Читать книгу Шойын жол - Мағжан Жұмабаев - Страница 1
ШОЙЫН ЖОЛ
ОглавлениеБір қаладан шығарып,
Азғантай елді қақ жарып,
Шойын жол сала бастап ед.
Өтіп кетті талай жыл,
Бітті ме екен сонау жол?
Пұл жетпей баста тастап ед.
Өтінішім, інішек,
Сол жаққа барсаң несіп боп,
Елге де барып қайтқайсың.
Басқан анау жол жайын,
Басылған анау ел жайын,
Әдейі көріп, айтқайсың.
Қаншама пұл төгіліп,
Неше мың жан жегіліп,
Бастаған жол бітіп пе?
Қара айғыры ырсылдап,
Қара қабан қорсылдап,
Елді басып өтіп пе?
Солқылдатып белдерін,
Толқындатып көлдерін,
Ұшқын бүркіп кетіп пе?
Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу