Читать книгу Тас шешей - Ілияс Жансүгіров - Страница 1
Тас шешей
ОглавлениеЖын қаққандай долданып,
Су жұлқына соғады.
Салдыр-гүлдір күркіреп,
Судан боран борады.
Қалбақтап қалақ бұлқынса,
Бұрқақтайды бораны.
Тас сырылдап айналып,
Бірін-бірі жонады.
Тас ұршықтың тесігі
Мамадан бидай сорады.