Читать книгу Ескендірдің екі мүйізі - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

ЕСКЕНДІРДІҢ ЕКІ МҮЙІЗІ

Оглавление

Болсаң да жалғыз жапанда,

Сырыңа, құрбым, берік бол!

Күбірлесе-ақ ауызың,

Әкетер қағып жүйрік жел.


Ертегі ерте күндерде

Ескендір атты хан болған.

Бесіктен көрге кіргенше,

Көргені қызыл қан болған.


Заманында Ескендір

Жеті ықылымды билеген.

Асқан алып, киелі,

Түссе де отқа күймеген.


Ескендірдей алыптар

Дүниеге енді туа ма?

Алып адам денесін

Сынап-мінеп бола ма?


Ескендірдің басында

Екі мүйіз болыпты.

Екі мүйізді екенін

Ол жасырып жүріпті.


Ескендірдің басында

Екі мүйіз – нысана!

Жабайы жұртқа көрсетсе,

Қасиеті қала ма?


Қос мүйізін жасырып,


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Ескендірдің екі мүйізі

Подняться наверх