Читать книгу Түн еді - Мағжан Жұмабаев - Страница 1
ТҮН ЕДІ
ОглавлениеТүн еді. Көкте қаптап бұлт тұрды,
Жел жылап, долы дауыл ұлып тұрды.
Секіріп сары шаш шайтан, жындар билеп,
Әлдекім сылқ-сылқ қана күліп тұрды.
Жапан түз, отсыз, сусыз бетпақ шөлде,
Жын-шайтан мекен еткен тағы жерде
Жас бала. Жолдасым жоқ, жапа-жалғыз
Мен келе жаттым батып қанды терге.
Көзімнен жас ақпады – қандар ақты,
Табанды тілгіледі тастар қатты.
Қарқылдап қиқу салып қарға-құзғын,
Жалпылдап жүрегімді шоқып жатты.
Шашымды жұлды әлдекім талдап-талдап,
Ыстық жас домалады көзден парлап.
Есіркеген жалғыз жан болды ма? Жоқ!
Жыладым жапан түзде жалғыз зарлап.
Әлдекім: «Тәйт! Шығарма үнің!– деді,–
Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу