтар тізбегі ұсынылады.

Жұмысты оның дау-дамай тудыратын өткір стилі де дараландырады (автордың өзінің ертедегі кейбір идеяларын қайта қарауы, 1995 жылға 30-шы жылдар стиліндегі зірк-зірк еткен тас-талқан рецензия, т.ғ.д. Абылхожина Ж.Б. және т.ғ.д. Толеубаева А.Т. сияқты қазіргі рецензенттердің салмақты ғылыми бағалаулары). Сондықтан бұл кітап бірінші басылымында болсын, екінші басылымында болсын, қоғамдық санада түрлі пікірлер тудырды, оны қостайтын да және оған қарсы шығатын адамдар да табылды:

.....

Тағы бір түсініксіз нәрсе, Юдин «монголдан бұрынғы уақытта қайнаркөздерде казак сөзі әзірше тіркелмеген» (144 б.) деген тұжырымынан таймаса да, Порфирородный (Х ғ.) мен Фирдоусидің (ХI ғ.) «Қазақия» және «казак хандары» жөніндегі жалпыға белгілі мәліметтеріне еш комментарий бермейді. Мүмкін, оның осындай үзілді-кесілді пікірі тек түркі тілдегі қайнаркөздерді оқығаннан туындаған шығар.

Парсы және түркі қайнаркөздері жөніндегі мақаласында Юдин «тек қана Абулхаир ханның емес, одан бұрынғы Урус ханның бодандары да көшпелі өзбек болғанын» (с.45) және «Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясының аумағында хан болғандары (с. 47)» жөнінде анық айтады. Егер бұл хандардың шейбандар қайнаркөздеріне Абулхаирге бағыныштылар қатарында аталмайтынын ескерсек, Өзбек ханның көшпелі өзбектерінің өзбектерден гөрі қазаққа жақындығы жөнінде ғана емес, сонымен бірге, қазақ хандарының көшпелі өзбек мемлекетінде дербес болғанына көз жеткіземіз. Міне, осының бәрі Юдин сияқты беделді ғалымның аузымен казақ халқының әлгі хандардың Могулистанға көшуінен, ең кемінде, жүз жыл бұрын құрылғанын растайды. Жәнібек пен Керейдің Абулхаир империясынан бөлінуі көшпелі өзбектердің көшпелі казактарға (қазақтарға) айналуының ақыры еді.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер
Подняться наверх