Читать книгу Жаралы жан - Мағжан Жұмабаев - Страница 1
ЖАРАЛЫ ЖАН
ОглавлениеСар дала бейне өлік сұлап жатқан,
Кебіндей ақ селеулер бетін жапқан.
Тау да жоқ, орман да жоқ, өзен де жоқ,
Сәуле емес, қан шашып тұр күні батқан.
Жалқау жел өзін-өзі зорға сүйреп,
Жан-жақты жүргендей-ақ жындар билеп.
Ың-жың дауыс келеді құлағыма,
Перілер ән салысып, тұр ма күйлеп?..
Жаралы бір жан жатыр құба жонда,
Бір қисық жалғыз аяқ сүрлеу жолда.
Пернесі, нұры кеткен көзіменен
Қарайды бейшара жан оңға, солға.
Қысылған сорлы адамның шыбын жаны,
Шапшып тұр жүрегінен ыстық қаны.
Ішті өртеп, жүректі елжіретед
Күңіреніп сол сорлының сарнағаны:
«Ойпырым-ай, Алла-ай, Жасаған,
Қысылды ғой шыбын жан!
Қуат кеміп барады,
Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу