Читать книгу Берниязға - Мағжан Жұмабаев - Страница 1
БЕРНИЯЗҒА
Оглавление…Ұлан өлді батып қанға,
Тыныштық тапты асау жан да.
Өмір – дала, ақын – бала қаңғырған,
Жан сусынын көз жасымен қандырған.
Ақын – бөбек, өмір – көбік, тылсым-ды
Ойнап, арбап, бөбекті естен тандырған.
Күңіренеді кеңес айтып қария,
Әлдеқайда жер шетінде дария:
Тұңғиықтың түбі толған тамаша,
Дарияның сыры жоқ қой жария.
Дарияның астында – алпыс ақ отау,
Ақ отаулар алтын уық, жібек бау.
Отау сайын судай сұлу толқын шаш,
Толқын тербеп: «Әлди, әлди!» – дейді бау.
Әлди, әлди, тербеледі ордалар,
Ордаларда өңшең сұлу ән салар.
Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу