Читать книгу Қарындастар - Мағжан Жұмабаев - Страница 1
ҚАРЫНДАСТАР
Оглавление1. ҮЙДЕГІ ҮНСІЗ ҚАРЫНДАС
Қарындасым, салмақтым –
Қорғасын құйған асықтай.
Был-сылқ етіп басқаны –
Молдалар жазған машықтай.
«Шүкір» деп шапшаң айтпайсың,
«Үш-ш-ш» дейсің асықпай.
Жуырда жауап бермейсің,
Жігерді жүн ғып жасытпай.
Берсең жауап балбырап,
Су татыған жасықтай.
Күңіренгенің – күлгенің,
Көздің жасы білгенің,
Ашуды у ғып ашытпай.
Қайтейін сені, бауырым,
Тым тұйық, бұйық баласың.
Әкеңменен қол соғып,
Алады-ау сатып сасық бай.
2. БҰЛҚЫНЫП, БҰҒАУ ҮЗГЕН ҚАРЫНДАС
Қорғасын құйған сақадай –
Сәулем менің салмақты.
Салыстырсам салмағын –
Қала қызы қаңбақ-ты…
Менің бауырым сызылып,
Сәнденуші еді салмақты…
Сол салмағы сор болып,
Таласта талай қор қылып,
Тістетіп еді бармақты.
Сол бауырым бұл күнде
Құр салмақпен қалмапты.
Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу