Читать книгу Жылқышы - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

ЖЫЛҚЫШЫ

Оглавление

Бораны – бөрі ұлып тұр,

Төбеттей тынбай үріп тұр,

                    Сын тағылды қаңтарға.

Аман ба екен жылқышы,

Аман ба екен жылқысы,

                    Малға барған жан бар ма?


Түтінді жерге тығатын,

Түкіріктен түйме тағатын

                    Аяз мынау шатынаған.

Хабар бар ма, мал қалай,

Малдағы жалғыз жан қалай,

                    Адам бар ма қатынаған?


Боран мынау қабандай

Арсылдаған шаба алмай,

                    Түбі қайыр болса игі.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Жылқышы

Подняться наверх