Читать книгу Бернияз Күлеев - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

БЕРНИЯЗ КҮЛЕЕВ

Оглавление

29 январьда Қазанда жас ақынымыз Бернияз Күлеев өзін-өзі атып, дүниеден қайтты. Жиырма-ақ жаста екен.

Бернияз Ақтөбе уезіне қарайтын Кіші жүз Әлім руынан. 11 жасына шейін үйінде молдадан сабақ оқыған. 11–12-де Томаркөл болыстық школында оқыған. Туған әкесі Бекен ол школдан алып, Ақтөбе гимназиясына берсе де, шығынын ауырсынып, қайтып алып, Бөрте болысындағы екі класты школға кіргізген. Бұл школды бітірген соң Бернияз 16 жылы Орынборға барып, даярланып, 17 жылы учительский школға түскен. Апалаң-топалаң заман тәртіпті ғылым алуға ырық бермей, онда бір-ақ жыл оқып, жас бала жеке тұрмысқа, әлеумет ісіне кіріп кетеді. 18 жылы Торғайдың облыстық комитетіне мүше болады. 20 жылы «Ұшқын» газетінің бір жазушысы болады. 21 жылдан былай қарай Қазақстан елді ағарту комиссариаты қызметімен Орынбор жаққа анда-санда аз уақытқа келіп-кеткені болмаса, ылғи Қазанда болады. Сол Қазанда қайтыс болып отыр.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Бернияз Күлеев

Подняться наверх