Читать книгу Орақ науқаны - Ілияс Жансүгіров - Страница 1
Орақ науқаны
ОглавлениеКүн шыжып, жалпақ егін кетті пісіп,
Ораққа жан жабырлап жатыр түсіп,
Қым-қиғаш қыруар жұрт орып жатыр,
Жел шықса, күн бұлттанса зәресі ұшып.
Шоқпардай cap тары тұр басын иіп,
Көрінбес ат құлағы тоғай биік.
Судырлап теңселеді, сұлу сұлы,
Сумаңдап сылдырлаған суды сүйіп.
Шалғыны шыңғырлатып жанып-жанып,
Жоңқабай жоңышқаға қалды салып.
«Әлінің кеуір қырған зүлперіндей»,
Үйіріп қырып-жойып кетгі жарып.