Читать книгу Қазақ қызы - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Қазақ қызы

Оглавление

Маужырап тау, күн күліп,

Албырап аспан нұрлы көк.

Маужырап қыр, жер жусап,

Баяулай соқса жел жібек.

Қырмызы жалау желбіреп,

Өктем-өктем басқан топ,

Октябрь тойы болды топ,

Он бір жыл оған толды деп,

Жамырап дуду қалың көп.

Сол дүбірдің ішінде

Топтанған әйел бір бөлек.

Қаймақы қабақ қара қыз,


Қазақ қызы

Подняться наверх