Читать книгу Күзді күні - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

КҮЗДІ КҮНІ

Оглавление

«Есіл жазым өтті,– деп,–

Бәйшешегім кетті!» – деп,

Санадан жүз сарғайып,

Қасіреті мол жас зайып

Қараңғы ұзын түндерде

Үстіне қара жамылып,

                    Күрсініп жер жылайды.


Бұзылып түсі аспан-көк,

Ашулы ауыр үһілеп,

Бүркеніп сұр бұлттар,

Жүрегі жара алыс жар

Қайғы басып, қиналып,

Жерге қарап, жарына

                    Көзінің жасын бұлайды.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Күзді күні

Подняться наверх