Читать книгу Әнші - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Әнші

Оглавление

Арғынмын, атым Әсет арындаған,

Арындап ән сала ма дарымаған?

Аспанның аясында ән шалқытқан,

Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған.

Көмекей көк қапысын әнмен ашса,

Төгіліп меруерт, маржан сауылдаған.

Тұлпармын, топтан озған, тосырқаман,

Шаршы топ, шаршы ерім жоқ шабылмаған.

Жорғамын, жұрттан озған, жортарманмын,

Майдамын, майда желіс мамырлаған.

Жұртымның аса топыр жиынында

Бүгінгі ән адыра қалсын салынбаған!..

Тауықпын, тары тердім Найман шалдан,

Найман ел – айы туған маңдайшадан.

Үйректей, қаздай қалқып жүрмін жүзіп,

Көл елде, көп жұртымда қыдыр шалған.


Әнші

Подняться наверх