Читать книгу БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! ШЕКСІЗ СЕНІМДІЛІК - Нарша Булгакбаев - Страница 1

Оглавление

МЕН КІММІН ?


Данышпан адамдар өзін тану үшін осы сұрақты өзіне жиі қойған, бірақ сол сұраққа жауап табу үшін олар көп жылдар бойы «Мен Кіммін?» деп жалғыздықта өмірін өткізіп, дүниеден толық бас тартқан. Менің ойымша бұлай жасаудың қажеті жоқ және менің көзім жеткеніндей жауап бар, ол міндетті түрде табылады. Оны сырттан да, іштен де іздеу керек, бірақ ең алдымен маған бұл сұрақтың жауабын ішкі түйсік (бейсана) берді, себебі мен оған осы сұрақты тоқтаусыз қоя беретінмін, және өзім қалаған емес («Мен жазылуға лайықты емеспін», «Менің шаруам осымен бітті», «Мен жеңілдім»), Құдай қалаған жауапты алдым: «Сен жазылуға лайықтысың!», «Сен бәріне де дәлелдейсің!», «Сен жеңіп шығасың!»


Алланың сізге сәлемі болсын, рақымы мен берекеті жаусын. Алланың атымен бастайын!


Менің есімім Нарша, қазақпын! Мамандығым – жалпы тәжірибелі әуесқоймын (өзімді солай санаймын), жоғарғы білімім жоқ. Бірақ оқығым келмегендіктен емес, «Жаман Ауруға» шалдыққандықтан, ЖОО (-ны) тоқтатуға мәжбүр болдым. 5 жыл бойы мен өте теріс, жағымсыз, негативті аурумен күресіп жүрмін, жеңетініме шексіз сенімдімін. Өйткені емделмейтін ауру жоқ. Ауру да жаралған оның емі де жаралған.


«Жаман Ауру» жайлы


Анам бірінші түс көреді, сосын мен бірнеше күннен кейін қатты ауырып жатып қаламын, содан кейін өмір өз бағытын түбегейлі өзгертеді, мен «Жаман Ауруға» шалдығамын (2017), содан кейін дәрігерлермен сандалу басталады, олардан ешқандай қайыр болмайды, одан кейін барлық нәрсеге қызығушылығым жоғалады. Мен бірнеше рет бір жерден екінші жерге көшіп, көптеген қиындықтарды бастан өткердім. Мен өмірдің қызығы туралы мүлдем ұмытып кеттім. Бірақ мен бес жыл бойы аспанға (потолокқа) жай қарап жатқан жоқпын. Әйтсе де қиын, ауыр кездер (күйзеліс, депрессия, агрессия) болған жоқ деп айта алмаймын.


Маған бәрібір жоғалтатын ештеңе жоқ еді. Мүмкін маған аз ғана өмір қалған шығар деп, қалған өміріміді жақындарыма арнауға, оларды бақытты етуге, қуантуға тырысып көрейін дедім, бірақ болмады, мен басқаларға бақыт сезімін бере алмадым, олар (ата-анам) керісінше менен де қатты күйзеліске түсті. Бірақ мен содан кейін ең маңызды нәрсені түсіндім: ең әуелі өзімді бақытты етпей, басқаларды бақытты ете алмайтынымды түсіндім. Мен ең бірінші өзімді бақытты етпестен, басқаларға ешқандай пайдам да керегім де жоқ екенін сезіндім. Мен ең бірінші өзімді бақытты етпестен, аурумен күреспестен, басқаларға ешқандай пайда келтіре алмайынымды білдім. Жалпы адам «жаман» не «ауру» болса, ол адамның ешкімге керегі жоқ екенін де байқадым.


Мұқтаждықтан ауру түрлеріне, жалпы медицинаға байланысты көбірек білгім келетін. Аурумен күресу үшін уақыт пен еңбек қажет екені мен үшін белгілі болды, оған дейін мен уақыт проблемасы мен сол еңбекке деген мотивацияны, сенім мен үміт, әрекет ету мәселелерін шеше алмайтынмын.


Бірінші жылдары төселу, бейімделу маған оңай болған жоқ, бірақ әрі қарай өзімді өзгертумен, Алланың қалауымен күресуді үйреніп, меңгеріп, игеріп кеттім. (Құдайға шүкір) Дей тұрғанмен күресім әлі жалғасуда… Жалпы менің басты арман мақсатым кітапты жазып үлгеру болды.


Әкеден естіген ақылым күнделік жаз күнделікті сосын 20—30 жылда әсемдеп көркемдеп, сенің жеке өмірлік кітабың болады, Мен оған «оны онсызда екі иықтағы періштелер жазуда ғой» мен несіне әуре боламын дедім.


Басында «Одан да басқа іс табуға болады ғой», «Пайдасыз іс емес па?» «Қолымнан келмейді», «Денсаулығым жарамайды» деген ойлар болды. Одан кейін «Әйтеуір ермек қой зияны жоқ шығар», «Болмаса болмас, болса болар» деп ойладым. Бірақ мен көп іздендім, таптым, болдым.


Бір жыл өткеннен кейін кітап жаза бастадым, ауырғанға дейін де менде күнделігім болатын, бірақ аурумен күресу үшін (өзімді алдау үшін, ермек үшін емес) «Мен нақты кітап жазуға шешім қабылдадым». Менің ерікті (саналы) түрде айтқан алғашқы аффирмациям осы болатын.


Жүздеген адамдардан, кітаптардан үйде отырып-ақ ақыл-кеңес, шабыт, мотивация алдым. Сондықтан мен бұл кітаптың біреуге керек не пайдалы екеніне сенемін. Басқалар басқаша ойлауы мүмкін, себебі әр адамның сана деңгейі әр түрлі.


Көптеген онлайн аудио/видео курстар (сабақтар) мен кітаптар маған үлкен әсер етті. Олар мәтінді өздері құрастырады, оқиды, жазады. Ата-анаммен бірге олардың тұжырымдамаларын қалай тыңдап, талқылағанымыз әлі күнге дейін есімде. Біз естігендерімізден таңдануды тоқтатқан жоқпыз. Кітаптар мен аудио/видео курстар бізге ғаламның негізгі құпияларын ашты деп айта аламыз.


Жалпы алған пайдалы білімімнің барлығы менің жадымда мәңгі сақталды деп ойлаймын. Оның арқасында мен бақытты адам болуға көмектесетін ойлау тәсілін қалыптастырдым.


Көрінбей кеттің ғой


Көрінбейтін адам не өлі не жат саналады ғой. Менің әлі тірі екенімді көбісі ұмытып қалған да шығар, түрімді біраздан бері көрмегеннен кейін. Бірақ өзімнің басқалармен қарым-қатынас жасауға ниетім болмады. Мені достарымың бәрі де «Неге жоқ болып кетті?» деп ойлаған шығар! Достар менен қашқан жоқ, мен өзім ешкіммен араласқым келмеді, себебі сырт маған не бере алады, оған қоса осындай жағдайда, бәрін іштен іздеу керек еді. Мен қай жерден қателестім? Мен оны кімнен білемін? деген сұрақтардан бастадым.


Жалпы менің кітап жазудағы негізгі мақсатым: менің жасаған қателіктерімді ешкімнің қайталамағанын қалаймын. Осы уақытқа дейін мен және көпшілік адамдар жасап келген қателік – дұрыс қабылдамау (өзін, қоршаған ортаны, Құдайды) дұрыс ойланбау (немесе мүлдем ойлана алмау), дұрыс әрекет етпеу (яғни дұрыс таңдау жасап, дұрыс шешім қабылдамау), өзін-өзі дұрыс басқара алмау (нәпсісіне ие бола алмау) және өзін тура жолда алып жүре алмау (адасу мен шатасу).


Өзімнің ойым: кітап жалпы адамды ойлайдыра да, күлдіргі де, кейде жылата да білу керек. Сонда ол адам жүрегінен орын табады. Кітапты бір оқығаннан түсінбеуіңіз мүмкін, сондықтан кітапқа тағы бірнеше мүмкіндік беріп көріңіз. Адамға кітап көмектесу үшін оны қайта қайта оқу керек, себебі адам бейсанасына бір оқығаннан бәрі жазыла салмайды.


Бір танымал ойында айтқандай: Біз қараңғылықта әрекет етеміз, Жарыққа қызмет ету үшін. Мен бұл кітапты қараңғылықта да жаздым, жан жарығымен де жаздым. «Жеңдім» дейтін шексіз сенімділік бойымда бар, сондықтан ешкімнің де үміті үзілмесін, сенімі жоғалмасын.


Менің қазіргі денсаулық жағдайым әзірше күшті деп айта алмаймын, себебі мен әлі күресу үстіндемін. Бірақ «Рухани» жағдайым жақсы. Шүкір! Ақиқатқа Шексіз сенімдімін!


АРНАУ

Біріншіден, бұл кітапты мен өз өмірін жақсартқысы келетіндердің барлығына арнаймын. Себебі өз өмірін жақсартқысы келмейтін адам жоқ шығар деп ойлаймын. Өз өмірін жақсарту үшін шексіз сенімді болмай болмайды. Сенімділік барлық адамға қажет. Бұл сөздің тамыры сенім сөзінен өсіп шыққан. Жалпы сіз ойлауыңыз мүмкін «сенімі жоқ адам болмайды ғой, әйтеуір бір нәрсеге сенеді ғой» деп (өзіне, басқаға, өмірге, Құдайға, бір затқа), бірақ бұл жерде проблема сенімнің болу болмауында емес, оның дұрыс болмауында, оның ақиқатқа сай болмауында. Бұндай жағдайда шексіз сенімділік қалыптаспайды, оның орнына жалған өмір, «Құлдық Сана» мен тәуелділік қалыптасады. Бұл жай ғана қарапайым жамандық емес, сондықтан сізде бұл ауру бар болса, күлімсіреу арқылы ұялып бұл дерттен қашпай, оны емдеуіңіз керек. Бұл туралы сізге ешкім айтпайды. Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары (СМИ), телевизор (жаңалықтар, бағдарламалар, жарнамалар), дәрігерлер мен ата -аналардың жартысы сізге теріс, негативті, жағымсыз ақпараттың қауіптілгі мен «зияндылығы» туралы айтпауға тырысады, керісінше «Құлдық Сананың» жалған, өтірік пайдасы туралы насихаттайды. Әсіресе интернет пен әлеуметтік желіні қолдану кезінде мұны байқауға болады. Сіздің назарыңызды аудару үшін олар сізге Аудио-Визуалды миға шабуыл жасайды.


Сізді дүние алдап жатыр


Көптеген адамдар өз уақытын өлтіруді, босқа өткізуді, жаман әдеттерге тәуелді болуды, өз санасын шектеуді, зиянды ақпараттарды қабылдауды пайдалы және тіпті қажетті деп ойлайды, бірақ менде бұл логикалық негізсіз тұжырымдарды жоққа шығаратын көптеген дәлелдер бар.


Адамға құлшылық ететін адамдар бар. Көптеген адамдардың тіпті әркімнің десе де болады табынушылары, құлшылық етушілері (гик, фанат) бар. Олар көбінесе бай кәсіпкерлер, спорт немесе өнер жұлдыздары, өздерін солардың жанкүйері екенін (құлы екенін) ашық айтады. Сырт көзге олар солардың құлы сияқты көрінеді.

Киім киісі, жүріс тұрысы, тіпті шаш үлгілеріне дейін қайталайды. Олардың өмірін күнделікті бақылайды, қызықтайды және олардың істегенінің барлығын қайталайды. Бұл пайдасыз еліктеушілік пен тәуелділік дерті, бұдан да арылу керек.


Жалпы танымал адамдар (жұлдыздар), шіріген байлар репутациядан (абырой-беделінің) айрылуына, жеке басының, дүние мүлікінің қауіпсіздігіне қатты алаңдайды екен. Танымал адамдардың менің ойымша көбісі іштей емес тек сырттай ғана бақытты болып көрінетін сияқты Олардың (кәсіпкерлер, билік өкілдері, спорт және өнер жұлдыздары) көбісі өлім қаупінен қорқады, өзіне күш қолданылудан қорқады, ал кейбіреулер «мен ешнəрседен қорықпаймын» деп жария қылса да, ішкі күйзеліс (стресс) оларды жейтін сияқты. Себебі олар әрдайым махаббат (лайкер) пен ғадауатпен (хейтер) майдандасып, депрессия мен үрейде жүруі мүмкін. Негізінен олар жаман, теріс, негативті комментарийлар мен қоқан-лоққы (блеф) үркітеді деп қорқады.


Олар өздерін дәлелдеген тұлғалар ғой деп: «Біз олардың аяғының астында құрдай жорғалап жүруіміз керек, оларды қызғанып емес керісінше қызығып үйренуіміз керек, олардың бақыт пен сәттілік, жетістік пен жеңіс жолын білуіміз керек» деп қарсылық білдірерсіз, алайда олар осыншама бақ-нығметке, бақытқа қалай қол жеткізгендерін көбісі өздері де білмейді, себебі бұл тағдыр мәселесі. Сондықтан да оларға шексіз құл (фанат) болғаннан жақсылық табамын деп ойламай-ақ қойыңыз.


Тағы да бір Мысал: почтадағы Спамнан жақсылық табамын деп ойламай-ақ қойыңыз, сіз ол жаққа кірсеңіз «Жарнама» мен «Азғырудан» басқа ешнарсе таппайсыз. Пайдасыз, зиянды шындықты ғана табасыз. Сол сияқты көптеген сайттар да (жаңалық сайттар т.б.) мобильді қосымшалар, ойындар да әлеуметтік желілерде де дәл сондай жағдай. Бұл ақиқатты бәрі білуге тиіс. Жағымсыз, негативті, теріс шындық пайда бермейді, оң, жағымды, позитивті шындық пайда береді. Бұл ақиқатты да білуге тиіссіз.


Адам тек бір Аллаға ғана құл болып, бас ию шарт. Егер де шыныменен де бұл өмірде сәжде етуге лайықты адам болатын болса, мен соған лайықты біз көре, ести, байқай бермейтін «адамдар арасындағы періштелер»… Өзінен шәкірті озған «Ұстаздар», «Имани Ғалымдар», «Игі Жақсылар» жайлы айтар едім.


Менің көзқарасым – бақытты және жарқын өмір «Құлдық Сана» мен «Тәуелділікпен» үйлеспейді, өйткені бұл әрекеттер күшті психологиялық әдетке айналады. Біз білместіктен зардап шегетін басқа адамдарға бұл туралы білуге шын жүректен көмектескім келеді.


Бұл кітап – зиянды ақпараттардың салдарынан арылуға және өмір салтын жақсы жаққа қарай өзгертуге ұмтылатын адамдар үшін.


Күн сайын бізге проблемалары неде екенін интуитивті түрде болжайтын адамдар келеді, егер сіз біздің көзқарасымызды қолдайтын болсаңыз, онда сіз жолда бізбен бірге боласыз. Адамдар бұл зияндылықтың зияндылығы туралы білген сайын, айналамыздағы әлем таза болады, идеалды түрде «Құлдық санасыз» және «Тәуелділіксіз».


Адам бір-біріне құрметпен және өзара жанашырлықпен қарауды… т.б. пайдалы амалдарды әдетке айналдыру керек, сондықтан мен өз өмірінде зиянды әдеттерді, тәуелділікті және құлдық сананы қабылдамайтын әрбір адамға шынайы қуаныштымын.


Сіз кітаппен танысу үшін алдымен кітап мазмұнын яғни 3 бөлімді және әрқайсысына сай тақырыптарды қарап шығыңыз. Кіріспе жұмыс ретінде қарастырыңыз.


Кітаппен бірге болғыныңыз келгеніне рахмет. Сізге өмірдің әр сәтінде сәттілік тілеймін! Сіздің осы кітапты оқуға мүмкіндік алғаныңызға ризамын. Оған жұмсалған уақыт пен күш-қуат сізді көпшіліктен ерекшелендіреді (текке зая кетпейді). Сіз өзіңіздің шексіз әлеуеті бар жаныңызды зерттей отырып, сіз тек жетістікке жетіп қана қоймай, өзіңіз де (әзірше) білмейтін қабілеттеріңізді дамытып қана қоймай, өзгелерге көмектесуге және сізден үлгі алуға мүмкіндік беретін көптеген пайдалы әрі дәлелді ақпараттармен таныс боласыз.


Жалпы бақытты өмір сүргісі келмейтін адам жоқ деп ойлаймын. Әркім әрдайым өз өмірін жақсартқысы келеді, өмірі сол жақсыға (деңгей-дәреже) жеткеннен кейін одан сайын жақсартқысы келеді. Түпкі мақсаты бір болу емес көпшіліктен ерекшелену. Тағы да бір жалған Құдай пайда болады Тағы да сол табынушылар


Екіншіден, кітапты жалпы өзімнен дейінгілерден бұрын кейінгілерге арнаймын, яғни өсіп келе жатқан балаларға, кризисқа тап болған бозбала жастарға арнаймын. Өзімнің бозбала кезім есіме түссе зәрем ұшады (бірақ қазір олай емес әрине). Осы кітап маған сол кезде бұйырғанда көп нәрсе болмаған болар еді, дайын асты жұта салар едім. Дегенмен өзімде де ынта болмады, оның үстіне адамның ақылының кіруіне жасы да үлкен роль атқарады екен.


Егер сіз бұл идеологияларға қарсы болсаңыз онда бұл кітап сізге арналмаған.


Қайтадан амандассақ, артық болмайды СӘЛЕМЕТСІЗДЕР МЕ, ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!


Сіз бүкіл өміріңізді түбегейлі өзгерте алатын кітапты оқиын деп отырсыз. Мен ұсынып отырған, толығымен шынайы, өте нақты және дәлелденген практикалық тәсілдердің арқасында сіз өзіңіз және өмір жайлы шындықты тек өзіңіз қалағандай емес, 3 қалаудың басын біріктіре отырып («Өз Қалауым», «Орта Қалауы», «Құдай Қалауы») үйлесім (баланс) қалыптастыра аласыз. Мұнда сіз танысатын барлық ақпарат уақытпен тексерілген, тәжірибемен дәлелденген психологиялық және метафизикалық әдістеріне және бақытты болудың әмбебап (Жаратушы) заңдарына негізделген.


Төменде келтірілген принциптердің тиімділігінің жалғыз дәлелі, егер сіз оларды қолдансаңыз ғана нәтиже бола алады. Мен олар туралы қалағаныңызша айта аламын, бірақ олардың жеке тәжірибесіндегі және өмірдегі нақты өзгерістердің нәтижесі ғана сізді сендіре алады.


Бұл әдістер (методика) шынымен көмектесе ме?


Мен сіздің зияткерлік қабілетіңізді өте құрметтеймін, өйткені мен мұндай мәлімдемелерді негізсіз жасаймаймын, ой-пікірлерді негізсіз айтпаймын және сіз менің сөзімді қабылдайсыз және жазғаныма сенесіз деп үміттенемін. Төменде келтірілген қағидалардың (принцип) тиімділігінің бірден-бір, жалғыз дәлелі, егер сіз оларды шынайы ниетпен қолданған кезде ғана реалды нәтиже болуы. Сондықтан кітаптың айтқанын дәлме-дәл орындау өте маңызды, ол жүрек пен сезімді (эмоцияны) іске қосу арқылы ғана жүзеге асады.


Мен кітап туралы өзіме ұнағанынша, сіз қалағаныңызша айта бере аламын, бірақ жазылғанды жеке тәжірибемен бастан өткізген кезде ғана, өмірде нақты өзгерістерге жеткен кезде ғана, кітапты тестілеуден өткізіп нәтижесін көрген кезде ғана, сізді менің айтқандарым сендіре алады.


Барлығы болмаса да, көбіміз өмірімізде кем дегенде бір рет жетістікке, табысқа жетуге және өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткізуге үйретуге арналған арнайы кітаптарға, аудио/видео сабақтарға (онлайн), курстарға немесе семинар-тренингтерге (оффлайн), ең сорақысы марафондарға (әсіресе үш күндік, үш күнде адам қалай өзгереді? Ақылға сыймайды) жүгіндік (біреуіміз еліктеушіліктен, біреуіміз шарасыздықтан). Алла намаздың өзін күніне бес уақыт өмір бойы «оқы» деп бұйырған еді.


Олар бізді шабыттандырды, жігерлендірді, біз тіпті өмірімізде бір нәрсені өзгерте бастадық, бірақ бірнеше күннен кейін немесе бірнеше аптадан кейін бәрі баяғы қалпына келді. Неліктен? Бұл кітаптардың көбісі, тренинг пен семинарлардың барлығы тұрақты өзгеріске жету туралы емес (тепе-теңдікке қалай қол жеткізуге болатындығы туралы айтпайды). Олардың ұсынған шешімдерін қолдану, күйіп қалған тортты (тесто) тәтті глазурьмен безендіруге ұқсайды. Ол қаншалықты әдемі, дәмді, тәбетті болғанымен, ерте ме, кеш пе, оның ішінде жасырылған қара күйікті татып көріп, міндетті түрде ішінде жасырылған сырын ашасыз. Позитивті ойлау – бұл әдемі глазурь, ал торт (пирог) – бұл біздің нақты нәтижелерге қол жеткізуге кедергі болатын сенімдеріміз.


Егер сізге позитивті ойлаудың нәзік жанасуы мен өмірден алынған түрлі-түсті мысалдары бар, тек сөре кеңістігін алатын және оқырманнан баға жетпес уақыт алатын әдемі шабыттандыратын ертегі қажет болса, онда бұл кітап сізге арналмаған.


Егер сіз қолдан піскен (домашний, натуральный, диетический) тортқа тойғыңыз келсе, жаңа піскен нанды майға баттастырып жаққыңыз келсе, бірақ оның орнына шала піскен, зиянды, іші күйген, сыртын әдемілеп глазурьмен әсемделіп, шылап қойған тортты іздесеңіз немесе қатып, кеуіп қалған, көгеріп кеткен нанды іздесеңіз, онда сіз іздегеніңізді бұл кітаптан таппайсыз.


Бұл кітап Тек позитивті ойлау (баға беру) жайлы емес, дұрыс ойлау (дұрыс бағалау) жайлы. Жалпы ойлаудың (өзіне-өзі баға берудің) үш түрі болады: позитивті (дұрыс та емес бұрыс та емес, бірақ зияны жоқ, пайдасы бар), негативті (бұрыс, зиянды) жән адекватты, реалды ақиқатқа сүйенген (дұрыс, пайдасы шексіз, зияны мүлдем жоқ)


Бұл кітапта шексіз сенімділікке жету, дұрыс әрекет әту, шын бақытты болу, арман, мақсат пен жоспарларды жүзеге асыру, туралы айтылады. Егер сіз тек оң, жағымды, позитивті ойлаумен ғана шектелетін болсаңыз, тек сөреде орын алып, оқырманның баға жетпес уақытын алып, әдемі, әсем, шабыттандыратын ертегі қажет болса, онда бұл кітап сіз үшін емес. Егер сіз эфемерлі (баянсыз, құбылмалы, тұрақсыз, уақытша) позитивті ойлаудан гөрі байсалды, байыпты, шынайы және нақты кітапты іздесеңіз, онда сіз мұнда өзіңіз үшін көптеген пайдалы ақпараттарды таба аласыз.


Сіздің қолыңызда «Бақытты Болудың» дәлелденген формуласы бар, ол позитивті ойлаумен шектелмей, қажетті нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін уақытпен және тәжірибемен тексерілген «Ақиқат» жолындағы «Жетістік» пен «Жеңіс» формуласы. Бұл кітап сізден уақыт пен назарыңызды, мұқият оқуыңызды және байыпты, байсалды қарым-қатынасты, көзқарасты қажет етеді, бірақ соңында оған жұмсалған әрбір минут, сағаттар өте жақсы ақталуы қажет, көркем нәтиже беруі қажет.


Мен сіздермен білімімен бөлісу құрметіне ие болғаныма өте ризамын. Егер сіз дайын болсаңыз, онда жаңа, бақытты өмірге сапарымызды бастайық!


Мен үшін ең үздік Аффирмация «Мен жақсылыққа, бәрі жақсы болатынына сенемін, иншалла!»


Ал алдағы кітаптарда екі дүниені де шын бақытқа айналдыру (есіңізде болсын: дүние – себеп, ал ақырет – дүние амал-әрекеттерінің салдары) жайлы болмақ. Еш қынжылмай-ақ өмір сүру, екі дүние бақытына қол жеткізу арқылы, қайырлы өмір сүріп, өкінбей өлу жайлы болмақ.


Егер де сіз тек дүниені ғана немесе тек ақыретті ғана сүйіп, дүниені ғана немесе ақыретті ғана таңдайтын болсаңыз ол бөлім сізге арналмаған. Бұл бөлім екі дүниені біртұтас, үйлесімде (баланс и покой) екенін дәлелдеу үшін, екеуін қатар сүйіп, ең бастысы бірі себеп екіншісі салдары екенін түсінсеңіз жетіп жатыр. Себебі Сіз ақыреттік сауапты амалдарды да дүние тұрмыс-тіршілігін де «Бір ғана өмірде жасайсыз – Тек осы және бар Дүниеде!»


Дүниеге өзіңді өзің еңгізбесең, біреуді біреу қолтықтан сүйреп жүргенді көп байқай алмайсың. Адам екі дүниеде де бақытты болуы үшін жаралған. Бұл дүниесі алынған адам болса да Мәңгілік Өмірде түбінде бақытты болуы үшін жаралған.


Егер бұл сөздерден кейін сіздің ішіңізде соғыс басталса және бұл идеологияларға қарсы болсаңыз онда бұл кітап сізге арналмаған.


Кіріспе

Бұл кітаптың болсын жалпы барлық (пайдалы) кітаптың тірі организм сияқты жаны бар деп ойлаймын. Себебі оларды ақыл иелері жазды ғой. Кітап дегеніміз сыртқы әсемделген форма (дизайн) емес керісінше ойландыруға шақыратын әріптер, сөздер, идеялар болуы тиіс. Көптеген адамдар күнделік не кітап жазуға тағаты қалмайды, себебі көбіміз шыдамсызбыз және асыққанды ұнатамыз. Сондықтан табандылық адам мінезінің басты қасиеті болуы керек.


Сапалы кітап айлап жылдап жазылады. Күнделікті жинап теріп оқығаны, барлық жазбалары (жазу және оқи білуді бұрын арабтар сауат, қазақтар хат дейтін) жиналып кітапқа айналады (жазушы) не көкірегінен сөз болып шығады (ақын). Әр адамның өзінің жеке өмірлік кітабы болуы тиіс деп ойлаймын. Себебі оқу мен жазу миды қозғалтатын, ойландыратын үлкен күш, тек ықылас болса болғаны.


Бұл кітапты мен 12 жастан жинап терген әр түрлі хаттардан құрастырдым, ойыма келген немесе сыртқы ақпараттарды пайдалану арқылы жаздым.


Шайтанға желінбеудің басты жолы ретінде мен идеялар мен тәжірибелерді, «Пайдалы Білім» жинап, тере отырып, соңғы «Ғылыми Дәлелдерге» сүйене отырып, «Имани түсініктерді» пайдалана отырып жаздым.


Мен бұл кітапты жеке тәжірибем мен көптеген адамдармен көпжылдық қарым-қатынас (онлайн) арқылы жинақталған бақылауларымменен бөлісе отырып, жемісті өмір сүруге көмектесу үшін жаздым. Себебі мен өзімді өмірді (дүние/ақырет) және басқа адамдарды зерттегенді ұнатамын.


Сізге бақытты әрі дұрыс өмір сүру үшін бір нәрсе қажет деп айтты: «жаман ойлама» деді. Сізге «жігерлі бол», «жақсы ойлар ойла» деп кеңес берушілер дұрыс айтады, бірақ олар сенімділік пен бақыттың мәнісін дұрыс түсіндіре алған жоқ. Бала кезімізден табысқа жету және жемісті өмір сүру үшін қарапайым тілек тілеу, қалау (ниет) жеткіліксіз екенін бәріміз білеміз. Себебі әрекетсіз ешнәрсе шешілмейді деп (орта) бізді тәрбиелеп келді. Өмірге келген шақтан бастап сіздің тәніңіз өсіп жаныңыз дамиды. (ананы сұрайсыз мынаны сұрайсыз, себебі сізге бәрін білу, тану қызық болды) Әрі қарай сіз өсе, дами келе өзіңіздің жасыңызға сай сізге мұқтаж, қажет, керек нәрсені ата анаға тәуелді болмай, қашан өзіңіз таба бастайсыз, сол кезден бастап бәрі сізді «адам болды» деп айтады. Бұл сенімділік жайлы миымызға қонған (дұрыс) түсінік (болатын.) Ал сіз үшін адам болу деген не?


Ал енді жетістікке (арман, мақсат) қалай жету керектігі жайлы бізге не айтты? Әрине, бізге: «Сенен талап етілетін нәрсе – өз өміріңді өзгерту туралы қатаң шешім қабылдау, ерік-жігер мен қажырлы еңбек керек сонда сен ұмтылғаныңа, қалағаныңа жетесің», – дегенде біз өзімізді сенімді сезіне бастайтынбыз. Бірақ өкінішке орай, келесі күні немесе аптада көпшілігіміз жақсы ниетімізді ұмытып, ескі жағымсыз әдеттерге қайта ораламыз, ал арман мақсатымыз сол арман мақсат күйінде қалып қояды. Бір қызығы біздің «жаңа жыл» кезінде дұрыс өмір, жаңа өмір бастауға деген шешіміміз қаңтардың ортасына қарай жоғала бастайтын. Сондықтан та өзгеремін деп уәде беруді көбіміз қатырамыз, бірақ уақыт өте келе дұрыс өмірді бастауға деген берік шешіміміз жоғала бастайды. Неліктен? Себебі Адам тұрақсыз және ұмытшақ болып келеді. қалыптасқан. Көбісі ойлайды жаратылған деп жоқ олай емес қалыптасқан. Біз мінсіз, кіршіксіз сәби болып жаратылған едік, бірақ сұм… (нәпсі/шайтан) азғыруын тоқтатар емес.


Жетістікке жету және одан да жемісті, бақытты өмір сүру туралы шешім қабылдау жеткіліксіз, өйткені бұл мәселенің жүрегін қозғамайды, бұл қате түсінік. Біз өз жағдайымызды дұрыс (шын) бағалап, қоршаған ортамызды шынайы тұрғыдан түсінгеннен кейін ғана біз өзімізді ақиқатқа қарай өзгерте аламыз.


Жалғыз ерік-жігер жеткіліксіз, өйткеніпроблеманың мәні «қате (бұрыс, жалған, өтірік) ақпарат қабылдау» болып табылады. Ақпарат ағыныныда адам пайдасыз ақпаратты тез оңай жаттап алады, ал пайдалыға біраз бас қатыру керек болады.


Мен әртүрлі мамандықтағы (кәсіптегі) және әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы адамдармен кездесуге тура келді (онлайн) және олардың әрекеттерінің тиімділігі немесе тиімсіздігі, сәттіліктері мен сәтсіздіктері, олардың интеллект деңгейімен немесе жетістікке жетуге деген ерік-жігерімен, шешім қабылдауымен ешқандай байланысты емес деп сендіре аламын. Сәтсіздікке ұшырағандар қоршаған орта, шындыққа (өмірге) дұрыс көзқараспен (сенім, ой-пікір, түсінікпен) қарамайды. Сондықтан олар өздерінің отбасын, кәсібін, жалпы өмірді (дүниені) «дұрыс емес» деп және өзін де (ұғым-түсінігім, ой-пікірім) «дұрыс емеспін» деп санай бастайды. Нәтижесінде олар шындықпен (реалды өмірмен), ең жаманы ақиқатпен байланысын үзіп, өзін жоғалта бастайды.


Біз «күнәһар», «жаман адам» деп атайтын бақытсыздыққа ұшырағандар (қор болғандар) өзінің ішіндегі (нәпсі) және айналадағы шындыққа (дүние) дұрыс қарамайды (ақиқат тұрғысынан), сондықтан өмірдің өзі солай «дұрыс емес болуы керек» деп шарасыздықпен сене бастайды.


Қоқыс жәшігі


Адам өз-өзімен сөйлесетін жалғыз жаратылыс. Күні бойы сіз үнемі өзіңізбен сөйлесесіз және қоршаған шындық (өмір) туралы ақпарат жинайсыз. Сіз дәл компьютерге ақпарат енгізетін бағдарламашы сияқты әрекет етесіз, тек бір ерекшелігі: сіз әрі бағдарламашысыз (программист) және бір уақытта компьютерсіз (ми, сана). Сіздің бес сезіміңіз бағдарламалау (программирование) құралы болып табылады, егер сіз реалды (шынайы) өзіңізге және өмірге (шындыққа) дұрыс көзқараспен (ақиқат тұрғысынан) қарамасаңыз, сіз ақиқатпен (Құдаймен және оның жаратқан заңдылықтарымен) байланыс жоғалтып, өмірді (дүние) өзіңіз қалағандай ғана көре бастайсыз. Бұндай жағдайда Жаратушымен байланыс жоғалып басқаға құл болу (тәуелді болу) қаупі бар.


Сіз компьютерге белгілі бір шпионский программаны орнатпасаңыз да, сіз пират ретінде торрент қолданасыз, сонымен бірге сізге көптеген вирустар немесе сіз орнатпаған (установкалар) бағдарламадарды, вирустарды компьютерден көрсеңіз таңғалмай-ақ қойыңыз. Сіз бұл бәле менің ноутбук (компьютеріме) қайдан түсті деп шағымданасыз. Сол сияқты мимен де дәл солай, сіз өзіңізді күнделікті қалай бейтаныс ақпараттармен Ерікті/Еріксіз түрде улап жатқаныңызды сезбейсіз. Бұның барлығы сіздің дұрыс ойланбай іс әрекет етуіңіздің салдарынан.


Сіздің ноутбук (компьютеріңізде), смартфон планшетіңізде антивирус болмаса (ол мысалғы мен үшін шок), шпиондарын жіберіп мені аңдитын сияқты, фишинг арқылы мені тонап кететін сияқты, вирустарын жіберіп менің барлық техникамды жоқ қылатын сияқты көрінетін. Негізінде мен тым артық кеткен шығармын, бірақ біздің миымызбен де солай. Осы өмірде, біз білмейтін сыртқы қоршаған ортада көптеген шпиондар бар, адам психологиясын аңду арқылы зерттейтін, залымдар бар, (сізді сізден артық білетін) сіздің бақытыңызды тонап кететін, неше түрлі вирусты ақпараттар бар, адам миын, жалпы нәпсіні (жан + тән) бұзатын. Бұған енді жақсы антивирус таңдау керек, олар көп, атқаратын қызметтері ұқсайды, бірақ қайсысын таңдауға келген кезде адам көп басын қатырады, топ 10 деп рейтинг іздеп кетеді, ақырында біреуін таңдайды. Егер біз бұны басқаша рухани тұрғыдан айтатын болсақ олар (антивирустар) көп, бірақ негізі оның біреу. Ол – ақиқат!


Құдай жайлы шындық ол шексіз ақиқат, Өзім жайлы шындық мұсылман не кәпір арасында екіжүзді. Осы шындықты Ақиқатқа айналдыру керек. Кітаптың мақсаты осы, яғни Құдай болу емес оған ұқсау және ол жаратқан заңдылықтарын қабылдап, соны басшылыққа алып өмір сүру арқылы


Өмір жайлы сыртқы орта шындық ақпарат Пайдалы Пайдасыз Зиянды Шындық екен деп қабылдай беруге болмайды. Өзге жайлы шындық Олар да мұсылман не кәпір арасында екіжүзді, бірақ Олар қоршаған ортаға жататын болғандықтан, олар жайлы шындық өмірлері не рас не өтірік болуы мүмкін.


Сәтті және бақытты өмір қоршаған шындық (өмір) пен сіздің санаңыздың арасындағы дұрыс кері байланысқа (қарым-қатынас, кез-келген әрекетке немесе оқиғаға жауапқа) байланысы. Жалпы адамның бұл өмірде 3 түрлі қарым қатынасы болады:

– Өз-өзімен байланысы

– Өзгелермен/Өмірмен (дүниемен) байланысы

– Жаратушымен, оның жаратқан заңдылықтарымен байланысы


Біз өз жағдайымызды (жағымды/жағымсыз) сыртқы ақпаратты (пайдалысы 20% / пайдасызы 80%) қабылдаймыз, содан кейін санамызға шындық болып көрінетін не естілетін ақпаратты бағдарламалаймыз (программирование). Бұл біздің ойлану тәсілімізді (ойлау жүйесін) және мінез-құлқымызды құрастырады, бұл өз кезегінде қабылдауды (алу, қолдану) қалыптастырады. Демек, біз ең бірінші қабылдаймыз, сосын ойланамыз және соған сәйкес әрекет етеміз. Солай біз өзіміздің сенім мен түсінікті, өмірлік ұстанымды жасаймыз, яғни соған сай өзімізді жетектеп өміріміздің бағытын, жолын таңдаймыз. Әрі қарай шешім қабылдап, амал-әрекетке көшеміз.


Формула: қабылдау <ойлану, сезіну <әрекет ету = сенім мен түсінік <өмірлік ұстаным <өмірлік бағыт, жол таңдау


Бұл идеялар (ойлар) сізді жақсы өмір сүруге мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді қолдануға және сол арқылы дұрыс қабылдауға, дұрыс ойлауға және дұрыс әрекет етуге шақырады деп үміттенемін.


Мен өзіме және басқаларға дұрыс қабылдау, дұрыс ойлану және сезіну, өзін-өзі дұрыс басқаруға көмектесу үшін көптеген дереккөздерден білім алдым. Бұл кітапта сіз, мен және біз сияқты миллиондаған адамдар күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардың нақты және қарапайым көрінісін бере алатын Ақиқат (нұрлы) қасиетті кітап Құдайдың сөзі Құранмен құрылған. Тарихтан (өткеннен) алынған сабақтар мен ғылыми дәлелі бар мысалдар түріндегі бірнеше құпия-сыр сандық бар. Бұл ойлар (идеялар) сіздің өміріңізді барынша ең жақсы қалыпта, бақытты түрде өткізуге мүмкіндік беретін жаңа тәсілдерді (техника, тәжірибе), пайдалы идеялар мен жаңалықтарды қабылдауға, олар жайлы ойлануға және өзін-өзі сенімді ұстауға талпындырады деп үміттенемін! Пайдалы нәтежиелі дәледі ақпарат, білім мен тәжірибеге сүйене отырып жазылған кітап, міндетті түрде пайдасын береді!


Расымен де жазушылар көбейіп жатыр. Көбінесе 20 ғасырға дейін адамның сыртқы өмірін жазса, енді ішкі жан дүниесін де жазатын болды. Олардың көбейгені жақсы да емес, жаман да емес, «Нормально», себебі «Жақсы еместігі» «Бәсекелестік» пен «Бақталас» Рухани (себебі теманың барлығы тек дүниеге қарай ауып кетті, мысалы «Қалай танымал болу», «Қалай бай болу», «Қалай бір күннің ішінде бақытты болу», «Қалай үш сағатта жетістікке жету», «Қалай бір сағатта баспана мен көліктің мәселесін шешу») Шығармашылықты өлтіреді. Кітаптардың көбейгенінің «Жаман еместігі» Адам ойланады, сана деңгейлері дамиды, ғылым өседі, Бірақ осының барлығының шынайы адамзатқа пайдасы бар ма? Нәтиже бере ме? Дәлелденген бе? Біз оған мән бермейміз. Себебі сан мен есепке құралған дүниеқоңыздық, дүниеқорлық, затқа (материяға) табынушылық ойлау жүйесі қалыптасқаннан бері, сапа мен шын пайда, ғылым мен ақиқат, руханит пен иман Пайғамбарымыздың айтуы бойынша ақырзаманға қарай азаюы керек.


Ой дегеніміз не?


Негізінде әр-тірлі ойлардың басын біріктіре алатын адамды ақылды деп айтуға болады. Жалпы біздің ойларымыз шашыраңқы болып келеді сол себепті оны жинақтау керек, «ананы бір ойламай мынаны бір ойламай» нақты шешімге келсейші дейтін адамдарды жиі еститін шығарсыз. Дұрыс таңдау жасап, шешім қабылдай алу үшін адам ең бастысы өз ойларымен айналысу керек. Оның неше түрлі тәсілдері бар, бірақ бұл кітапта және алдағы кітаптарда қарастырылатын негізгі, басты формула:


Шексіз Сенімділік (дұшпандар мен достар) + Әрекетсіз Әрекет (Растау + Көрнекілік + Эмоция = Әрекетсіз Әрекет = Физикалық Әрекет = Дәлелді Нәтежие) + Шын бақыт (Екі дүние бақытының сыр-құпиялары) = (ішкі механизм арқылы өздігінен жететін) Мәңгілік Жетістік пен Жеңіс


Әрекетсіз әрекет пен Шын бақыт Алдағы кітаптарда, Құдай бұйыртса. Әзірше осы! Кітап күрделі, түсініксіз болып көрінуі мүмкін, бірақ бәрін де алда, жеке-жеке түсінетін боласыз.


Ойлау жүйесі


Аффирмация (мен оны растама деп атаймын) дегеніміз ой, Аффирмациямен айналысу (растау) дегеніміз ойлану, ойланудың үш түрі болады: дұрыс (Ақиқат қалайтын), позитивті (біз қалайтын) және негативті (біз қорқатын).

Аффирмация (растама) деген жалпы не? Өз өзіңе не басқаға сұрақ қою, яғни ішкі диалог немесе басқа бір адаммен әңгімелесу, сыртқы диалог. Растама бар болғаны осы ғана. Ал енді кеңейтілген түсініктеме:


Аффирмация (Мен оны Растама деп атаймын) дегеніміз ой, ой дегеніміз сөз, онымен бейсаналы (еріксіз) түрде біз онымен бала кезімізден тіл шыға бастаған кезден бастап айналыса бастаймыз. Біз оны қалай жасаймыз? Екі түрлі жолмен, өзімізге не өзгеге сұрақ қою арқылы немесе тек ішкі диалог (өз-өзімізбен сөйлесу арқылы) арқылы. Сол себептен Аффирмация дегеніміз сұрақ қою мен сөйлесу (өзгемен не өзіңмен). Тағы қайталап айтайын ой дегеніміз ішкі сөз, яғни іштен шығатын тоқ генераторы (бар болғаны кішкентай ғана милливольт) арқылы пайда болатын жүйке жүйесінің импульстары. Адам тіпті ұйықтап жатқанның өзінде (бір шамды жаға алатындай) тоқ бөледі екен. Біздің жанымыз (миымыз) үшін қоршаған ортаны зерттеу өте маңызды, себебі біз сол арқылы өз жанымызды (миымызды) өсіріп, дамытамыз. Ал қазіргі көпшілік психологтар ұсынып отырғаны – сол Аффирмацияларды яғни ойларды, бейсаналы еріксіз емес саналы ерікті түрде жасау. Сонда өз өміріңнің сценарийі (тағдыр) басқа бір адам не теріс орта жазбайды, өзіңіз жазасыз. Сол арқылы Аффирмациялар арқылы тағдырды өзгертуге болады. Сонымен қатар Аффирмация арқылы сыртқы өмірге (ортаға) деген «Тәуелділіктен», сыртқы теріс факторлардың әсерінен арылуға болады, яғни «Құлдық Санадан». Саналы (ерікті) түрде 3 апта Аффирмациямен айналысудың өзі адамның 4 негізгі қабілетіне: (Өзін, Өзгені, Құдайды) қабылдау, ойлану, сезіну, әрекет ету үлкен әсер етеді, терең өзгерістер туғызуы мүмкін. Бәрі онымен дұрыс айналысуға байланысты екенін ұмытпаңыз. Себебі көп адамдар Аффирмацияларды дұрыс жасамайды.


Сол себептен ол оларға көмектеспейді, пайдасын көре алмаған ол «Ішкі әлемге енді қайтіп оралмаймын» «Өтірік бәрі» дейді де, қайтадан Сыртқы әлемге тәуелді болады. Ең бастысы Аффирмациялар теріс, жағымсыз және негативті болмауы керек. Жалпы сөйлемнің (тыныс белгілерімен аяқталуына байланысты) үш түрі болады ғой: нүкте, сұрақ қою, леп белгісі. Сол сияқты Растаудың да үш түрі болады: Нүкте қою арқылы (аяқталған ой немесе толық ой), сұрақ қою арқылы (жауап іздеуші ой) жəне леп белгісі арқылы (эмоционалды ой)


Ойлау Жүйесін өзгерткеннен өмірдің мәнісі өзгереді!


Басты Проблема


Барлық семинар-тренинг (бұл батыс үшін той екен), марафон-эстафета, онлайн оффлайн сабақтар, кітаптар ешқашан өздерін жаманбыз деп айтпайды. Әркім өзінікін (ақылын) ақша үшін сатады, ел-жұрт жақтайды, өздері мақтайды. «Тек Мен ғана сені бақытты етем» дейтін жалған уәдені ешкім бере алмайды, себебі адамды бақытты ету мүмкін емес, адам өзі бақытты болуды үйренуі керек. Қазіргі кітаптар, қазіргі жігіттердің қыздарға беретін уәдесі сияқты… жоқ жақсы кітаптар бар (жақсы тұрып отбасы боп кетіп жатқандар да бар). Жақсы кітап оқып Адам болып, Тұлға болып қалыптасқан қалыптасқандар да бар. Адамдар қазір екі лагерьге бөлініп алған сияқты біреулері тек дүние қуып жүр, ал біреулері тек ақыретті қуып жүргізу дейді. Ал кейбір адамдар екеуін де қатар ұстап жүрміз дейді. Бірақ бұл айналып келгенде екіжүзділік.


Жалпы адамның Басты проблемасы үш нәрсені дұрыс жасамайды (ақпарат қабылдау, ойлану-сезіну, амал-әрекет ету) және өзінің жағдайын сылтауратып, мотивация жоқтығынан жалқаулыққа салынады.


Тән мен Жан, Дүние мен Ақырет жайлы қысқаша шолу


Жалпы адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады (бірақ тән табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады), күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуды ескертеді. Ал өлім деген бұл жай ғана бірінші өмірден екінші өмірге өту барысындағы, жанды тәннен ажыратып алу процессі. Жан тәннен ажырағаннан кейін, не шайтан болып, не жай жануар сияқты болып (жақсы да емес жаман да емес, әйтеуір өтті, кетті), не ең биік дәреже-деңгей Рух болып бірінші дүниемен қоштасып, Барзах әлеміне өтеді.


Жалпы өмір екіге бөлінеді дүние (бірінші өмір бұл – өлімге дейінгі материалды (заттық, көріп жүрген) мәңгілік емес өмір) және ақырет (ақырзаманнан кейінгі екінші өмір – жаңа, шешуші, маңызды және мәңгілік өмір), ал қиямет дейтін ол «Ақырзаман» дүние (бірінші өмір) уақытының соңы, ақыры. Ал жалпы алғанда өмір сияқты уақыт та шексіз және ол өліммен бітіп қалмайды. Мұсылман адам дүниеден бас тартпауы керек, бірақ ақыретті әрдайым бірінші планға қою керек. Жалпы тізгінді шамадан тыс жанға не тәнге беруге болмайды. Бұл екеуі бірігіп нәпсіні құрайды (нәпсі = жан + тән).


Формула:

Адам = Нәпсі (жан + тән)


ТӘН МЕН ЖАН ҮЙЛЕСІМІ

Өз қажеттіліктеріңізді ғана қанағаттандыру бұл ақиқатқа бастайтын жол емес. Әрине бірінші кезекте тән құмары (тамақ, ұйқы) табиғат заңдылығы тұрғысынан маңызды, бірақ сонымен қатар жан құмары (көрсін, білсін, естісін, танысын) да тәнмен бірге үйлесімде (баланс) болу қажет. «Жан құмары» болып, «Тән құмары» болмауы мүмкін емес және керісінше де солай адамда екеуі де болады. Егер де тек тән құмары болса адамды «Жануар» деп айтуға болады. Тән құмары бар, бірақ жан құмары өшкен, сөнген адамды «Өлі Жан» десе де болады.


1-КІТАП. ШЕКСІЗ СЕНІМДІЛІК


1 ТАРАУ. Мал сияқты ойламаңыз

«Шексіз Сенімділік» пен «Шын Бақытқа» жетуге болады. Бірақ көбіміз жаман ойлауға әдеттеніп қалғанбыз және оны женбек тұрмақ қалай күресуді білмеуіміз мүмкін. Жаман ойдан қашу үшін неше түрлі амалдар жасаймыз. Бірақ ол амалдардың барлығы сыртпен байланысты болғандықтан олардың көмегі уақытша, тұрақты емес, алдамшы ғана. Өз ішіне үңілуден қорқатын адамдар бар, Өйткені олар абсолютті түрде Сыртқы қоршаған ортаға («жалған» деп аталаты) «тәуелді» болып қалған. Бұл «тәуелділік» «Құлдық Сананың» салдарынан пайда болғандықтан ең бірінші «Мал сияқты ойлауды» доғару керек.


Отырыңыз, орындар шектеулі! Жолға шығу уақыты!


Жақында сіз болашағыңызды сенімді етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шығасыз. Сіз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалпына келтіруді үйренесіз. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді төмен санасаңыз жəне өмірге сенімділікпен жəне ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз, бұл кітап сізге арналған. Егер сіз қазір өмірге наразы (өкпе, реніш, кек, наз) болсаңыз, сіз өткен өмірге де, болашақтағы нəтижелерге де қанағаттанбайсыз (риза болмайсыз). Ендеше өмір ағымымен ақымақ, надан (мал, құл) болғыңыз келмесе, еркін жүзгіңіз келсе келесі беттерде сіз сұр, үмітсіз өмірге балама бар екені туралы білетін боласыз. Егер сіз өз жүрегіңізді жаңа идеяларға (ой-пікірлер), құндылықтар мен сенімдерге ашуға дайын болсаңыз, онда сіз ойлау процесін қалай қайта құруға жəне жаңа «Мен» -ді қалай оятуға болатындығын білетін боласыз. Осы қағидаларды үйренгеннен (меңгеру, игеру) кейін сіздің өміріңіз бақытқа, махаббатқа, еркіндікке, ақшаға жəне сенімділікке толы болады. Өйткені өзіңіздің шексіз əлеуетіңізді (қабілеттеріңізді) жəне бай шығармашылық өміріңізді босатудан (іштегіні сыртқа шығарудан) ынталандыратын жəне шабыттандыратын басқа ештеңе жоқ. Сіз кім болсаңыз да, не істесеңіз де, қандай жағдайда болсаңыз да, сіз өзіңізге толықтай сенімді бола аласыз. Мұны істеу сіз ойлағаннан да əлдеқайда оңай! Сонымен, егер сіз дайын болсаңыз, бастайық!


Адасқан көпшілік


Басқаларды бақытты деп санайсыз ба? Адамның бəрі бақытты ма? Егер сіз айналаңыздағы адамдарға мұқият қарасаңыз, олардың арасында өзін-өзі жүзеге асырып, өмірдің мəнін таба білген бақытты адамдар көп емес екенін байқауға болады. Көбісі өмірдегі қарапайым қиындықтар мен күнделікті проблемаларды жеңе алмайды. Кей адамдар тұрмыс-тіршіліктен қолы тимей, өмірдің (дүние) жалғандығымен келіспей жүр. Сананы болмыс билейді деп болмысты тұрмыс-тіршілік пен шатастырып жүр. Медиацияны (сізге түк қатысы жоқ, пайдасы жоқ посредниктардың идеологиясын) қабылдау өмір салтына айналды. Өздерінің қабілетсіздік сезімі, сəтсіздіктері мен көңіл толмаулары олардың қоғамды, басқаларды, тағдырды (Құдайды) кінəлауға жəне əртүрлі кінәлілерді іздеуге мəжбүр етеді. Жəне бұл адамшылық (гуманизм) емес!


«Өмірді тек сыртқы адамдар (үкімет) басқарады», «Менің өмірім қоршаған ортаға (отбасы) байланысты» жəне «Бәрі сыртқы жағдайларға (айнала, орта) байланысты» деген сенім олардың санасында берік орныққан. Олар керісінше дəлелдейтін логикалық сенімдерді қабылдаудан бас тартады.


Уильям Джеймс, көрнекті философ жəне психолог: «Біздің заманымыздың ең үлкен жетістігі – ойлаудың ішкі жақтарын өзгерту арқылы біз өмірдің сыртқы жақтарын өзгерте алатындығымыз», – деп айтып кеткен. Бұл қысқа мəлімдемеде үлкен шындық бар. Біз өмірдің (дүние) құрбаны емеспіз, Алланың Рахмани жаратылысымыз, Ал ол (Құдай) өмірдің басты авторы, ал біздер соавторлармыз.


Немесе тағы бір даналықта айтылғандай: «Біз өзіміз туралы ойлағандай емеспіз, бірақ біз күні бойы не туралы ойлаймыз сол бізбіз!»


Бір отар қой


Батылдықтың (ерліктің) қарама-қарсы антонимы қорқақтық деп ойлап келдік, негізінде олай емес. Ол – конформизм (басқа адамның немесе қоғамның, виртуалды әлемнің қысымының әсерінен адамның мінез-құлқының, ой-пікірінің өзгеруі немесе басқаша айтқанда соларға бейімделу, жеңілуге келісе салу). Біз өміріміздің баға жетпес жылдарын көпшілікке бейімделуге (ел-жұрттан қалмауға) жұмсап жатырмыз, бірақ оның бәрі тез əрі оңай емес екендігіне көз жеткізген кезде, «қолымнан келмейді» деген түсінік бізді шексіз сенімділіктен алыстатады. Конформизммен соғысты тоқтатуға, дауды шешуге, сынақ қиындықтарға төтеп беруге, соц ортаға бейімделуге болады деу бос сөз. Конформизм ол көпшілікке еру (құр бос еліктеушілік) басқаша айтқанда «игра в имитацию» деген сөз. Себебі біз тобырға (толпа) бейімделеміз, солардың артынан ереміз деп жүріп, бағалы уақытымызды жоғалтамыз. Олардың айдауына келісіп бір отар қойға қалай кіріп кеткенімізді білмей қаламыз. Бізді қой (скот) сияқты бір-біріміздің соңымыздан соқыр сеніммен ере беруге мəжбүрлейтін не/кім? Біз ел-жұрт сияқты болғымыз келеді. Олар не қаласа біз де соны қалағымыз кеп тұрады. Ақыр соңында, адам басқа адамдарға немесе қоғамға бағынады. Әр түрлі бұрыс сенім бізді өз қалауымызбен тұтқынға айналдыратын ерікті, ішкі «Құлдық Сананы» қалыптастырады. Отбасы мүшелерінен, достардан жалпы басқа адамдардан (танымал, бай) өзгеше екенімізді, оларға 100% ұқсай алмайтынызды және ешкімге ұқсамайтын жеке дара жолымыз бар екенін түсіну үшін қойша, мал сияқты ойлауды қоятын кез келді. Өзімізді жазғыруды, өзгелерді кінәлауді доғаратын кез келді. Көпшіліктің, виртуалды әлемнің өмірімізді басқаруына мүмкіндік бермеу арқылы көптеген азаптан (қорлықтан) аулақ болуға болады. Ал саналы, ішкі «Құлдық Сана» бізді өз еркімізбен тұтқындайды, түрмеге жабады. Біздің ойларымыз – бұл бейсана (қабылдаған ақпараттың) элементтерінің барлығын көрсететін көшірмелер, бұл көшірмелер оң, жағымды, позитивті немесе теріс, жағымсыз, негативті сенім мен түсініктен тұрады. Сіздің өміріңіз – бұл сіздің ақылыңыздың жұмысының дəл көрінісі, нәтижесі, салдары. Сол арқылы біз сөзге-сөз, ойға-ой ниет пен қалауымызға қарай жаман немесе жақсы, қуанышты немесе мұңды, сəтті немесе сəтсіз барлық нəрсені өз өмірімізге тартамыз. Бұл барлық салаларға қатысты – жұмыс, неке (отбасы), денсаулық жəне рухани өмір. Бұл туралы ойланыңыз! Қоршаған əлем (орта) – бұл ойдың ішкі жұмысының (мидың) сыртқы көрінісі, нәтижесі, салдары. Өзіңіздің кім екеніңізді анықтап түсініп (өзіңді, дүние мен ақыретті, Құдайды танып), қалай мал емес адам болуға болатыны туралы сұраққа жауап таба аламыз.


Рухани күш керек сенімді болуға


Шекспир: «Біз өзіміздің кім екенімізді білеміз, бірақ кім бола алатынымызды білмейміз» деп жазды. Бұл сізге қатысты ма? Сіз өзіңіздің шектеулеріңізді, сəтсіздіктеріңізді, қателіктеріңізді анықтадыңыз ба? Сіз кім бола алатыныңыз туралы ойлауды тоқтаттыңыз ба? Мəселе мынада: ерте жастан бастап сіз өзіңіздің шын қабілеттеріңізді көруге, бірегейлігіңізді (уникальность) сезінуге жəне оны жүзеге асыруға кедергі болатын жалған идеялармен (ой-пікірлермен), құндылықтармен жəне сенімдермен бағдарламаланғансыз. Шындығында, сіздің өзіңіздің өміріңіздің соавторы ретіндегі рөліңіз сізге оның кез-келген аспектісін (көрінісін), оған қатысты (өмір, тағдыр жайлы) көзқарасты өзгертуге күш, мүмкіндік береді. Барлық керемет тəлімгерлер бір қорытындыға келді: өзіңізден басқа ешкім сіздің мəселелеріңізді (проблема) шеше алмайды. Ұлы Ұстаз айтқандай: «Құдай Патшалығы сенің бойыңда (ішіңде), кішкентай болса да оны өсіріп дамыту сенің міндетің». Ол алыс елдерде немесе көкте емес. Будда да осындай тұжырымға келді: «Жан жарығын өзің жақ, ештеңеге сүйенбе жəне өзіңнен басқа ешкімнен көмек іздеме». Немесе Абай айтқан «Өзіңе Сен» концепциясы осыған сай келеді. Емдеу, түзету, жөндеу, дұрыстау, жақсарту (ремонт пен коррекция) күші біздің бойымызда жасырылған. Денсаулық, бақыт, өркендеу, даму жəне жан тыныштығы сіз жағымсыз, негативті, теріс ойдың, сезімнің құрсауын бұзған кезде пайда болады. Егер сіз өзіңіздің шынайы құндылығыңыз, маңыздылығыңыз, мәнділігіңіз, қажеттілігіңіз, керектігіңіз туралы білмесеңіз және өзіңізге әділ баға бермесеңіз, сіз толықтай, шексіз сенімді бола алмайсыз. Сіз өзіңіздің бірегейлігіңізді, таңдаулы екеніңізді мойындай алатын дəрежеде ғана, өзіңіздің ерекшелігіңізді, айырмашылығыңызды, өзгешелігіңізді (специфика) біле алатын деңгейде ғана шектеулерден босай аласыз.


Өз қолыңызбен тұрғызған, көтерілген миыңыздығы зəулім ғимаратты құрастырған, (яғни сізді қалыптастырған) кім? Орта ж/е сіз! Ол құрылысқа ең бірінші ата-ана, отбасы мүшелері, туған-туыс, мұғалім, достар, одан кейін қоғам, тіпті барша адамзат қатысқан еді. Есіңізде болсын біз өз өмірімізді басқалардың басқаруына мүмкіндік беру арқылы шектейміз. Егер сіз өзіңізді кінə сезімін (өкініш) тоқтатпасаңыз жəне мидағы кемшіліктер үшін өзіңізді қорлауды (кемсітуді) тоқтатпасаңыз, толық өзіне деген сенімділік пен жеке бас бостандығы үшін шексіз жəне пайдасыз күрес жүргізетіндердің қатарынан шыға алмайсыз. Шынымен нағыз еркін (азат), мейірімді (жанашыр), сүйіспеншілікке толы жəне ілтипатты болу үшін сіз өзіңізді түсініп, жақсы көруді (сүюді) үйренуіңіз керек. Кей ата-аналар бала кезінен: «Басқаны өзіңдей сүй» деп балаларына айтқан еді, бұл жақсы ақыл, бірақ біз өзімізді адекватты (реалды) бағалауды үйренбейінше, бұл бізге де, басқаға да мүмкін болмады! Неге? Себебі «Эгоизм» мүмкіндік береді. Сіз өзіңізге жоғары баға беріп тəкаппарлық пен мақтаншақтық дертіне шалдықтыңыз немесе төмен баға беріп көңіліңізді қорқыныш (үрей) пен мұң (депрессия) басты. Тек өзіне адекватты (шынайы) баға бере алатын адам ғана басқаны өзіндей сүйе алады.


Алдымен өз қажеттіліктеріңізді қанағаттандырыңыз.


Өзіне сенімді адам болу үшін сіз ең алдымен өз қажеттіліктеріңізді (мұқтаждық) қанағаттандыруыңыз керек. Бір қарағанда, бұл мəлімдеме өзімшіл (тəкаппарлық) болып көрінуі мүмкін, бірақ тағы да қайталайық – тек өзімізді толыққанды түсінген кезде ғана адам боламыз. Біз бірінші өзімізге көмектесуіміз керек: өзіңе көмектескенің басқаға көмектескенің, басқаға көмектескенімің өзіңе көмектескенің. Бұл жаңылтпаш емес, бұл даналық сөз. Сондықтан соған сай амал-əрекет жасау арқылы ғана біз отбасымызға, достарымызға, əріптестерімізге, қоғамға жəне жалпы адамзатқа пайда əкеле аламыз. Сіз əлемді (дүние) жақсы жаққа өзгерте алмайсыз, бірақ сіз өзіңізді өзгерте аласыз. Ал өзіңізді жақсы жаққа өзгерте алсаңыз, онда əлемді (өмірді) де өзгерте аласыз. Əр адам өз өмірін бақылауға алып, өз өмірі үшін жауапкершілікті мойынына алған кезде ғана адамдар жақсы жаққа өзгереді. Өз қажеттіліктеріңізді (мұқтаждық) бірінші орынға қоятын уақыт келді. Бұл шынымен азат (еркін) болудың жалғыз жолы. Физикалық құлдық, сөзсіз, қылмыс болып табылады. Алайда ішкі, психикалық, эмоционалдық (ақыл-ой, сезім) «Жан Құлдығы» əлдеқайда қорқынышты, өйткені оның жазасы, Декарттың жақсы жазғанындай, «тыныш, үмітсіздікке (шарасыздыққа) толы еріксіз өмір».


21-40-100 күн техникасы


Сіз қабілет пен икемділікке қарай, дарын мен талантқа қарай (сала, мамандық, арман-мақсат бойынша) дұрыс таңдау жасау, батыл шешім қабылдау, және ең бастысы сапалы жоспар құруды үйренетін боласыз. (бұның барлығын қалай дұрыс жасау керектігін алда айтатын боламын)


Бір сəтке сахнаның артындағы өмірге өтіп, қарапайым, бірақ өте тиімді оқыту əдісіне көз жүгіртейік, назар аудайық. Ол 21-40-100 КҮНГЕ ƏДЕТ деп аталады. Ескі деструктивті, бүлдіргіш əдеттен (жағдайдан) арылып құтылу үшін, жаңа позитивті (оң) əдетті қалыптастыру үшін кемінде 21 макс 100 күн қажет екендігі анықталды. Осы кітапта келтірілген материалды толықтай игеру үшін сізге шамамен сондай уақыт қажет болады. Мен сізді адастырғым келмейді. Сіз оны бірден түсінуіңізге болады, бірақ қажетті өзгерістерді ынталандыру, қызықтыру үшін зияткерлік (интеллектуалды) түсіну ғана жеткіліксіз. Екпінді, серпінді толқын, эмоцияның көтерілуі мен мотивация саналы (ерікті) тəжірибемен келеді. Сіз қарапайым түсініктен жете түсінікке (сезімге) өтуіңіз керек. Бір сөз, ой, идеяны жете түсіну (дұрыс түсіну) үшін оны ойланудың, сезінудің, əрекет етудің жəне реакцияның (қабылдау) бір бөлігі етіп қабылдап алу керек. Барлығы уақытты қажет етеді. Сондықтан кітапты бір рет оқығаннан кейін бəрін түсінемін деп ойламаңыз. Бұл алынған (үйренген) ақпарат жаңа əдетке айналғанға дейін оқуды жалғастырыңыз, себебі жалпы кітап оқу санына емес сапасыны яғни берер пайдасына байланысты бағалы, құнды, кітапты қайта-қайта оқып қана оның мəнісін ұға аласыз. Барлық істерді біраз уақытқа қалдырыңыз, толығымен кітапқа назар аударыңыз. Ескі теріс, деструктивті, жағымсыз əдеттерді жаңа, оң, конструктивті жəне жағымды əдеттерге өзгертуге кететін уақыт – сіз жетуіңіз мүмкін еркіндікпен (ішкі шын бақытпен) салыстырғанда аз ғана инвестиция. Егер кейде мен тым астамшылықпен сөйлейтін болсам, бұл сіздің қасарысқан қарсылығыңызды жеңу үшін жəне сізді шындықты (ақиқатты) естуге жəне қабылдауға мəжбүр ету үшін. Егер кейде мен батыл сөйлетін болсам, онда сіздің қарсыласуыңызды жеңіп, шындықты (ақиқатты) естуге жəне қабылдауға көмектесу үшін.


Ал жалған, алдамшы бақыт орын алған кезде (алтын медаль тағасыз) сіз керемет сезімге бөленесіз, содан кейін ішкі дауыс сізге: «Ия, енді сен шын бақыттың не екенін сезіндің», – деген сияқты. Басында ол солай сезіледі, (бір ғана уақытша қызықтар) жұртқа солай көрінеді, ақырында өмірдің мəні ол емес екені білінеді, Байлық, танымалдылық, дүние мүлік…


Жақсы нəтиже алу үшін алдымен кітапты толығымен оқып шығыңыз, оның барлық материалдарымен танысыңыз. Содан кейін сіз үшін маңызды тарауларды қайта оқып шығыңыз, өзгемен емес өзіңізбен ақысыз жұмыс жасаңыз. Сипатталған принциптерге, идеаляларға сіздің санаңызға мүмкіндігінше терең енуге мүмкіндік беріңіз, бірақ ең бастысы – оларды тез арада, дереу іс жүзіне асырыңыз былайша айтқанда реалды (шынайы) өмірге əкеліңіз.


Гипноздан шығыңыз.


Əр адам белгілі бір дəрежеде басқа адамдардан (ортадан) алынған ақпаратпен немесе өзін-өзі сендірген, шындық (ақиқат) деп қабылдаған ойлармен гипнозға ұшырайды. Бұл ойлар оның мінез-құлқына, іс-əрекетіне, (тірі ж/е виртуалды әлемдегі гипнозшының шеберлігіне байланысты) əсер етеді. Бала кезден бастап барлық адамдар бейсаналы түрде гипноз күйіне міндетті түрде түседі. Түсінікті болу үшін, гипноз кезінде адамға не болатынын түсіндіріп берейін. Егер де бір сау адамды бір нəрсені жасай алмайсың, қолыңнан келмейді деп сендірсе, ол шынымен де сол əрекетті жасай алмайды. Себебі сенім санадан бейсанаға (яғни жүрекке) өтіп кетсе адам сол сеніміне байланысты зомбиға айналады. Бұл оның мұны істеуге тырыспағандығынан емес екенін ескеріңіз. Ол тырысады, бірақ жасай алмайды. Бір жағынан, ол əрекетті ерікті санасымен немесе физикалық күш салу арқылы жасауға тырысады. Бірақ екінші жағынан, «сенің қолыңнан келмейді, жасай алмайсың» деген сенім оның ақыл-ойына, санасына бұл «мүмкін емес» деп сендіреді.


«Өз-өзімізді Гипноздау» жағдайында біз ақыл-ой күшімен жəне дене күшімен айналысамыз яғни сенімге байланысты әрекет етеміз. Бірақ адамның ерікті санасы (ақыл-ойы) да, физикалық қозғалу қабілеті (дене күш-қуаты) да «Бейсанадан» еріксіз санадан жеңіліп қалады. Тағы да бір мысал: бұл бейсана мен ерік-жігер күресі. Онда бейсана əрқашан жеңімпаз болып шығады! Көптеген адамдар өз өмірлерін тек ерік-жігермен ғана өзгерте алатынына сенімді. Олай емес! Санадан туындаған теріс (жағымсыз, негативті) ойлар олардың өздеріне зиян келтіреді. Жұмсалған ерік-жігерге қарамастан, олар бейсананы түзетпей нəтижеге қол жеткізе алмайды.


Олар бейсанасымен жалған, өтірік сенімді дəлелденген факт ретінде қабылдап қойған. Олардың барлық қабілеттері, жақсы ізгі ниеттері мен ерік-жігері, шындық деп қабылдаған сенімі ақиқат емес жалған болса мүлдем пайдасыз болады, тіпті зиянды болуы мүмкін. Сондықтан сыртқы «Өзін-өзі Гипноздаудан» шығыңыз. Мен адамның мүмкіндіктері шексіз екенін дəлелдей аламын, себебі оның қиялы мен санасының күш-қуаты да шексіз. Жалпы адамның миы екі әлемнен тұрады «Қиял Әлемі» ж/е «Сана». Қиял әлемінде адам қиялдайды, армандайды, бұл «Ішкі Визуализацияның» бір түрі. Ал сана үшке бөлінеді: «Бейсана» (еріксіз), «Ақыл» (ерікті), «СуперСана» немесе «Жоғарғы Сана» (еріксіз). Әрқайсысына бейсанадан бастап алдағы тарауларда тоқталатын боламыз.


Гипнотизёрлар жайлы


Гипнотизёрлар шоу жасап өздерін сиқыршы ретінде сезінеді, өйткені олар адамды өз еркінен тыс əрекеттерді жасауға мəжбүр етеді. Сығандық гипноз жайлы естіген шығарсыз немесе шамандық транс. Гипнозды сығандар ұрлық мақсатында пайдаланған, ал шамандар емдік мақсатта, жын шығару үшін (психозды басу үшін) пайдаланған. Олар өздерінің не істеп жатқанын білмеген, бұны білімсіз тәжірибе дейді, Сығандар да Шамандар да Мидың қалай жұмыс істейтінін білмейді. Бірақ олар оқымаған білімінің нақты тәжірибесін біледі, Шамандар жын шығару үшін, ауруларды сендіру, гипонздау арқылы емдеу үшін пайдаланған және бұл шынымен жұмыс істеген. Қазіргі ғылымның дәлелдеуі бойынша гипоздаудың екі тәсілі де мидағы «Доминанта Теориясы» бойынша қол жеткізген. Шындық мынада: адамды гипнозға түсуге итермелейтін күш оның ішінде (бейсана) жасырылған. Мұны түсінбестен, адам өз бейсанасымен «Өзін-өзі Гипноздайды», ол өзін қандай да бір əрекеттерді «жасай аламын» не «жасай алмаймын» деп сендіреді. Гипноз жалпы еріксіз болса да, дегенмен кей адамдарды еркіне қарсы гипноздай алмайды, оған мысал баласына қайтыс болар шағында анасы сыйға тартқан жүзікті шештіре алмаған гипнотизёр. Себебі гипноз жүректен сезімнен яғни махаббаттан биік емес. Гипноз – адамды тез бір нəрсеге сендіруге көмектесетін өткізгіш көпір ғана. Мен гипноздың мысалын сізге баға жетпес пайда əкелетін психологиялық принциптің мысалы ретінде келтірдім.


Бір адамды оның суретші екеніне гипноздап тастауға болады, оның бейсанасы «Мен суретшімін» дейді, бірақ оның қолына қарандаш пен бояу берсеңіз, оның ішінде үлкен соғыс басталады, «Мен суретшімін Бірақ мен қалай сурет сала алмаймын?» Бейсанаға қайтадан өзгеруге жаңа сенім қалыптастыруға тура келеді, Ол ойлауы мүмкін мен не қуып кеттім не мені біреу Гипноздап тастады деп, Бейсана қуып кеттім деген сөзді естігенде «кері байланыс» бойынша қайтадан адаптация жүреді және гипноз шешіледі. Ол енді зомби емес. Ал енді біз қалай сыртқы қоршаған ортаның гипнозынан шығамыз?


Ата-ана – гипнотизёр, бала соған өзін сендіруші. Мұғалім – гипнотизёр, шәкірт соған өзін сендіруші. Балаға, студентке не оқушыға гипноз ұнамаса олар сенбейді және «Өз-өздерін Гипноздай» бастайды, тәрбиені соц сеть пен интернеттен іздейді, білімді өздігінен іздеп оқиды және өмірде орнын таба алмай қиналады, ата-ана мен мұғалім осылай бәрін бүлдіреді. Неғұрлым əсерлі мысал – емдеу тəжірибесі, мұнда науқас емші балгер тәуіптің басшылығымен өз ауруын сеніммен емдейді. Плацебо эффектісі жайлы естіген шығарсыз адамға (əдемі қорапта) саған мына дəрі көмектеседі деген сөздің өзі жетіп жатыр, ал шын мəнісінде ағза өзін өзі емдейтін (Құдай берген) қабілетке ие. Ал Плацебо жай ғана кездейсоқтық, негізі организм өзіне-өзі жазылып кеткен еді. Сондықтан да медицина үшін шын көмектесетін дəріні өтірік дəріден тəжірибе жасау арқылы айыра білу өте маңызды. Жалған және өтірік «Өзін-өзі Сендіру» (гипоназдау) мысалын неше түрлі қоршаған ортадағы ақпараттарға да келтіруге болады. Саны көп бірақ сапасы жоқ. Пайдасызы, зияндысы көп (80%) бірақ пайдалысы аз (20%). Қажет ақпарат қажет кезде болмаса (көмектеспесе) оқыған мың кітабыңнан не пайда? Цифровой зомбилар көбейген уақытта Маркетологтар сіздің цифрлық зомби екеніңізді біледі, сондықтан да олар сізді өзіңізден артық зерттеген, таныған, кеш болмай тұрғанда бұндай Гипноздан шығыңыз, Өз-өзіңізді гипноздауды шешіңіз!


Адам бір ақпаратқа сене салысымен, (рас өтірігіне қарамастан, ақиқатпен тексерместен) ол соған сəйкес əрекет ете бастайды. Егер олар жалған болса да, оның сенімін растайтын фактілерді бейсана (еріксіз) жинап алады, ал ақыл (ерікті) қолдай бастайды. Бұдан мынандай қорытынды жасауға болады: егер де біреу ақиқатқа (Жаратушы сөзі – Құран мен жаратылыс, табиғат заңдылықтары – ғылым) сəйкес келмейтін ақпаратты қабылдаса, оның барлық кейінгі əрекеттері мен реакциялары (қабылдау), ойлануы өтірік жалған сенімге негізделген болады. Бұл идея оригинальный болмаңдар демейді. Тек шындықтың (пайдалы, пайдасыз, зиянды) бәрі ақиқат деп ойламаңыз. Ол сіз үшін ғана ақиқат, өзіңіз ақылыңызбен құрастырып жасап алған, бірақ жаратылыс деңгейінде ақиқат емес. Ал бізге тек өмір, жаратылыс (табиғат) заңдылықтарына (Құдай жаратқан) сену керек, Жаратушы сөзіне сену керек. Міне сол – ақиқат. Тек шын ақиқат қана адамды шын бостандыққа шығара алады. Бұл туралы келесі бөлімде айтатын боламын.


Егер адам өз сенімін, саналы түрде өзгертуге шешім қабылдағанға дейін, өзгертуге кіріскенге дейін, оны ешкім басқаша/керісінше сендіре алмайды. Сенімді өзгерту үшін көп мықты тәжірибе мен эмоционалды пайдалы ақпарат (білім) керек.


Заман (уақыт) басталғаннан бері адамдар өздері білмейтін гипноздық ұйқыда болып келді жəне ояну үшін ақиқатқа сүйенген білім мен тəжірибе керек болды. Ол туралы тек ұлы тəлімгерлер мен ұстаздар ғана білген. Олар адамзат өзін қате фактілермен шектейтінін түсінді жəне өзінің əлеуетін біз армандайтын барлық нəрселерден (сыртқы бақыттан) гөрі одан асып түсетін үлкен жетістіктерге (ішкі шын бақытқа) бағыттауға тырысты. Сондықтан өмірге (дүниеге), басқа адамдарға, виртуалды әлемге қатты сенімді болмау өте маңызды. Шынында адам тек Құдайға ғана сенімді болу керек. Құдайға сенімді адам өзіне сенімді болады, себебі ақиқат ешқашан алдамайды. Біз қазіргі өмір туралы, өзіміз туралы, Құдай туралы ойларымызда тек менікі ғана ақиқат, менікі ғана дұрыс деп бір жақты айтпауымыз керек. Керісінше, осы сəттен бастап бұдан былай біз өзіміздің потенциалымызды ашуға мүмкіндік бермейтін, кедергі келтіретін, жалған сенімдер, түсініктер мен құндылықтардың (стереотип, тренд, мода, хайп, байланған идеологиялар) гипнозына түскеніңізді түсініп, мойындауымыз керек. Сіз бен біз негізінен (қоршаған ортаның) шабыттандырған, азғырған (қоздырған) жəне үйреткен нəрселерінің нəтижесіміз немесе құрбанымыз. Сондықтан ел-жұрт айтты екен деп әр нәрсеге сене берудің қажеті жоқ, сол сияқты ватсаптағы хабарламаларға да байланысты. Қарапайым адамдардың көпшілігі өзінің шексіз (қуатты) əлеуетті мүмкіндігі бар екенін білмеуі жəне оны ашуға (пайдалануға) тырсыпауы мүмкін, өйткені олар зиянды шындықпен «Қалай өмір сүру керектігін тек өзім білемін» деген жалған сеніммен өмір сүреді. Олар ата-аналарға, мұғалімдерге, уағызшыларға, танымал адамдарға, байларға, кітаптарға сенеді жəне сол сенгенінің дұрыстығын дəлелдеуге тырыспайды, себебі адамның көбісі «Құлдық Санада». Оларды үй іші, мектеп, көше немесе интернет (əлеуметтік желілер) не өсіреді не өшіреді. Өмірде миллиондаған адамдар «ақылдылар» деп аталатын тұлғаларға, олардың жалынды (қызу) сөздеріне ойланбастан сене салады, ал оны «сарапшылар» (сыншы, баға берушілер) яғни біз, жай ғана мойындай саламыз немесе олармен виртуалды ырылдасамыз. Олардың ұстанған қағидалары (канон) ақиқатқа, шынайы (реалды) өмірге сəйке екендігіне көз жеткізуге тырыспаймыз. Біз осы жалған құндылықтар мен соқыр сенімдерге жабысып алып, жалған дүниені өз болмысымыздан артық санап одан əрі санамызды шектейміз.


Бақытымызға не бақытсыздығымызға орай, адамдар немесе ақпараттар жалпы алғанда қоршаған орта бізді қазіргі сана деңгейіне жеткізді. Ол деңгейден асып түсу үшін Құдайға жəне өзімізге деген шексіз сенімділікті ашу жəне дамыту қажет болады. Сіздің бірінші міндетіңіз жұмысыңыз – гипнозды ұйқыдан ояну, себебі ол қазір сіз болуға лайық адам болуға кедергі келтіріп жатыр. Сіз болуға лайық адам «Мұсылман/Иманды» болу, «Құдай болу» емес, «Құдайға ұқсау». Алла қалаған роль осы. Келесі қортыныдымен (мəлімдеме, тұжырыммен) таныс болыңыз: Гипноздан ояну үшін сізге өзіңіз жайлы, өмір жайлы, Құдай жайлы, шындықты қабылдау шарт емес, себебі шындық рас болуы да мүмкін, өтірік болуы да мүмкін, жалпы алғанда шындық жалған. Ояну үшін сіз өзіңіз жайлы, өмір жайлы, Құдай жалы ақиқатты тануыңыз керек, сонда адамда сүйіспеншілік пайда болады және қабылдау, сену қиынға түспейді. «Ақиқат» жалған сөзінің антонимы, ол ешқашан да «рас/өтірік» болмайды, ол әрдайым «Шын» болады. Шындық пен ақиқат мағынасы екі бөлек, шындық деп біз өмірде болып жатқан барлық жағдайды (жақсылық/жамандық), өзіңіздің жасаған барлық амалдарыңызды (күнə/сауап), Құдай туралы адамның айтатын неше түрлі ойларын айтамыз (рас/өтірік). Шындық дегеніміз реальность екенін ұмытпаңыз, мейлі ол қандай болса да. Ал ақиқат үшін мейлі емес, ол үшін бәрі қымбат, маңызды, ақиқат деп біз Құдай сөзін жəне Ғылыми дəлелдерді ғана айта айтамыз. Ал енді осы идеяны қайтадан оқып шығыңыз! Бұл сіздің өміріңізді жақсарту қабілетіңізді, бақытты болуды, жалпы адам болуды анықтайтын негізгі фактор. Ұлы Ұстаздың сөзімен айтсақ, «Құдайды танып біл, тек Құдай ғана сені құлдықтан азат етеді» немесе «Ақиқатты таны, тек Ақиқат қана сені шынайы бостандыққа шығарады».


Осы кітапта келтірілген көптеген ақпараттар, ойлар, идеялар сіз қазір дұрыс деп санайтын сеніммен бірден қайшылыққа түсуі мүмкін. Кейбіреулері тіпті оғаш, ақылға қонбайтын, әдеттен тыс немесе қисынсыз, ақылға сыймайтын, жөн-жосықсыз болып көрініп, сенім жүйеңізді шайқалтауы мүмкін. Таңдау өз еркіңізде: не бұл кітапқа сеніңіз немесе оған қарсы тұрыңыз. Сіздің өміріңіз сіз қабылдайтын ақпараттың мазмұны мен мəніне байланысты өзгереді. Кез-келген ақпартты қабылдамас бұрын оның сіздің қалау, арман, мақсатыңызға – пайдалы, пайдасыз, зиянды екенін анықтап алыңыз Егер сіз бақытты болуға жəне өзіне деген сенімділікті арттыруға шын жүректен дайын болсаңыз, онда сіз ақыл-ойдың көзін ашуыңыз керек. Сонда сіз дұрыс қабылдауды үйренесіз, ақпараттарды жіктеу, саралау, сараптау, талдауды үйренесіз. Егер сіз шынымен бақытты болуға талпынсаңыз жəне өзіңізге деген сенімділікті арттырсаңыз, онда сіз өз ақылыңыздың кілтін ашқаныңыз.


Жалпы кітап жазғандағы мақсатым мен сияқты емес яғни кітапта жазылғандай емес, өз ақылыңызбен ақиқатқа сүйене отырып ойлануды үйренгеніңізді қалаймын. Менің жазған кітабым өзім үшін шындық шығар бірақ ақиқатында ақиқат емес. Ақиқаттың не екенін біз жоғарыда атап өттік. Бұрынғы шындық деп ойлап келгеніңіздің ақиқатын дəлелдеген кезде пайда болатын ішкі сезім мен болашаққа деген үміт пен сенім – шексіз сенімділіктің «негізі» болып табылады. Ескі «жалған», деструктивті зәулім сарайдың орнына жаңа «конструктивті», «ақиқат» ғимаратын салу үшін алдымен «жалған» зәулім сарайды фундаментімен қоса жермен-жексен ету керек. Басқаша айтқанда миыңыздағы бастапқы топырақ құрылымын (структурасын) өзгертіп, бейсанадағы барлық кедергі не қиындық тудырып тұрған ағаштарды шабу керек.


Мұны сіз толық, сергек, жарқын жəне (іштей) бай, бақытты өмір сүруге кедергі келтіретін қате фактілердің «негізін» шайқау, сілку, теңселту, жұлқылау арқылы жасай аласыз. Бұл негіздер («шексіз сенімділік» және оған қарсы «қате фактілер») осы кітапта талқыланады.


Жалған сенім бостандықты қалай шектейді?


Сенім дегеніміз не? Олар біз шындық деп қабылдаған саналы жəне бейсаналық ақпаратты білдіреді. Өкінішке орай, жалған сенім еркіндікті, бостандықты шектейді жəне бізді шынайы ақиқатқа қол жеткізуден айырады. Біз жалпы қалаған нəрсені ғана қабылдаймыз, қалғандарынан бас тартамыз. Ақиқат ешқашан «қырсық адамға» ашылмайды. Сіз ондай адамдарды білетін шығарсыз. Олар əрдайым өтірік «фактілермен» жұмыс істейді, олардың сана деңгейінен асып түсетін нəрсені айтсаң мойындағысы келмейді жəне оны өзінің ақылына қауіпті деп санайды. Жаңа, ерекше жəне жарқын ой-пікір, идеяларға олар «жаман» немесе, «қолайсыз» дейтін белгілерді жапсырады. Ескі, дəстүрлі жəне қате ойларға үйреніп қалғандықтан теріс әдеттері көп. Олар үшін «ақиқат» қаншалықты ауыр, қиын болса да, шын, дұрыс, тура екенін түсінуден бас тартады, ал жалған олар үшін жеңіл, оңай, алдамшы болғандықтан «менікі дұрыс, өзім білемін» деп оны түсінуден бас тартпайды. Ақиқат өмірден, біз қанша ұнатпасақ та, әрдайым «ізгілік ақиқаттан ғана пайда болады», ал жалған өмірден, біз қанша ұнатсақ та, əрдайым «зұлымдық жалғандықтан пайда болуы мүмкін». Өз сенімдерін қорғау үшін бұл адамдар айналасына берік қабырғалар, тастан қорғандар тұрғызады және соған Құдайдай сенеді. Олар өз сенімдерін құтқару үшін, олар «Ақиқат құрушы, жасаушы, салушылардан» қашып, олардың сенімін қабылдай алмайды. Ақиқатпен байланысты үзуге шақырады. «Қыңыр, (қисық) сенуші» ойлау қабілетін жақсарту, үйлесімге келтіру, тәсілін өзгерту туралы ойланбайды, себебі орта оған мұрша бермейді деп сенеді, бұл оны надан немесе ақымақ қылуы және ақыр аяғында басқаға тәуелді етуі мүмкін. Ол өзі салған қабырғалардың ішіндегі сенімдерді ғана көреді, таниды жəне бұл оған ақылдың, сананың шексіз екені жайлы ақиқатты көруге, тануға, зерттеуге мүмкіндік бермейді. Мұндай адамдар ақиқаттың, әрқашан оны шектеу үшін қоршаған ортадан алынған кез-келген шындықтан (ақпараттан) үлкен, жоғары екенін түсінбейді. Иман тұрғысынан мысал: Пайғамбар сүннеті, Құдай әмірі, Құран сөзі мешіттің сыртында да көрініс табуы керек, ол мешіттің ішімен ғана, ғимаратпен ғана шектелмеуі керек. Немесе ғылым-білімнің сыртқы формасымен ғана шектелмеу, ішкі мәнісіне терең үңілу, ең жанды жерін өз игілігіне пайдалана білу. Сондай нағыз тәуелсіз, санасы шектелмеген, ақиқатпен әрдайым бірге болатын аламдар көп болсын!


Есіңізде болсын: ақиқат пен шындық синоним емес жəне оларды шатастырмау керек. Ақиқаттың шындықтан айырмашылығы, ақиқат шектемейді ж/е шектелмейді. Ол жаңа білімге, ғылымға, әрқашан өсіп, дамуға шақырады. Əр адам ақиқатты мүмкіндігінше тереңірек түсінуге тырысуы керек. «Қыңыр (қисық) сенуші» барлық сұрақтарға жауапты білемін, мен танымаған ақпарат жоқ деп ойлайды. Ал ақиқатқа сенетін адам біледі: адам қанша көп білсе де, əрқашан белгісіз, шексіз ақпараттар қала береді – сондықтан үнемі рухани ағартушылыққа, алға қарай, шыңға қарай шексіз ұмтыла береді.


Біз «қате фактілермен» шектелеміз


Егер біз өмірімізді түбегейлі, түпкілікті, жүйелі түрде жақсартқымыз, үйлесімге келтіргіміз келсе, алдымен бізді мазалайтын проблемалардың себебін анықтауымыз керек. Ол сөзсіз «қате фактілерде» жатыр. «Қате фактілер» – бұл біз дұрыс, рас деп санайтын сенімдер, іс жүзінде олардың бәрі шындыққа жатады, бірақ ақиқат емес. Олар, əдетте, адам қалауына негізделген. Бұлар қате, бұрыс, жалған қабылдаулар. Бұл ақиқатты бұрмалайды жəне өзін-өзі алдауға əкеледі. Біз бəрін өзіміз қалағандай көргіміз келеді, ақиқатқа көз жұмып, ал негізі біз «сенімнің дұрыс, түзу призмасы» арқылы əлемге (қоршаған орта – шындыққа) қарауымыз керек. Біз өмірді (шындықты) өзімізді өзгерте алатын деңгейде ғана өзгерте аламыз. Ортаны, жақын адамдарды рухани өсіріп, дамыту үшін адам бірінші өзін өсіріп, дамыту керек.


«Қате фактілерді» яғни жалған сенімдерімізді түсіну арқылы ғана біз өзімізді өзгерте, жақсарта аламыз. Көптеген проблемалар ақиқатқа сəйкес келмейтін үміттерге байланысты туындайды және ешқашан орындалмайтын армандарға байланысты. Көңілсіздік – бұл біздің ойымызша, «өмір… болуы керек» жəне «мен… болуым керек» деген қате идеализацияланған идеяның салдары. Бұл құбылыс ақиқаттың кедергісі ретінде белгілі. Эмерсон: «мен күні бойы не ойласам, мен сондаймын», – деді. Қазір сізбен интеллектуалды, эмоционалды, физикалық (қозғалыс) жəне рухани, 4 ЖАҒДАЙ тұрғысында болып жатқанның бəрі – сіздің санаңызда болып жатқан оқиғалардың нəтижесі.


Сіз өзіңіздің қазіргі ақпараттану деңгейіңіз қандай? Сіз тек сана деңгейіңізге негізделген ақпаратты қабылдайсыз немесе қабылдамайсыз. Шынайы сананың (хабардарлық) нақты деңгейі біліммен, қоршаған ортамен, отбасылық өмірмен, балалық шақтағы тəжірибемен, сəттіліктермен, сəтсіздіктермен жəне діни сенімдермен анықталады ж/е соларға байланысты. Жақында сіз осы уақытқа дейін, әлі күнге дейін шын, рас деп ойлаған, санаған ақпараттың көп бөлігі шындыққа жанаспайтынын көресіз, олар іс жүзінде ақиқат болмай шығады.


Ақиқаттың берік негізін құрайтын сенімдер туралы осы кітаптағы баяндалған материалдарды оқи отырып, танысу арқылы сіз өзіңіздің қазіргі сана (хабардарлық дегеніміз сіз қаншалықты көп білесіз ж/е қаншалықты ақылыңыз мәліметтерге толы) деңгейіңізге негізделген ақпаратты қабылдайтын немесе қабылдамайтын боласыз. Ақпараттың көбісі, өкінішке орай, бұрыс (дұрыс емес), қате, өтірік, жалған немесе бұрмаланған болуы мүмкін.


Қазіргі сана деңгейін өзгерту ешкімге ұнамайды!


Әдетте келесі себептерге байланысты қазіргі кездегі сана (хабардарлық) деңгейін өзгерту, түзету, жақсарту, жетілдіру қиынға соғады, көбісіне ұнамайды. Бұрынғы себептерге байланысты қалыптасқан сана деңгейімен жұмыс жасау оңай болмайды. Біздің бейсанамызға сурет салғанымыздың бəрі біздің ішкі портретімізді көрсетеді. Біз үшін сол портрет «Мен», «Басқа», «Дүние мен Ақырет (өмір)», «Құдай» туралы түсінігімізге негізделген. Біз оның қаншалықты бұрмаланғанын немесе бұрмаланбағанын ескермейміз, қарастырмаймыз, сондықтан біз үшін оңай емес. Біздің ақыл-ойымыз барлық əрекеттер мен реакцияларды (қабылдауды) басқарады.


Өзіңді-өзің ақтау, сылтау айту, жалқаулыққа себеп ойлап табу, әлдеқайда жеңілірек, оңайырақ, бұл ешқандай да «логикалық негіз, дəлел» емес расында бұның барлығы өзімізге қарсы жалған аргумент, көбісі бұған жаман әдеттеніп алған. Көбіне ұнамаса да, неге біз үшін өзімізді өзгерту, түзету, жақсарту, жетілдірудің қажеті жоқ немесе тіпті мүмкін емес деп есептейміз?


Біз қазіргі құндылықтарымызды қолдайтын сыртқы əсерлерден қалыптасқан немесе өзіміз ойлап тапқан сенімге, тәжірибеге қарай таңдау жасаймыз. Сонымен бірге, біз күнделікті қолданыстағы әдеттенеген наным-сенімдерге сəйкес келмейтіндерді елемейміз немесе тіпті қабылдамаймыз, одан бас тартамыз. Біз бейсана мен санаға (орталық жүйке жүйесіне) өмірлік/өзіндік жағдайларға, ортаға байланысты дұрыс емес реакцияларды (сыртқы не ішкі әсерге жүйке жүйесінің жауабы) қабылдадық, əрі карай дұрыс емес бағдарламаладық. Бұл бізбен не болып жатқанын басқаша емес, дəл осылай қабылдауға мəжбүр етті. Басқаша айтқанда, біз өзімізді/өмірді/өзгені/Құдайды қалай қабылдаймыз, ойлаймыз, бейнелейміз, сезінеміз жəне және соған байланысты байланысты əрекет етеміз.


1) Қабылдау + ойлау, бейнелеу + сезіну = әрекет ету.


2) Ақпарат (айналады ой (Аффирмация) мен бейнеге (Визуализация) <ой мен бейне (оймен бейне айналады сезімге) <сезім (эмоция) = (осы цепочка бойынша) ең соңында эмоц амал- әрекетті мəжбүрлейді.


Әуел бастан мұндай жүйені біз өзіміз құрған жоқпыз «Орта» (Эпигенетика) құрды жəне оны біз «тағдыр» деп атадық. Кей адамдар керісінше ойлайды «бәрі біздің өзімізден» деп. Бастысы біз оның негізгі заңдарын өзгерте, жақсарта, түзете, жетілдіре аламыз, ол біздің қолымыздан келеді.


Біздің миымыз компьютер не робот сияқты, бірақ оларда сезім мен жүрек (бейсана) жоқ, таңдау еркі шексіз емес, қалай бағдарламаланған тек солай ған әрекет етеді. Біз робот немесе ИИ сияқты болмауымыз керек, мал сияқты ойламай, жүрек пен бейсананы іске қосу керек. Ондай бейсанасы (жүрегі), эгоизмі, жыны бар «Жасанды Интеллектті» ешқашан ойлап таба алмайды. Ол үшін ғалымдар миды 100% зерттеуі керек, ал ол ақырзаман орағанша дейін мүмкін емес. Сіз роботқа инстинкт (төменгі сана, хайуани сана, эгоизм), интеллект (ақыл-ой), интуиция (жоғарғы сана) сияқты күрделі эволюциялық жолмен дамыған сананың бөліктерін революциялық жолмен сала алмайсыз.


«Сенің өзгеруің керек» жағдайлар бар екенін орта бізге айтады, бірақ сонымен бірге олар: біздің жағдайымыз басқа адамдардың жағдайынан өзгеше емес екенін айтпайды. Барлығын да проблема бір. Олар бірінші «сыртқы жағдайды» сосын барып «ішкі жағдайды» өзгертуге тырысады, негізінен бірінші «ішкі жағдайымызбен» айналысу керекпіз, сосын барып «сыртқы жағдайымыз» өзінен-өзі автоматты түрде дұрысталып өзгереді, жақсарады, түзеледі. Сыртқы жағдай ішкі жағдайдаға тәуелді, сондықтан бірінші «ішкі жағдаймен» жұмыс істемей «сыртқы жағдайды» өзгерту, жақсарту, түзету мүмкін емес. Көп адамдар бұл ережеге саналы/бейсаналы түрде бағынады, егер олай болмаса бұл біздің сенімімізге қауіп төндіретін көп мүмкіндік пен жақсылықтардан аулақ болуға, кез-келген тамаша идеялардан бас тартуға мəжбүр етеді. Керісінше бұл бізді жаман әдеттерге жақын болуға жəне біздің рухани жағдайымызды бұзуға әсер етеді. Мысалы, маскүнемді алайық. Оның көзқарасы бойынша ішуді жалғастыру ұтымды, қолайлы, (баһралы) жəне қисынды, логикаға сай. Кейде олар «Мен тек орнымен, ретімен (тойда) ғана ішемін» дейді. Алкоголь адамның жолын байлап тастайды, мінезді бұзады, отбасылық жанжал мен материалдық жетіспеушілікке алып келеді. Нашақор, құмар ойыншы, тамақ тұтынуда өзін шектей алмайтын адам – бəрі де өздерінің құмарлықтарына, тәуелділіктеріне қатысты бірдей сезімде (эмоция), олардың сенімдері қаншалықты жалған, алдамшы болса да, қазіргі сана деңгейіне сүйене отырып, өз іс-əрекеттерін сенімді түрде түсіндіріп, нақты жауап бере алмайды. «Мен өзіме не болып кеткенін білмеймін» дейді. Олардың ішінде үлкен аргументтік (сенімді қуаттау не теріске шығару үшін ақылдың бейсанаға келтірілетін дәлелі) соғыс жүреді. Таңдау жасау, шешім қабылдау кезінде, не «иə» не «жоқ» екенін «Ақыл» (сіздің ерікті ойларыңыз) «Бейсанаға» (сіз үшін еріксіз, сізді басқарушы) дəлелдеп беруі керек. Барлығы да қазіргі сенім мен түсінікке, эмоционалды басым ойларға байланысты, ал бейсана мен ақыл соғысында кім жеңеді сол ерікті іске қосып таңдау жасайды, шешім қабылдайды. Содан екі иығымызға жазылатын «сауапты» не «күнәлі» амал-əрекет пайда болады.


Мен тек фактіге ғана сенемін дейтін адамдар бар, Бірақ оның Құран шындығымен, Ғылым дəлелдерімен сəйкес келмесе ол факт, ақиқат емес ол сіздің санаңызда ғана ақиқат, Ал өмір (дүние мен ақырет) сіздің миыңыздағы қабылдаған не ойдан шығарған заңдылықтарға бағынбайды, ол тек Жаратушы жаратқан табиғат (өмір) заңдылықтарына ғана бағынады. Сананы (адам жанын) өзгерту, түзету, жақсарту жолындағы ең үлкен кедергілер – қате фактілер (өзімізге дəлдеу тырысатын аргументтер), жалған сенімдер мен өтірік уағыз-насихаттар, инцидент (ішкі/сыртқы қақтығыс пен жанжал), казус (ішкі/сыртқы қиын жағдайлар), шындықты ақиқат деп қабылдау ж/е өтірік, пайдасыз ақпаратты қабылдап жатқанымызды, оның сананы бұрмалап жатқанын мойындаудан бас тарту. Бұрыс қабылдау осыдан шығады. Сондықтан кейде біздің өз көзқарастарыңызға күмəнданатынымыз бар. Жалған ұстанымдарға (позиция, принцип) сүйенетініміз мүмкін екенін тексеру, өте маңызды. Тұрақсыз адамның наным-сенімдері мен дүниетанымы үздіксіз өзін-өзі сендіру, гиноздау процесіне ұшырайды, ал бірқалыпты тұтас тұлғаның дүниетанымы үздіксіз өзгеру, жақсару, рухани жетілу, өсу, даму процесіне ұшырайды. Ал егер невротикалық адам болса, онда ол ұзақ уақытқа дейін өткенге жабысып алады, өзін әлсіз, шарасыз екендігіне сендіреді, себебі ақылының ойлау жүйесі эмоционалдық бұзылған. Невротикалық адамның өткен шақтағы шешімдері, әрекеттері туралы ойлана беруінің жалғыз себебі – ескі, сау модельдерді қайта құруға жəне əдеттерін өзгертуге өзін мəжбүр ете алмайтын (демотивация мен депрессия) ауыр ішкі дағдарыстар.


Егер сіздің ойыңыз жалған жəне бұрмаланған сенімдер мен құндылықтарға бағдарламаланған болса, онда сіз өзіңіздің өмір сүру салтыңызды соған сай етіп жасайсыз, оларды барлық жағынан ақтап аласыз. Сіз ақиқатты жалған деп қабылдайсыз. Осыдан кейін, өз сенімдеріңізді дəлелдеуге тырысқанда, ақиқатты бұрмалай бастайсыз. Бір жалған сенім екіншісіне апарады. Бұл нағыз шырғалаң шеңбер (порочный круг), оны бұзып шығу керек. Әйтпесе сіз ақыл-ой мен əрекет ету қабілетін əлсіретіп тастайсыз, өзіңізді өмірден жоғалтып аласыз. Сіз өз құйрығын ойнап қуған итке ұқсап кетесіз. Сондықтан жабық қоршауды, орта сызып берген тұйық шеңберді жарып шығыңыз!


Бірінші басымдық сіз үшін бірінші басымдық-сананың шекарасын кеңейту. Онда саған дым жоқ айналайын. Маған өз ісім ұнамайды, рахат, лəззат Поощрение əкелмейді ТІПТІ ЕРКЕЛІК КерісіншеУрааааа… Мен бірінші құпияны бітірдім еще крещение Дəл бүгіндей Құдайғашүкір. Афф Путь не просто Жоқ өте оңай Сондықтан Хватит действуй дан баста


Ең бірінші басымдылық (приоритет) сіз үшін


Сіз үшін бірінші нөмірлік орында болуы тиіс басымдылық, артықшылық – сананың шекарасын кеңейту. Ой-өрісі (кругозор) кең адам мал емес. Ғылымның жаңа көкжиектері, Білімнің тереңдігі, арман, мақсат, жоспарлау горизонты мен мүмкіншілгі шексіз. Мұны жүзеге асыра отырып, жұмыс істеу арқылы сіз өзіңіздің көптен бері армандаған сенімді адам болуыңызға мүмкіндік бермейтін, кедергі келтіретін қате фактілерден, жалған сенімдерден арыласыз. Олар сіздің қаншалықты бірегей, баға жетпес жəне талантты, дарынды екеніңізді түсінуге қиындық тудырады. Қажетті оң, жағымды, позитивті нəтижеге жету үшін сізге келесі əрекеттерді орындау қажет болады.


1. «Дұрыс» ж/е «Бұрыс», «Жақсы» ж/е «Жаман» туралы өз жалған сенімдеріңізді автоматты түрде жəне негізсіз қорғауды тоқтатыңыз, әйтпесе Кітаптағы «жаңа идеяларға», «ақиқат ойларға» қол жеткізе алмайсыз.

2. Үміт, сенім мен түсінікті, құндылықтарды (не?), идеалдарды (кім?), болжамдарды (қандай?), өмірдің мәнін, арман-мақсаттарды, мотивтерді, өз ниетіңізді асыра бағаламаңыз (тым жоғары баға бермеңіз). Бұл міндетті түрде «Тәкаппарлыққа», «Мақтануға», «Бөсуге» алып келеді. Сізге өзіңізге, өмірге, өзгеге, Құдайға реалды, адекватты баға беру қажет.

3. Шынайы рухани қажеттіліктер мен ақиқатты тану, түсіну жəне сүю өте маңызды. Себебі рухани ақиқат қажеттіліктерін қанағаттандыру белгілі, анық, нақты мотивсіз, дәлелсіз, себепсіз, түрткісіз ең бастысы мотивациясыз (ынталандырусыз) болмайды

4. Өзіңіздің интуицияңызға (ішкі түйсік) сезігштікке яғни «Жоғарғы Сана Құдайға» сеніңіз.

5. Қателіктерді мойындауды жəне түзетуді үйрену; олардың құнды сабақ беретінін түсіну.

6. Сүйе білу, жақсы көру, өзіңізді ж/е өзгелерді.

7. Алдын-ала қорытынды жасамай жəне «бұл жақсы», «бұл жаман» деген сияқты пікір қалдырмай, тыңдауды үйреніңіз жəне олардың айтқанына міндетті түрде бірден сене салмай соңына дейін тыңдаңыз; «дұрыс» ж/е «дұрыс емес» деп бөлмеңіз, нәтежие шығармай (іспен дәлелдегенін көрмей), оданша «жалған», «уақытша», «алдамшы» немесе «ақиқат», «мəңгілік», «шын» деген имани сөздерді пайдалану арқылы сіз баянды бақытқа бір қадам жақындайсыз.

8. Сіз жақтайтын, қорғағайтын сенімге мұқият болыңыз.

9. Түсіну: жаңа сана сізді жақсы жаққа қарай өзгерту, түзету, жақсарту, жетілдіру үшін керекті құралдармен мотивтермен, себеп пен дәлелдермен қамтамасыз етеді, соларды ұсынады. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Менің сенімім ақылға қонымды ма (рационалды, орынды, оңтайлы, тиімді, ұтымды ма)?», «Мүмкін менікі қате шығар, мүмкін мен қателескен шығармын?». Егер сіз басқа адамға осындай сұрақтар қойсаңыз, сіз объективті түрде соттасуыңыз керек болар еді. Бұл жағдайда сіз олардың сенімінің «неліктен қате екенін» сенімді түрде дəлелдеуге міндеттісіз. Өз сенімдеріңізді дəл осы тұрғыдан қарауды, қарастыруды үйреніңіз. Кез-келген ақпаратқа күмəн келтіріңіз, сыни ойлау бұл өзіңмен соттасу емес өз жан тәніңді тегіс, жағымсыз, негативті салдарынан аман сақтап қалу. Мал сияқты ойламаңыз, ортаның не бергенін, не ұсынғанын ойланбай миыңызбен жей бермеңіз. Барлық мүмкіндіктерді, қабілеттерді қарастырғаннан жəне талдағаннан кейін ғана өзіңізге сұрақ қойып, қорытынды жасаңыз. Бізге интроспекция (өзіңді өзің бақылау ж/е зерттеу) керек яғни өзіміздің ішімізгеқарай керек. Оң, жағымды, позитивті жауап адамға өзін-өзі тану мен өзін-өзі аңдудан қорықпаған кезде ғана пайда болады.


Егер ол батыл, шешімді болса, ол өзі туралы белгілі бір маңызды шындықты ашып қана қоймай, психологиялық артықшылыққа ие болады. Ол өзінің адамдық қадір-қасиеті туралы «Декларацияға» ресми түрде мəлімдеп жеке өзі қол қойып, өзін-өзі тануды қалыптастыруға, өзіндік сана деңгейін өсіруге алғашқы қадам жасағандай болады. (Карл Юнг)


Неге сіз өзгерте ж/е өзгере аласыз


Сенімдер Басым, Күмəнді, Əлсіз болып бөлінеді. Кез-келген өзгерістің бастауы, бастапқы нүктесі – ерікті сананы «Ақылды» шектейтін басым сенімдерді еріксіз сана «Бейсана» арқылы ауыстыру, өзгерту, түзету. Алда бұл қалай жүзеге асатынын айтамыз. Өзгерту, Түзету, Жақсарту, Жетілдіру бейсана мен қиялға байланысты ж/е оларды осы екеуі басқарады. Бұл мүмкін, біз өз өмірімізді өзіміз жасайтын шығармыз, ортаның әсерімен, сондықтан болар.


Профессор Джеймс айтқандай, олар ойлаудың ішкі жақтарын (аспектілерін) өзгертуден басталады. Біз өз тəжірибемізден білеміз, сыртқы өзгерістер ішкі өзгерістердің салдары екен. «Доминантты Басым ойлар» мен «Сенімдерді» өзгерту… арқылы біз бейсанаға жəне соның салдарынан сыртқы жағдайларға əсер етеміз.


Бала кезімізден таныс Алиса туралы ертегіде басты кейіпкердің бір проблемасы болды. Ол өзінің жаңа əлемін түсінбестен бұрын, ескі таныс заттар туралы жаңа шындықты (реальность) қабылдауы керек еді, тағы да қайталап айтайын түсінбей тұрып қабылдауы керек еді, бұл өте қауіпті ғой. Бірақ бұл рухани есею процессі болатын. Ол жаңа əлемге (өмірге) бейімделуге мəжбүр болды.


Ойын карталарымен кездескен кезде Алиса картаның екі жағы бар екенін байқады. Егер ол біреуді шынымен білгісі келсе, екі жағына да қарау керек болатын. Басқаша айтқанда, толық суретті алу қажет болды, сонда ол адамның барлығы екіжүзді (дәл монетаның екі жағы сияқты) екенін түсінеді. Бұл біздің өмірімізге де қатысты. Өмірді дұрыс жолға бағыттау үшін мидың ішінде нəтиже бермейтін, жұмыс істемейтін барлық нəрсені тексеріп, неге бұлай болып жатқанын білу керек (біліп алу қажет). Бұл біз қазір тұрған жер мен біз қалаған жер арасындағы көпір салуға, құрылысын бастауға мүмкіндік береді; қазіргі уақытта біз кім екенімізді

жəне кім болғымыз келеді келетінін. Адамның ішкі құлдығының бірінші себебі – білместік пен надандық, ал бəрінен бұрын – өзіне деген білімсіздік пен надандық. Өзін-өзі танусыз, психологиялық механизмдердің жұмыс істеу принциптерінтүсінбестен, адам еркін бола алмайды, өзін басқара алмайды жəне дүниенің құлы атанып, сыртқы əсері күшті күштердің қолында ойыншық болып қала береді. Сондықтан барлық ежелгі ілімдерде азат ету жолындағы (бостандық алу жолындағы) алғашқы, бірінші талап «өзіңді біл», «өзіңді таны» болды.


Надандық Өзін-өзі танымаудан, оның психологиялық механизмдерінің жұмыс істеу принциптерін түсінбей, адам еркін бола алмайды, өзін-өзі басқара алмайды жəне мəңгілікке құдіретті күштердің қолындағы ойыншық болып қала береді. Сіз бұл өмірде тұтынушысыщ ба, әлде өндірушісіз бе? Өмірде қандай игроксыз? ПРОДУЦЕНТ (20%) әлде КОНСУМЕНТ (80%) консумент продуцентке әрдайым тәуелді, ол оның бағатын малы десе де болады, олар сізге азық береді сіз оларға ет, сүт, жүн бересіз. Гурджиф «Осы уақытқа дейін біздің ең үлкен проблемамыз, біздің кім екенінімізді, кім бола алатынымызды, кім болу керектігін және өмірлік миссиямызды білмеу болды» деді. Өзі туралы жалған өзіндік ішкі портрет (түсінік) шексіз əлеует пен мүмкіндіктің босатылуына жол бермейді, кедергі келтіреді. Сіз оның сыртында қанша шексіз кеңістік бар екенін білмейтін торда қамалған құс сияқтысыз. Қате фактілер (ойлап тапқан), жалған сенімдер (ортадан қабылдаған) сіздің бірегей (уникальный), баға жетпес талантты, дарынды екеніңізді түсінуге кедергі келтіреді.


Сонымен қорытынды:

Адам қолынан келетін істі басқа біреуге «істеп берші» деп айтуға болмайды. Бұл «Құлдық Сана» болады. Адам өзінің қолынан келетін істі басқа біреу жасап бергенін қаласа ол адам «Тәуелді». Адам біреу істегенді қайталау, еліктеу «Қойша ойлау» болады. Біріміздің артымыздан біріміз неге қойлар сияқты ере береміз? Ол «Мал сияқты ойлау» болады


2 ТАРАУ. Құлдық санадан арылыңыз!

Нәпсі = Тән + Жан

Тəн> Жан Тəн <Жан Плохо

Тəн = Жан Хорошо

Тəн, Жан = Рух Отлично


Жалпы нәпсі деп адамның біртұтас ағзасын айтамыз. Ол жан мен тәннен тұрады. Егер де жан тәнға бағынатын болса онда сіздің жануар, хайуан, малдан еш айырмашылығыңыз болмай қалады. Бұл жақсы да емес, жаман да емес, бастысы өзіңіге д/е басқаға зияндығыңыз тимесе болыпты. Ал егер де керісінше тән жанға бағынатын болса сіздің денсаулығыңыз сыр беріп, дүниені қуып жүріп не ұзақ мерзімді «Ауруға» шалдығасыз, не ерте өліп шахид боласыз, не дым болмағандай, бейкүнә болып көрініп, дүниелік жеңімпаз болып дүниеден өтесіз. Бұл да солай жақсы да емес, жаман да емес, бастысы өзіңізге не өзгеге зияндығыңыз тимесе болыпты, пайдасыз тиіп жатса тіпті жақсы. Ал Тән мен Жанды тең деңгей-дәрежеде ұстай алсаңыз, оларды қытайдың энергия ци сияқты ақ пен қара балықтың үйлесімін (балансын) орната алсаңыз онда сізді құттықтаймын, сіз шын бақыттысыз. Бұл жақсы, бірақ әлі идеальный нәпсі емес, бірақ «Шүкір» деп қояйық, осыған жете алмай жүргендер қаншама. Ең соңғы нәпсінің биік дәреже-деңгейі Рух ол тек мұсылман адам қайтыс болғанда ғана емес, тек Құранды түгел жаттап алғанда ғана емес, тек Жебірейіл періштенің есімі ғана емес, сонымен қатар, дүниені құрбан ету, бірақ бас тартпау, ақыретті бірінші планға қою, дүние арқылы ақыретті жасау, басқаша айтқанда жаннатқа апарар ұзақ жол. Бұл енді просто чудесно. Бұндай адамдарды обычно әулие дейді, бірақ қазір айналаға қарасақ әулиелер көп сияқты, Алла артық біледі.


Құлдық сана мен Ортаның әсері: орта кінәлі емес, олар тек себепкер, бір ақылды адам айтпақшы «солай болуы керек болып тұр ғой». Тағдырды ғылым бойынша екі салаға бөліп қарастырады: Генетика және Эпигенетика. «Мүмкін емес» деген сөзді сізге кім айтады? Сіздің ішкі дауысыңыз (шектелген ой/сөз), бұл әрине «Құлдық санадан» босатуды талап етеді. Бірақ бәрібір оған сіздің ішкі әлеміңіз де, сыртқы ортаңыз да сенбейді. Кез-келген салада, әртүрлі мамандықта әрқайсымыз «Кәсіби Шебер» болуымыз керек. Ақылыңызды осыншама шектеп тастаған кім/не? Сіз соған ойландыңыз ба? Әрине Құдайдың қалауы деп атайтын «Сыртқы қоршаған орта» мен «Құлдық Сана».


Жалпы адамды «Құлдық Санаға» алып келетін көп себептер бар, олар: тəуелділік, айла-шарғы (қулық-сұмдық) жасау, конформизм (тобырға ере беру, ортаға бейімделе салу, жеңілуге келісе салу), құр бос соқыр еліктеушілік, манипуляция, салыстыру жəне бəсекелестік, мақтану, осы дұшпандарды жаттап алыңыз, сонда сіздің қол аяғыңызды ешкім/ешнарсе кісендемейді. Әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық. «Құлдық Санадан» арылу «Сенімділік» үшін не үшін қажет?


Қарапайым формула: Өзіңе баға беруді жоғарылату + Кінә сезімін төмендету – Құлдық сана = Сенімділік


Өзін-өзі қамтамасыз ете білу


Өзіне сенімді адамды сенімді адамды бала кезден қалыптасқан берік іргетассыз (фундамент), негізсіз елестету мүмкін емес, ол – «өзін-өзі қамтамасыз ету білу» немесе «өзне-өзі жеткілікті болу». Көптеген адамдар өзін-өзі қамтамасыз (САМОСТОЯТЕЛЬНЫЙ) ететін адам міндетті түрде тəкаппар, басқаларға немқұрайлы жəне ешкіммен дос емес, негативті деп ойлайды. Бұл ең үлкен алдау. Шын мәнінде, ол өзгеге тəуелді болмай, өзіне деген сенімділік пен салмақтылық пен ұстамдылықты сақтай отырып, басқа адамдарға жанашырлық танытады. «Өзін-өзі қамтамасыз ете білу» жолындағы негізгі, басты кедергі – «басқалардың ақылы немесе интеллектуалды тұрғысы анағұрлым озық, артық дамыған» деген қате сенім, яғни өзін басқалармен салыстыру самостоятельный болуға кедергі болуы мүмкін.


Нəтижесінде сіз бақыт пен əл-ауқат (дәулет) айналаңыздағы адамдарға, виртуалды өлі адамдарға байланысты екеніне сене бастайсыз. Бұл Катастрофа, бізге «Адам Бол» деп қанша рет қақсаса да, тəуелді адам əрқашан сыртқы нəрселерге ұмтылады. Бақыт пен сенімділік сыртқы адамдарға байланысты емес. Ол үшін адамдарға, сыртқы жағдайларға немесе Құдайға өзі үшін не істеуі керек екенін сұрайды, бірақ жауаптың бәрі ақиқатта екенін сезеді (ақиқат ең бірінші іштен басталады), жасап беруді талап етеді, алайда бәрін өзі жасай алайды (тек үйренбеген не үйретпеген). Нəтижесінде ол тəуелді («Құл») болуды үйренеді, оны енді оңай басқаруға, манипуляциялауға болады, ол өз өмірін реттей алмайды, оның орнына ол тобырға еліктейді, салыстырады, мақтанады жəне бəсекелеседі, бағалы уақытын жоғалтады. Соқыр еліктеушілік, имитация ойынынын ойнайды. Ол енді құл болуға, жеңіле салуға оңай келісе салады, өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, ол «Сау Инвалид» құсап сүйреп жүретін, бағатын сыртқы ортаны іздейді, өзіне-өзі жеткілікті бола алмайды, себебі оған әрдайым басқа біреудің көмегі керек болып тұрады. Ондай адамдардан «Енді не боламын?», «Маған көмек керек!», «Мен не істеу керектігін білмеймін» деген сияқты сөздер (аффирмациялар) естуге болады.


Егер сіз ақиқатқа ақылмен емес еліктеумен келетін болсаңыз, сіздің ақиқат сол тобырдың (көпшіліктің) шындығы болады, Бұл да Құлдық сананың көп белгісінің бірі. Бұл тарауда біз бүлдіргіш, деструктивті əдеттердің қалай пайда болатынын білеміз, шексіз сенімді адам қалыптастыруға қалай кедергі болатынын білетін боламыз. Бірақ алдымен өзіне-өзі жеткілікті бола білу туралы бірнеше сөз.


Өзіне-өзі жеткілікті бола білу


«Өзіне-өзі жеткілікті бола білу» дегеніміз – бұл тәуелсіздік, бостандық, еркіндік ғана емес, сіздің бақытқа жете алатыныңызға деген сенім ғана емес, одан да әлдеқайда көп, үлкен сезім (эмоция). Бұл сіздің қандай бақыт пен жетістікке (арманға) ұмтылғаныңызды білдіретін, айтатын ішкі дауысты тыңдау, оны басқара білу үшін қажетті батылдық. «Өзіне-өзі жеткілікті бола білу» дегеніміз – өзіңіздің ішкі импульстарыңызды басшылыққа алу, ешкімнен ж/е ешнəрседен, кім болу, не болу жəне не істеу керектігі туралы ештеңе күтпеу. Себебі өзіңізден басқа өз проблемаларыңызды ешкім сізге шешіп бермейді, олар тек бағыт, жол көрсете алады, кеңес бере алады, бірақ ол үшін шын білетін, дұрыс адамды табу керек. Оның өзі сізден 1—2 күннен кейін шаршауы мүмкін, сондықтан өзіңізді шынықтырыңыз (тренриовка), бұлшық ет қалай шынықса, ми да солай шыныға алады.


Ескертулерді дұрыс оқып, өз интуициямыздағы (түйсігіміздегі) сезігштік, сезе білу қабілетін ұстануды үйренген кезде, біз өз-өзімізге сене бастаймыз, біреудің əуеніне билеуді қоямыз, басқа біреудің әнін айтуды тоқтатамыз, өзіміз жаңа ән жазамыз (яғни мида жаңа «Мен» пайда болады).


Біздің көршіміз айтушы еді: «Қашанғы біреудің тойына бара береміз? Қашан өзіміз той жасаймыз? Қашанғы әншілерді әңгімелеп соларға таңғала береміз? Қашан өзіміз əнші боламыз, бізді әңгімелесін, бізге таңғалсын!». Бұл сөздерді тура мағынада түсіну ақымақтық бірақ менің түсінгенім: (бұл жерде проблема тойда немесе әншілерде емес) проблеманың бәрі өзімізден екен, неліктен? Себебі біз «Құлдық Санада» екенбіз, той мен әншілердің құлы емес, Ғылым мен Иманның, Құдайдың ғана құлы болсаңыз, қайырлы өмір сүресіз, өкінбей өлесіз!


Тəуелді болу əдетін тану жəне бұзу


Тəуелділік – өзара келісім бойынша құлдық. Бұл тəуелді адам үшін де, оны тəуелді қылған адам үшін де қорлық (екішісі үшін тіпті азап). Өзін-өзі қамтамасыз ете алмаудың, Өзіне-өзі жеткілікті бола алмаудың болмауы, екі жаққа да тəн, өйткені мұндай қатынастар өзара бір-бірін пайдалану негізінде гүлдейді. Сіз басқа адамға тəуелді болу өте өкінішті деп ойлайсыз. Ия, дəл солай! Өйткені өзіңді жоғалту – бұл үлкен проблема. Адам қабілеті әрі қарай дамымай, байлық пен бар нығметінен (уақыт, денсаулық, отбасы) айырылуы мүмкін. Тəуелділіктің нақты белгісі ретінде сіз өзгелерді үнемі төменнен жоғары қарай қарап, оларды өзіңізден жақсырақ деп санайсыз. Өзіңізді біреумен салыстыруға тырысып, сіз психологиялық құлдыққа түсесіз. Басқаларға сенім арту жəне оларға тəуелді болу əдеті кейбір адамдардың санасында соншалықты терең болғандықтан, олар басқа адамның (залымдардың) пайдасы үшін өздерін толығымен жанын құдыққа тастайды. Мен де көп нәрсеге тәуелді болғанмын. Егер сіз залым адамға, бұзылған қоғамға, адасқан дінге, виртуалды әлемге, әлеуметтік желілерге соқыр адалдықпен жабысатын болсаңыз, онда сіз қауіпсіз бола аламайсыз. Залымдар біреуге өз зияндығын тигізу үшін, зұлымдығын іске асыру үшін сізден әрдайым кері байланысты (жауапты) күтеді. Жəне, əрине, зұлымдыққа ұшыраған жағдайда залал тартқан, зиян шеккен, күйзелген, қиянат көрген, шығынға ұшыраған адам кінəні басқа біреуге жаба салудың керемет мүмкіндігі бар екенін біледі және жақындарын немесе тағдыр, Құдайды кінәлайды. Тəуелді адам айналасындағы залым адамдардың қолында маринонетка болады. Олардың басымдылығына, тәуелділіктің күштілігіне сенімді бола отырып, өз қиындығын, проблемасын бірден кімге аудара салуға болатындығын іздейді (Отбасы, Қоғам, Үкімет, Құдай) бұл іштей арпалыс (процесс), ал сырттай ол ешкімге ешнарсе білдірмейді. Бұл адам ішкі дауысқа бағынышты бола отырып, оның айтқан зиянды, пайдасыз кеңестерін «дереу орындау керек» деп бұйрық ретінде қарастырады. Əдетте «кеңесшілер» көп болғандықтан ішкі/сыртқы, ол кімнің пікірін тыңдау керектігін білмей, үнемі екі ойлы болып жүреді. Кеңестер бізді барлық жерде күтіп тұрады. Олардың көпшілігі ақылы жəне мүлдем пайдасыз. Ондаған «шақырылмаған кеңесшілер» үлкен қуанышпен бізге өз пікірін айтады, бірақ көбісі арылуға көмектеспейді. Себебі бұл адамдардың өздері да тәуелді, көбінесе олар өз проблемаларын, қиындықтары мен алаңдаушылықтарын жеңе алмайды жəне олар сіз жайлы білмейді, адам жайлы нақты, анық онлайн білу мүмкін емес: «Не істей аласыз тәуелділікке қарсы?», «Не істеу керек оған қарсы?» «Қалай күресіп жатсыз қазіргі уақытта?», «Не істеу қажет емес?» екенін білмейтіндіктен, олардың кеңестері дұрыс емес жəне пайдасыз болып шығады. Олар өздері айтарлықтай нəтижеге қол жеткізбесе, сізге қалай дұрыс кеңес бере алады? Тəуелділіктен арылу оңай емес деп бастаса ол адам өте қатты қателеседі. Шынында да, оны беруге құқығы жоқ адамның кеңесін қабылдау, сантехниктен, оны бухгалтер деп ойлап, мөр басуды сұрау сияқты. Адамдардың көпшілігі өз проблемаларын, жаман әдеттерін, тәуелділіктерін өзі шешуге толық қабілеті мен мүмкіншілгі бар. (Алдағы тарауларда…)

БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ! ШЕКСІЗ СЕНІМДІЛІК

Подняться наверх