Читать книгу Әбубәкір ақсақал Дибаев - Мағжан Жұмабаев - Страница 1

ӘБУБӘКІР АҚСАҚАЛ ДИБАЕВ

Оглавление

Елге еңбегін сіңірген ер қымбат. Ердің елге бағасы қаны бір болуда емес, жаны бір болуда; қуаныш-қайғысы ортақ болуда. Ердің бағасы елге еткен еңбегінің зор яки кішілігінде емес, ел деген жүрегінің таза болуында; тілегінің елмен ортақ болуында; ер өмірінің өрі мен көрі ел өмірінің өрі-көрімен бір болуыңда.

Әбубәкір ақсақал – қазақ-қырғыз елімен қаны дәл бір болмаса да, жанын бір қылып, шамасы келгенше еңбек қылған адам. Қырық жыл бойына арымай, жапанда жатқан қазақ-қырғыз елін шет жұртқа танытқан адам; қырық жыл қазақ-қырғыз елімен қуаныш-қайғысын ортақ қылған адам.

Әбубәкір ақсақал қазақ-қырғыз елімен қаны дәл бір болмағанымен, түбі бір түрік баласы, қазақ-қырғыз бір бауыры – башқұрт тұқымынан. Ата мекені – Үпі губерна сы. Істерлі тамақ уезі. Тоқай ауылы. Өзі Орынбор қаласында 1855 жылы туған. Жасынан орысша оқып, Орынбордағы кадет ский корпусты бітіріп шыққан соң, жиырма жасында әскерлік қызметімен Түркістанға келген. Бірер жылдан соң әскерлік қызметінен босанып, Сырдария облысы губернаторының кеңсесіне тілмаш болып кірген. Ол күнде Сырдарияның губернаторы Гродеков деген адам екен. Бұл – қазақ-қырғыз елін орыс үкіметіне әбден бағындырып, ноқталап алу үшін қазақ-қырғыз елінің жайын, күйін бұзық оймен тексеріп жазып жүрген орыстың шенқұмар бір тө ресі. Өмірде себепсіз іс болмайды. Әбубәкірдің қазақ-қырғыз елінің жайын тексеруге кірісіп кетуіне сол Гродековтің бұзық оймен болса да осындай жолда жүруі, Губернатор кеңсесіне келген соң Әбубәкірдің қазақ-қырғыз елімен араласа бастауы һәм өзінің тұрмысы қазақ-қырғызға жақын башқұрт баласы болуы себеп болған.


Конец ознакомительного фрагмента. Купить книгу
Әбубәкір ақсақал Дибаев

Подняться наверх