Читать книгу Қаракерей Қабанбай - Кəрібай Таңатарұлы - Страница 1
ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ
ОглавлениеКƏРІБАЙ ТАҢАТАРҰЛЫ
(1866–1932)
1896 жылы шілдеде Көктұмада өткен Қаракерей түселінде (съезінде) Қабанбайдың төртінші ұрпағы Сүлеймен бастаған он екі бидің алдында түсел үйде айтқан өлеңі. 1951 жылы Құнапия Кəрібайұлынан көшіріліп алынған.
Билеген қазақ халқын хан Абылай,
Ешбірін жат көрмеген дара Абылай.
Ерлердің ел басқарған соңына еріп,
Ұйыған сары уыздай қазағым-ай!
Сайыста қажымаған серіктері,
Ұрқына мұра болған ер істері.
Жоңғардың шапқыншылық ылаңында,
Шайқасы Азияда өрістеді.
Қолбасы ер Қабанбай ту ұстаған,
Қайраты қаһарланса құрыштаған.
Үш жүздің бəр батырын ұйыстырып,
Маңына хас дұшпанын жуытпаған.
Жауға қатал, досына мейірлі боп,
Кейітіп халық көңілін суытпаған.
Қасына ер Бөгенбай, Барақты алып,
Болғаны елге қорған Алашқа анық.
Бердіқожа, Қасабай, Жантай батыр,
Қосылған ер Жəнібек талаптанып.
Ер Қасым, Баймұрат пен Райымбек,
Болғаны оған серік қазаққа анық.
Қосай, Тама, ер Шөрек, Малайсары,
Атын тізіп атайын санаққа алып.
Уəлі болар істі абайлайтын,
Ерекше атап өтем Бармақты алып.
Еспенбет, батыр Жаман, Орақбай ер,
Шын құрыш қайтпай-тұғын болаттай ер.
Ақпантай, Еспенбет пен батыр Тентек,
Атойлап жауға шапқан құлаштап ер.
Шағалақ, ақын Сұртай, Бұхар жырау,
Тайсалмай хан алдында берген сынау.