Читать книгу Еслам қазасына көңіл айту - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

ЕСЛАМ ҚАЗАСЫНА КӨҢІЛ АЙТУ

Оглавление

Сонау Еслам үздік туған бала екен,

Байтақ елге асқар таудай пана екен.

Сол панадан, сол баладан айрылып,

Жалпақ Жауар1 жүрегінде жара екен.


Көлі кетіп, шөлге айналса – жер жетім,

Ері кетіп, шер байланса – ел жетім.

Білдім анық жастың үздік туғанын,

Көрмесем де, көргеннен соң ел шетін.


Білдім жастың асып туған бағасын,

Жас та болса, байтақ елге ағасын.

Қалың Жауар үстіндегі қамқаның

Тағдыр тартып жыртқан екен жағасын.


Есін жия ел деп құлаш сермепті,

Ағайынның бірін де жат көрмепті.

Ер азамат бір нақақтан қысылса,


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу

1

Жауар – Қарауыл руының бір атасы.

Еслам қазасына көңіл айту

Подняться наверх