Читать книгу Бесік жыры - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

БЕСІК ЖЫРЫ

Оглавление

Күнім, айым,

Еркетайым,

                    Бөлейін енді.

Тыста дауыл,

Жатқан ауыл,

                    Ұйқың да келді.


Жұмсақ бесік,

Жылы төсек,

                    Жата ғой, қозым.

Әлди, бөпем,

Әлди, бөпем,

                    Ұйықта, жұм көзің.


Құлыншақтар,

Қозы, лақтар –

                    Бәрі де ұйқыда.

Сен – жұлдызым,

Сен – көз нұрым,

                    Кір тәтті ұйқыға.


Сая жаным,

Балапаным,

                    Соқсын дауыл, жел,

Болма алаң,

Сүйген анаң

                    Сақтар, анық біл.


Бәу-бәу, бөпем,

Бәу-бәу, бөпем,


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Бесік жыры

Подняться наверх