Читать книгу Батқан күн, атқан таңның жыры - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

БАТҚАН КҮН, АТҚАН ТАҢНЫҢ ЖЫРЫ

Оглавление

Алтын күн батып барады,

Күйдіріп көктің жиегін.

Құралай көзді қарағым,

Болдың ба иіріп жібегің?


Құралай көзді қарағым,

Қолыңа қардай бәтесті ал.

Қандай қызыл жібекпен

Ақ бәтеске өрнек сал.


Алтын Күн батып барады,

Алтын Күн ақырын өледі.

Сұр бұлттар – сорлы жар,

Қан жылап күнді көмеді.


Күн өлді. Көк күңіренді.

Жер жамылды қарасын.

Құралай көзді қарағым,

Кестеңді қашан боласың?


Сондай сұлу сәулетай,

Бір қарашы. Аңсадым.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Батқан күн, атқан таңның жыры

Подняться наверх