Читать книгу Қыс - Ілияс Жансүгіров - Страница 1

Қыс

Оглавление

Қыс, қар, мұз, қырау, қылау – жерді көміп,

Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,

Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,

Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп.

Кейде аяз, кейде бұрқақ, кейде қырбақ,

Кейде еркек, кейде күрпік, кейде сырғақ,

Жер тарпып, аспанды аршып алтын күрек,

Сапырар сұрапылды кейде бір уақ.

Ойда омбы, дөңде қағыл қырдың қары,

Жылмық, мұздақ болса – қырғындағы.


Қыс

Подняться наверх