Читать книгу Алыстағы бауырыма - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЫМА

Оглавление

Алыста ауыр азап шеккен бауырым,

Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым.

Қамаған қалың жаудың ортасында

Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.


Алдыңды ауыр қайғы жапқан бауырым,

Өміріңше жапа шеккен жаттан бауырым.

Түксиген, жүрегі тас жауыз жандар

Тірідей терің тонап жатқан бауырым.


Япырмай, емес пе еді алтын Алтай

Анамыз бізді тапқан, асау тайдай.

Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ,

Жүзіміз емес пе еді жарқын Айдай?!


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Алыстағы бауырыма

Подняться наверх