Читать книгу Көші-қон - Ілияс Жансүгіров - Страница 1
Көші-қон
ОглавлениеБуалдыр бұлт ыдырап,
Сүңгілі су сылдырап,
Сабылған сабыр кепкенде;.
Бөртіп бұта бүрленіп,
Төлдеп түлік түрленіп,
Көгерші гүл төккенде
Ел қыстаудан көшеді.
Аспанды тандақ таң сөгіп,
Қырға қызыл нұр төгіп,
Түн түнегі кеткенде;
Қойшылары қобырап,
Қой-қозысы маңырап,
Ауыл даң-дұң еткенде
Үй байлауын шешеді.