Читать книгу Жас жалшыға - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Жас жалшыға

Оглавление

Туғанда алғаш анаңнан,

Балапан едің ақ үрпік.

Құндағың тері, саламнан,

Жеткіншек едің жез кірпік.

Әкең қойшы, шешең күң,

Жылы орны да жоқ еді.

Қазан жалап сен үшін,

Әйтеуір анаң «тоқ» еді.

Азаппен жиған ақ сүтін

Мезгіл-мезгіл сорушы ең,

Жұмыста анаң, жоқ күтім,

Өксікпен өкпе соғушы ең.

Шөп төсекпен шығысып,

Денең тастай шираған;

Күн қағып, жел жеп, отқа ысып,

Бейнеттен күш жинаған.


Жас жалшыға

Подняться наверх