Читать книгу Жауға түскен жанға - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

ЖАУҒА ТҮСКЕН ЖАНҒА

Оглавление

(М. Д-ға хат)

Дамыл көрмей ерте-кеш,

Жұрттың қамын көп жедің.

Байладың белді, салып күш,

Тыныштық жүзін көрмедің.


Жағаластың жауменен,

«Бермеймін жұртым, жаным»,– деп.

Алыспақ болдың тауменен,

«Жұрт үшін төгем қаным»,– деп.


«Оян!– дедің жұртыңа,–

Бас көтеріп, тірлік қыл!»

Ақыл айттың ұлтыңа:

«Таста талас, бірлік қыл!»


Бір шешпедің беліңді,

Жұрт үшін уайым-қайғы жеп,

Сақтамақ болып еліңді:

«Қара күн алда, бекін»,– деп.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Жауға түскен жанға

Подняться наверх