Читать книгу БАҚЫТТЫ БОЛУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ 3 БӨЛІМ Миды қозғайтын идеялар! - Нарша Булгакбаев - Страница 1
Оглавление3 БӨЛІМ. МИДЫ ҚОЗҒАЙТЫН ИДЕЯЛАР
СІЗДІҢ ІШІҢІЗДЕ АЛТЫН БАР
Егер біреу сізге бір сандық алтын берсе және оны пайдалануыңа рұқсат десе, сіз не істер едіңіз? Сіз таңданысыңызды әртүрлі тәсілдермен, эмоциямен білдіре аласыз, бірақ кез келген жағдайда сіз бір нәрсе жасамайсыз: мұндай сыйлықты алмай қоймайсыз. Сіз бірден бұл сандықты ашып, банкке жүгіріп, алтындардың барлығын ақшаға айналдырасыз не оны «менің байлығым» деп банкке салып қоясыз. Негізі байлықтың бәрі қолда не сыртта емес ол мидың ішінде! Адам қолымен байымайды, адам миымен байлыққа қол жеткізеді. Ал егер біреу сізге ішіңізде (миыңызда) алтынға толы бір сандық бар екенін айтса, не істер едіңіз? Сенер ме едіңіз? Мүмкін сіз миыңызды (жаныңызды) зерттеп, бір қорап алтын тауып, содан пайда табарсыз. Алайда, сіз, біздің көпшілігіміз өмір бойы санамыздың ішінде алтын сандығымыз бар екенін, бірақ оны ешқашан пайдаланбайтынымыз туралы ойладыңыз ба? Ойлау деңгейінің тереңінде біздің ақыл-ойымыздың (санамыздың) «бейсана» деп аталатын керемет бөлігі жатыр. Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі ешкім оның нақты мәнісін және шексіз мүмкіндіктерін толық түсіне алған жоқ. Бір белгілісі, онда әркімге тең үлестірілген алтын сандық бар. Барлық қабылданған ақпарат бейсанаға түседі, өңделеді және сақталады. Бұл естеліктер сақтау орны, жад қоймасы, білімнің жасырын репозиторийі (кез-келген деректер мен ақпараттар сақталатын орын). Табысқа жету үшін біз оны дұрыс пайдалануымыз керек, әйтпесе оны білгеннен ештеңе шықпайды. Біз қайыршылар сияқты даланы паналап немесе жарығы, суы жоқ бос үйдің ішінде отырғандай, кейде қолда емес мида бар алтынның қадірін білмей, біздің ішімізде алтын сандық бар екендігінен бейхабармыз. Сіздің кім екеніңізді білдіретін осы – «Бейсана»!
Мен көп ақылдылардың кеңесін естимін: «Кедеймін деп айтпа», «Жұмыс жоқ деп айтпа», «Үкімет жаман деп айтпа» оданша Құдайдың бергенін пайдалан. Расымен, мен келісемін, ішіңіздегі алтындарыңызды пайдаланыңыз, оларды сосын пайдаланымын деп жинағаннан пайда жоқ. Ол алтындар не деген кезде? «Денсаулық», «Уақыт», «Мүмкіндік», «Қабілет», «Таңдау мен шешім қабылдау еркі», «Ақыл мен Жүрек» т.б. ұғымдар.
Мысалы: дені сау, аяқ-қолы балғадай, сезім мүшелері түгел, бірақ ақша оған үнемі жетпейді, себебі ол осындай хальге өзін кедей рөлінде жақсы көргендіктен емес, байлықтың барлығы мида екенін білмегендіктен түсіп отыр. Яғни себеп – надандықта.
Тағы бір мысал: Қараңғылықта жарықты көре білу керек, ол сенің сыртыңда жанып тұрған жоқ, ішіңде жанып тұр, ал адамдар жарықты сонда да сырттан көргісі келеді. Сол себепті барлық данышпандардың «шын бақыт адамның ішінде» деп айтатыны да сондықтан.
Біздің бейсананы күнделікті өмірде, біз үшін пайдалы қызметке қоюға болады. Ол сіз үшін жұмыс істеуден, еңбек етуден, шаруа атқарудан, іс тындырудан шаршамайды, егер де сіз оны дұрыс жолға бағыттай алсаңыз. Оны біздің адал пайдамыз үшін өнімді (нәтижелі) әрекетсіз әрекет жасатуға болады. Сіз өзіңіздің ақылыңызбен тәжірибелі хатшының жұмысын орындау арқылы әлдеқайда тиімді әрекет ете аласыз, шығын емес тек пайда әкелетін ақпараттарды есте сақтау арқылы. Компьютердегідей, сіздің ақылыңыз қабылдаған әрбір факт (ақпарат) пен әсер (эмоция) әрқашан ойлаудың беткі деңгейінен өтіп (ақыл) түпкі деңгейінде, бейсанада сақталады. Бұл керемет күшті қалай қолдануға, пайдалануға және дамытуға болады? Жасырын бейсана патшалығын қалай иеленуге болады? Бұл әрине, асығыс жасалмайды. Бейсананың жасырын күштері баяу және жүйелі концентрация (керегін қалдырып, артығын алып тастау) процесінде дамып, біздің ерік-жігеріміз, ақылымыз бен қиялымызға бағытталуы керек.
Сіз бейсанадан не қалайтыныңызды шешіп, оған әр уақытта бір-бір тапсырмадан беріңіз, себебі ол робот емес, бір уақытта көп ақпаратты өңдеу алатын. Егер сіз нақты проблеманы шешкіңіз келсе, әр күні таңертең және кешке шамамен бес минут уақытыңызды бөліп, шешім сіздің бейсана деңгейіңізде қалыптасып жатыр деп ойлаңыз, елестетіңіз, сендіріңіз. Содан кейін кенеттен шешім дайын болады. Бұны басқаша, іштен пайда болатын сигнал деуге болады. Бұл кездейсоқ емес. Ол жоқтан пайда болмайды. Сіз тапсырма бердіңіз – ауызша немесе жазбаша, ол шешімдерді ұсынды. Бұл дұрыс шешімдер болуы үшін, сіз дұрыс таңдау жасауыңыз керек, ал ол үшін бейсана – өзінің қайнар көзі «Әмбебап Ақылдың» (Жаратушының) даналығына ашық болуы керек. Егер сіз сау болғыңыз келсе, денсаулығыңыз туралы ойларыңызға назар аударыңыз, ауру және әлсіздік туралы ойларға кедергі жасамаңыз. Егер сіз сәтті адам болғыңыз келсе, онда сіз өзіңізді сәтсіздікке ұшыратпаңыз. Егер сіз бақытты болғыңыз келсе, онда сіз мазасыздықтар мен көңілсіздіктер туралы ойлауға жол бермеңіз. Сіздің ақылыңызды үнемі иеленетін ақпарат – ойға (ішкі сөз + қиялдағы бейне) айналады, сосын әрі қарай сіздің бейсанаңызға еніп, біртіндеп сіздің тәжірибеңізге айналады, сондықтан сіз позитивті, конструктивті, прагматизм (ол өзінің өмірін, әрбір әрекеті мен өзіне/өзгеге деген көзқарасын, іс жүзінде пайдалы нәтиже алу тұрғысынан құрады) туралы ойлануыңыз керек. Әрдайым есте сақтаңыз, сіздің бейсанаңыз өзінің қайнар көзі – «Әмбебап (жалпыға ортақ ақиқат) Ақылдың» даналығына ашық болуы керек. Осы даналыққа сеніңіз, сонда сіз аз қателіктер жіберіп, сау және бақытты боласыз. Сіз жемісті өмір сүретін боласыз.
«Біз сенуіміз керектің ең жақсысы – ол ақиқат.» (Уильям Джеймс – қазіргі заманауи психологияның атасы).
СІЗДІҢ БАҒЫҢЫЗДЫ КІМ БАЙЛАП ОТЫР
Бала күніңізде, жас кезіңізде үлкен армандарыңыз, жоспарларыңыз болды ма, кітаптар жазу немесе картиналар салу, өз кәсібіңізді бастау немесе басқа шығармашылықпен, өнермен, ғылым-біліммен айналысу. Біздің көпшілігімізде болған шығар. Ал егер, біз өз-өзімізге адал болсақ, көпшілігіміз сол арман-мақсаттарды әлі күнге дейін іске асыра алмай қиялдап жүрміз. Бірақ өз құрбандығымызды басқа жұмыстарым, шаруаларым бар деу арқылы ақтап аламыз. «Мен роман жазуға қуанышты болар едім, бірақ мен өз жұмысыммен айналысуым керек, әйтпесе отбасын кім асырайды?». «Болар еді негізі, картина салып байқауға, бірақ менің көру қабілетім нашар». «Ғылыммен айналысуға болар еді, бірақ біздің елде ғылым ешкімге керек емес». «Мен бала кезімде домбырада күшті ойнайтынмын, сосын тастап кеттім, өсе келе ұмытып қалдым, қол жүрмейді»
Біз өзімізді толығымен ақтап шығару үшін бос сылтауларды ойлап табамыз:
Гай Юлий Цезарь туралы бір минут ойланып көріңізші. Сіз Цезарьдің өзінің жазбаларын түнде, шатырдың астында жазғанын білесіз бе, бүкіл Рим әскері ұйықтап жатқан кезде, ол түнде өте аз ұйықтайтын, көп жазатын және келесі күні таңертең сарбаздарын ұрысқа алып кететін.
Сіз, дәрігерлер оның ауыр науқасқа шалдыққанын айтқаннан кейін, Георг Фридрих Гендельдің ең жақсы музыкалық шығармаларын жазғанын білесіз бе? Ал Бетховен, музыканы мүлдем саңырау болып қалғаннан кейін де жаза берді.
Сіз үш ұлы ақын – Гомер, Мильтон және Данте соқыр екендігі туралы ойландыңыз ба?
Ганнибал Барка және лорд Нельсон туралы ойланып көріңізші: олар тарихтағы ұлы қолбасшылар бола тұра, тек бір көздері ғана көретін. Жарайды, Фрэнсис Джозеф Кэмпбелл, екі көзі де соқыр, көрнекті математик және музыкант болды.
Өзіңізді бір нәрсеге байланған сияқты сезінбеңіз және өзіңізді шектемеңіз: «Жоқ, тек менің мүмкіндіктеріммен емес, оның үстіне менің жағдайым келмейді. Мен ешқашан олар сияқты бола алмаймын». Мен сізге олар сияқты бол демеймін, бірақ сіз мидағы байланған жіптерді шешіп, санадағы шектеулерден асуыңыз керек.
Әлемге әйгілі «Робинсон Крузоның» авторы «Даниэль Дефо» туралы ойланыңыз: ол кітабын түрмеде отырғанда жазған. «Джон Баньян», діни қызметі үшін, темір тордың артында отырған кезде «Путешествие Пилигрима» -ны жазды, ағылшын діни әдебиетінің маңызды еңбектерінің бірі. Лютер «Библияны» Вартбург қамалында отырған кезде аударған. Итальяндық ақын, ойшыл, теолог Данте жиырма жыл бойы қуғын-сүргінде жүрсе де еңбектерін жалғастыра берді және сол жерде өлді, ал «Дон Кихотты» әлемдік әдебиеттің ең танымал әрі ұлы шығармаларының бірін, Испан жазушысы – Сервантес, Мадрид түрмесінде жазған.
Сіз: «Мұның бәрі керемет, бірақ мен жұмыс істеуім керек» деп айтуыңыз мүмкін. Онда сізге тағы да бір пайдалы жаңалықтар бар:
Сіз «Унесённые ветром» романының қалыңдығын елестете аласыз бе? Маргарет Митчелл, американдық жазушы және журналист, оны «Атланта Джорнал» газетінде жұмыс істеп жүрген кезінде жазған, ол жұмысты күніне сегіз сағат емес, он алты сағат істейтін.
Уильям Шекспир туралы ойланыңыз: «Мен мектепте оқу мен жазудан басқа түк үйренген жоқпын, мұғалімдердің бәрі топас» деді, бірақ ол өз бетінше ізденуді жалғастырған және керемет жазушы болды. Ағылшын ақыны және драматургі, ең ұлы драматургтердің бірі болып саналады.
Сіз өзіңіздің денсаулығыңыздан айырылып қандай да бір кемшіліктерге, кемістіктерге байланысты өзіңізді жоғалтқандай сезініп көрдіңіз бе? Сіз бірден «Құдай сақтасын» дейсіз. Кемтар, мүгедек бола тұра, тарихта жақсы атпен қалған адамдар көп болған.
Полиомиелитке шалдыққан және инвалид болып қалған АҚШ-тың 32-ші президенті Франклин Рузвельт бір кездері: «Біздің ертеңгі жоспарларымызды жүзеге асырудағы жалғыз кедергі, біздің қазіргі сәттегі күмәніміз болуы мүмкін» деп айтқан.
Советтік және латвиялық шахматшы, сегізінші әлем чемпионы, гроссмейстер, Михаил Таль, сирек кездесетін патологиямен дүниеге келді – оның қолында тек үш саусақ болды. Бұл оның тарихтағы ең жас әлем чемпионы болуына және фортепианода ойнауды үйренуіне кедергі болмады.
Кеңес Одағының Батыры, жауынгер ұшқыш Алексей Маресьев, Ұлы Отан соғысы кезінде ауыр жараланды, соның салдарынан екі аяғынан айырылды. Бірақ содан кейін ол басқаларынан артта қалмады және протездермен қайтадан аспанға ұшты. Жалпы алғанда, соғыс кезінде ол 86 рет соғыс жүргізді, жаудың 10 ұшағын атып түсірді: үшеуі жараланғанға дейін және жетеуі кейін. Екі аяғы жоқ, бірақ өмірге деген құштарлығына таң қалған жазушы Борис Полевой кеңес ұшқышының ерліктері туралы кітап жазды, оны «Нағыз ер адам туралы әңгіме» деп атады.
Британдық музыкант Рик Алленнің өмірі қайғылы басталған жоқ. Бірақ 1984 жылы ол өз көлігін басқарып келе жатқанда, басқа жүргізуші оны жолда қорқыта бастады. Рик жас, ашулы және жылдамдықпен жарысқанды жақсы көретін. Осылайша ол көлік апатына ұшырап, қолынан айырылады. Дәрігерлер Алленге (21 жасында) «Барабанды ұмытыңыз, Құдайға шүкір деңіз, сіз тірі қалдыңыз» деп айтады. Бірақ ол қандай жағдай болмасын, музыкадан бас тартқысы келмеді. Көп ұзамай Рикке таяқшаны ұстау үшін арнайы протез жасалды. Оған қосымша ол өз аяқтарын қолдануды үйренді. Содан бері, концерттерде ол үнемі жалаңаяқ жүретін болды. Барабан оның қалауына бейімделіп, Аллен сахнаға оралады. 1986 жылы оралғаннан 8 альбом шығарды. 2001 жылы ол әйелімен бірге арт-музыкалық терапияның белсенді қатысуы арқылы емделуге көмектесетін Raven Drum Foundation ұйымын құрды. Британдық Gigwise сайтында ол ТОП-үздік барабаншылардың бірі. Жанкүйерлер оны күн күркіреуінің құдайы «Тор» деп атайды.
«Мен ешқашан қолымды жоғалтқан уақытты кері айналдыруға келіспеймін. Онсыз мен өзімнің қаншалықты мықты екенімді білмес едім» – дейді ол.
Мен Ник Вуйчич туралы айтпай-ақ қояйын, оны сіз менен артық білесіз деп ойлаймын. Енді тағы да бір ерекше адамға назар аударсақ:
Сіз әлемдегі ең бай адам (2021 жылы атанған) Илон Маск, американдық кәсіпкер, инженер және миллиардер, оның бала кезінде өте тұйық болғанын білесіз бе? Оны мектепте бірге оқитын сыныптастары бірнеше рет туалетте сабап, ойына келгенін істеп, қорлаған. Мектептегі Илонның құрдастары соққыға жығып, мұрнын талай рет сындырған. Ол күнделікті ұрыс-керіс, төбелестің салдарынан ата-анасының ажырасуын көрген.
Сіздің жаныңызда, жүрегіңізде, ішіңізде (миыңызда) сақталған қалауларыңыз, арман-мақсаттарыңыз, жоспарларыңыз туралы тағы бір рет ойланыңыз. Өзіңіз ойлап тапқан аргументтерді қайта өлшеңіз, «мүмкін емес» дейтін сылтауларды жақтамаңыз, сіз олай өзіңіге қарсы әрекет жасайсыз, олардың көзін құртыңыз. Сіздің арманыңызды неге орындай алмайтындығыңыз үшін ойлап тапқан дәлелдерді қайтадан қарастырыңыз. Бұл сылтаулардың жалған екенін түсініңіз. Оларды шетке тастаңыз және сіздің тілектеріңіз орындалатынына көз жеткізіңіз және де олардың орындалуы сіздің ғана миыңызға байланысты екенін түсініңіз.
Есіңізде болсын: Өзімізді бір орында ұстап тұрған жалғыз адам – өзіміз ғана. Өз арман-мақсаттарымыздың бетін қайтарып жатқан өзіміз ғана. Өз бағымызды байлап жатқан, сананы шектеп жатқан, жасанды мүгедек жасап жатқан өзіміз ғана. Екі өмірде де бақытты болуға кедергі – өзіміз ғана.
«МЕН МОЙЫНДАЙМЫН»
Көптеген жылдар бұрын Неапольдің вице-королі, герцог Испанияға, Барселона қаласына сапар жасады. Ол кезде айлақта (теңіз жағасындағы кеменің тоқтауына, келіп-кетуіне қолайлы алаң) галера (бұрын Еуропада құлдар, жазалылар немесе тұтқындар ескекші болатын әскери кеме немесе қайық) болды, онда ескекші (қайықты есуші) сотталушылар болды. Герцог осы галераның бортына көтеріліп, барлық тұтқындарды аралап шықты, әрқайсысынан оны галераға алып келген қылмыстары туралы сұрады және олардың қайғылы оқиғаларын тыңдады.
Бірінші адам, судья оның жауларынан пара алып, оған әділетсіз үкім шығарғандықтан ғана осында болғанын айтты. Тағы біреуі, оның жаулары, куәгерге ақы төлегенін және сотта оған қарсы жалған куәлік бергенін айтты. Үшіншісіне – ең жақын досы оған опасыздық жасапты, әділдіктен қашып оны ақша үшін құрбан етіпті. Соңында герцог кінәсін мойындаған адамды тыңдады: «Мырза, мен бұл жерге лайық болғандықтан келдім. Мен көп ақша алғым келіп, әмиян ұрладым. Мен төзуге тура келетін нәрсеге лайықпын және дайынмын».
Герцог таң қалды. Ол галера капитанына бұрылып: «Бұл адамдардың бәрі кінәлі емес және әділетсіз сот үшін осында келді, бірақ олардың арасында бір қылмыскер бар. Одан басқасының бәрі ақ екен, пәк екен, күнәсіз екен, ал мына қылмыскер өзінің бүлінуімен осында келді, сондықтан өз күнәсін басқаларға жұқтырмайынша, оны тезірек босатайық». Өз кінәсін, қателігін мойындаған, келіскен адам бостандыққа шығарылды және кешірілді, ал ақталатын дәлел іздеп, айыпсызбын деп өзін ақтағандар мен сылтауды таңдағандар галерада қалды.
Бұл шын мәнінде болған оқиға және бір қызығы, ол біздің өмірімізде не болып жатқанын дәл көрсетеді. Біз қателесеміз және қатені мойындаудың орнына өмір бойы өзімізді ақтаймыз. Біз басқаларды (ортаны), жағдайды кінәлаймыз, оның орнына біз неге былай айтпаймыз: «Мен өз өмірімді өзім басқарып келдім. Менің миымдағы ойларды басқаратын жалғыз менмін және дәл қазір менің кім екенім, қандай екенім – менің өзіме өзім жасағаным». Осы ақиқатты түсінген сәтте біз осы өмірдің галерадағы құлдығынан арыламыз және өз өмірімізді өз еркімізге қайтарып, басқаша, ақиқатқа сай, лайықты өмір сүре аламыз.
Өз өміріңізге қараңыз. Өзіңізді және өмірді түсініңіз, реттеңіз, тәртіпке салыңыз. Қателіктеріңізге қарамастан өзіңізді кешіруге және сүюге үйреніңіз. Қателіктеріңізді қабылдаңыз. Осы қателіктер үшін өзіңізді кешіріңіз және жақсы көріңіз, содан кейін сіз галерадағы құлдықтың өмірінен босатыласыз. Сіз өмір сүруіңіз керек жолмен өмір сүруге мүмкіндік аласыз: бақыт, тыныштық және керемет денсаулық. Мұның бәрі сіздің өткеніңіз, бүгініңіз және болашағыңыз үшін жауапкершілікті алудан басталады.
ӨМІРДІҢ КІТАБЫ
Сіз қазір отырған немесе тұрған жерде бір кітап бар ма, маңызды емес қандай болса да? Егер «иә» болса, тапсаңыз, менен сізге бір өтініш – кітапты қолыңызға алыңыз. Бұл кітаптың не туралы екендігі маңызды емес: оны жай ғана алыңыз және оған қараңыз. Енді оны сіздікінен өзгеше көзқараспен көруге тырысыңыз. Елестетіп көріңізші, бұл кітапты, сіз қолыңызда ұстап тұрған, белгісіз бір аралға теңіз толқындары жағаға шығарды. Кітап су-су болып қалды деп ойламаңыз. Ол әлі құрғақ. Бұл аралдың тұрғындары ақылды және мәдени тұрғыдан дамыған екен, бірақ алфавит, әріптер туралы түсінік жоқ.
Олар енді не істейді? Олар кітапты алып, әдемі жасалған қағазды көреді. Олар баспаға қарап, әріптер мен тыныс белгілерінің күрделі құрылымын көреді. Олар бұл өте қызықты өнер түрі деп ойлайды және кітапты осы тұрғыдан бағалайды.
Олар кітапты түсінеді ме? Олар осы кітаптан нақты пайда алады ма? Жоқ деп ойлаймын. Әрине, қағаз бен баспа белгілері – бұл кітаптың нақты мазмұнының кішкентай көлеңкесі ғана. Ал нақты мазмұны оны қаншалықты түсінуге байланысты. Кітаптың сырты емес іші маңызды, себебі кітаптың іші толған идеялар әлемі.
Біздің өмірімізде де солай болады емес пе? Біз өмірдің қағазы мен сиясына қараймыз: тыныс алу, тамақтану, жұмыс, ұйқы. Біз өмірдің әдеттегі көріністеріне қарап, «бұл өмір» дейміз. Бұл қағаз бен баспа белгілеріне қарап, «бұл кітап» деп айту сияқты. Бірақ біздің өміріміз, кітап сияқты, мағынасы бар және, әрине, өмірдің мақсаты – қағаз бен сияда емес, оның мағынасында екенін бәріміз білеміз.
Біздің өміріміз ең алдымен мағыналы болуы керек. Өміріңіздің сиясы мен қағазын тағы бір рет қараңыз. Бүгін сіз балаларды мектепке жібересіз немесе жұмысқа барасыз, бұл өте жақсы. Қағаз бен сия болмаса, біз кітаптың идеясын білдіре алмас едік, өміріңіздегі күнделікті ұсақ-түйектің белгілі, беткі мағынасынан әрі қарай қарауға тырысыңыз, олардың нақты мазмұнын түсініңіз, әйтпесе сіз өмір бойы мұрныңыздан әрі қарай ешнарсені көрмейтін боласыз. Не істеп жатқаныңыздың нақты мағынасын сезініңіз. Сіз өмірдің мәнімен айналысып жатырсыз ба?
Сіз өз мақсатыңызды жүзеге асыруды үйрену үшін осы дүниеге келдіңіз. Әр адам бұл өмірге босқа келмейді, жоғарыдан миссия жүктеледі, бірақ өкінішке орай көп адам сол миссиясын орындай алмай, жүзеге асыра алмай, өліп кетіп жатады. Тағдыр сіздің миыңызда. Миыңызды қағаз деп елестетіп өз тағдырыңызды өзіңіз жазуға құқыңыз бар. Осыны мақсат қылып алыңыз. Бұл сіздің өмір кітабыңыз.
Осы мақсатты қолданыңыз, өміріңіздің беткі мәнінен тыс, әрі қарай қараңыз және бұрын өмір сүрген өткеннің мәнін қараңыз, болашақ жоспардың мәнін қараңыз. Бәрі бақытты болу туралы айтады бірақ оның мәнісін азы ғана түсінеді, себебі ол абстрактілі ұғым. Осы идея көмегімен ғана сіз өмірдің бүкіл кітабын түсінуге ұмтыласыз. Сіз жалпы өмір кітабына араласа алмайсыз, бірақ өз өміріңіздің кітабы, өзіңіздің миыңызда екенін ұмытпаңыз. Сіз өмірден кішкене ғана мағына тапсаңыз, ол сізді терең мағынаны іздеуге итермелейді. Бұл іздеу ешқашан нәтижесіз болмайды: ол сізді мазалайтын сұрақтарға толығырақ жауап беруге, тереңірек және мағыналы өмірге жетелейді.
АҚ ПІЛДЕР
Біреудің ақымақ шешімдер қабылдағанын, алды-артын болжамай әрекет еткенін, босқа жүгіргенін және біртіндеп эмоционалды және психикалық бұзылуға немесе қаржылық күйреуге әкелгенін көрген кезде не айтасыз? Стресс немесе құлдырау болған кезде, сіз бұрылып: Менің бар айтарым: ол өз-өзіне ор қазды, өзі кінәлі, конечно сосын…» деп айтатын адамдар қатарына жатасыз ба? Менің ойымша, біз бәріміз осылай айтамыз, және ең қызығы, біз осыны дұрыс деп санаймыз, өйткені біз өзімізге шұңқыр қазамыз. Біздің өміріміздегі барлық қиындықтар не үшін болды? Өйткені біз оларды сұрадық. Кейде мұны түсіну өте қиындау болуы мүмкін, бірақ бұл рас.
Дұға-тілек, терең ішкі қалау – бұл көпшілігіміз ойлағаннан да әлдеқайда күшті күш. Біз бір нәрсені қатты қалаймыз, және біздің қалауымыздың қарқындылығы оны жүзеге асыруға жақындатады. Бірақ егер біз жаман тілек тілесек, онда бұл қарқындылық бізге үмітсіздік пен ауырсыну әкеледі. Жамандық адамға тән емес, ал біз оған жабысуға тырысамыз, керісінше аулақ болудың орнына.
Менің ойымша, өмірден белгілі бір нәрсені алуға тым көп көңіл бөлу қауіпті.
Эммет Фокс бір кездері: «Өз қалауларыңызға абай болыңыздар, өйткені сіз оларды толықтай жүзеге асыра алатын барлық еркіндік бар!» деді.
Менің ойымша, ол дұрыс айтты. Біздің жүрегіміздің қалауы, ешкімнің соңына дейін түсінбейтін жұмбақ жолдармен қозғалады және ерте ме, кеш пе шынайы өмірде көрінеді. Сондықтан біз сақтық танытып, не нәрсеге ұмтылып жатқанымызды түсінуіміз керек. Көріп отырсыз ба, біздің тілектеріміз тақырыпқа сай ақ піл болуы мүмкін!
Ежелгі Үндістандағы раджалар (билеушілер) бір бағынышты адамдарын кедейлендіргісі келгенде, олар оған ақ піл беретін. Оны тамақтандыру, күнделікті жуу және безендіру қажеттілігі сол адамды кедейлікке дейін жеткізетін, себебі оның ақша табуға мүлдем уақыты болмайтын. Олар бұны прикол ұстау үшін жасайтын және біздің өмірімізде де дәл солай. Біздің қалауымыздың көптеген элементтері ақ пілдерге айналады, зұлымдықтың әсерінен. Ал оған қарсы, менің ойымша, өмірдің өзі біздің көптеген ақылға сыймайтын, жаман, теріс, жағымсыз, негативті дұға-тілектерімізді, қалауларымызды жасырады, өйткені ол (Алла) бізді ақ пілдерден (кедейшілік, ауру т.б. сынақтардан) қорғағысы келеді.
Мүмкін, кез-келген нәрсені қалай берудің орнына, біз одан да көп даналық іздеуіміз керек шығар. Даналықты іздеу әлдеқайда қауіпсіз, өйткені сізде басқа адамдарға және олардың проблемаларына ақылмен және адамгершілікпен қарауға мүмкіндік беретін жабдық бар. Ақылға (пайдалы, қажетті, керекті ақпарат) ие бола отырып, сіз ақылға қонымсыз шешім қабылдауға асықпайсыз, бұндай шешім сөзсіз адамдардың сізден теріс айналуына және былай деп айтуына алып келеді: «Менің бар айтарым, ол өз қалауына ие бола алмады, өз басына өзі тілеп алды».
Көптеген адамдар, егер оларға оны бірден алуға не жетуге мүмкіндік болмаса, ұмтылысты тоқтатады. Көп адамдар өздері ұмтыламыз деп шешкен нәрсені қалайды, бірақ шынымен пайдалы, қажет, керек нәрсеге ұмтылмайды, себебі білмейді не пайдалы, не қажет, не керек, оларға оны ешкім үйреткен жоқ және ешкім міндетті де емес, адам өзі үйренуі керек, басқа біреудің үйреткені үйрену болмайды, себебі сіздің өміріңіз сіздің жеке шаруаңыз.
Шын пайдалы, қажет, керек пен қалаймынның арасында үлкен айырмашылық бар. Елестетіп көріңізші, ата-анаңыз бала кезіңізде сізге қалағанның бәрін жаса десе: инсектицид бөтелкесін ішуге немесе газ плитасында «билейтін» әдемі жалынды ұстауға т. б. Сіз мұны қалаймын деп ойладыңыз, бірақ ата-анаңыз сізге қауіпті екенін, ол сізге зиян тигізуі мүмкін екенін білді, сондықтан сіздің өміріңізді сақтау үшін тоқтатты.
Міне, біздің зиянды қалауымыз бен пайдалы қажеттіліктеріміздің арасындағы айырмашылық. Егер біз нәпсіқұмарлыққа, дүниеқұмарлыққа емес, біз үшін дұрыс болатын – ақиқатты түсінудің даналығына ұмтылатын болсақ, онда бізде пайдалы қалауымыздың бәрі болады және біз өмір бойы нені қалау керек, не қажет екенін сенімді түрде білетін боламыз. Ең бастысы біздің қалауымыз Құдайдың қалауымен сәйкес келеді.
ӘРЕКЕТСІЗ ӘРЕКЕТ
Сіз әрекетшіл, іскер адамсыз ба? Менің ойымша, бұл сіздің «әрекет» деген сөзді қалай түсінуіңізге байланысты болуы керек. Мүмкін сіз үнемі «бір орында миыңыз айналып жүретін шығарсыз», сондықтан да сіз өзіңізді әрекетшіл, іскер адаммын деп санайтын шығарсыз? Солай ма? Менің ойымша, әрекетшілдік әрқашан әрекетті қажет етпейді. Біздің іс-әрекеттеріміз, шынымен не пайдалы екенін білмеу үшін ақтау ретінде қызмет ететін кездер болады. Көп уақыт пен энергия көбінесе ұсақ-түйектерге, зиянды амалдарға жұмсалады. Бірақ біз өз уақыт пен күш-қуатымызды ысырап етуге жол бере алмаймыз. Бұрын не кейін шешім қабылдауға тура келеді, не маңызды, не маңызды емес нәрсені, өйткені егер біз бәрін бір уақытта жасауға тырыссақ, онда біз шын маңызды нәрсеге қол жеткізе алмаймыз. Адам санасы өте нәзік және күрделі құрал. Ол ішкі жағынан да, сыртынан да күйзеліске ұшырайды және тым көп қысым көбінесе кері кетуге, жоспардың орындалмауына, әрекеттің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін.
Психикалық шамадан тыс жұмыс физикалық сияқты әлсіретуі, шаршатуы мүмкін. Өзіңізді қолдаудың бір ғана жолы бар – өзіңіздің ішкі «Мен» – мен үнсіз сөйлесуге үнемі оралу. Сіз өмірдің қайнар көзі мен бұлағының жанында тыныш демаласыз, бұл сізге бақытты өмір сүруге мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлерге қарсы төзімділікті арттырады. Бір таңқаларлығы, бұл ақыл-ой немесе физикалыққа қарағанда жоғары деңгейдегі әрекетшілдік. Арбаның дөңгелегі сияқты айналатын уақыт әлемінде, әрекетсіздік пен тыныштық нүктесі бар. Біз осы нүктеге қайта қайта оралуды үйренуіміз керек, егер де дөңгелектермен езілгенді немесе шетке лақтырырылғанды қаламасақ. Жүректегі әрекетсіздіктің тыныштығы – бұл біздің «Ішкі Мен» -мен қарым-қатынас жасай алатын жалғыз орын. Егер біз осы тыныштықты қаласақ, біз саналы (ерікті) түрде оған қол жеткізуге болатын жағдайға жетуіміз керек. Бұл күштердің жаңаруының құпиясы – ақыл-ой, физикалық және рухани, бұның барлығы адамның «Мен» -і. Сіз осы ақиқатты тапқаннан кейін, сіз сананың сенімділігін сезінесіз, өзінің мән-мағынасын таныған.
Әрекетшілдік әрдайым қозғалысты білдірмейді. Ішкі «Мен» әрекеті көбінесе абсолютті әрекетіздікте, қимылсыздықта болады. Көліктің аккумуляторын қайта зарядтаған кезде, ол сөреде екі сыммен тұрады, одан келетін, және мүлдем өлі болып көрінеді. Сырттай ештеңе болмайды, алайда бұл батареяның ішінде одан да белсенді әрекет жүріп жатады, бұрынғыдан да.
Эдвард Арнольд былай деп жазды: «Сен өзіңнен қиындыққа тап боласың, сені ешкім артыңнан итермейді немесе бір орында ұстамайды, сен өмір сүруге және өлуге еркінсің, доңғалақпен бірге айналып және оның шабағын (спицы) сүйесің, азап, бейнет, қайғы-қасірет дегенің дәл осы». Шынында да, біз іс-әреке бағытында үнемі айналу қажеттілігімен байланысты емеспіз. Кейде біз толықтай қозғалмай, Ішкі «Мен» -мен жұмыс істеуге мүмкіндік бергенде, біз ең белсендіміз, әрекетшілміз.
Бұны мен әрекетсіз әрекет деп атаймын, және шынайы қозғалыс пен іс-әрекетті жоққа шығармаймын, себебі ол соңғы нүкте, нүктесіз сөйлем бітпейді, айтылған сөздің дәлелі болмайды. Бірақ дегенмен, ішкі әрекетсіз әрекетті, біз жұмыс деп есептемейінше, біз көптің бірі болып, бәлкім бақытсыз болып қала беруіміз мүмкін.
ҚАТЕЛІКТЕР МЕН КҮНӘЛАР
Қателіктер мен күнәларды жасаудан қорқасыз ба? Көптеген адамдар қателіктер жіберуден қорқады, кейде адамдар ғана емес, сонымен қатар бүкіл үкіметтер. Бірде Мен Уганда Үкіметінің ауа-райы болжамын радио арқылы таратуға тыйым салғанын оқыдым. Байырғы жергілікті тұрғындар метеорологиялық есептерді, мәліметтерді үкімет қаулылары, жарлықтары деп қателесіп және ауа райына толық бағынып, табынып кеткен. Болжам (ауа-райы) дәл емес, қате болып шыққан кезде, олар ауа-райын да айыптайтын, үкіметті де айыптайтын, және соның кесірінен халық радиода айтылғанның бәріне сенуді тоқтатты. Олар айтатын, бұл үкіметтің бәрі өтірік, ауа райы болжамы сияқты.
Уганда үкіметі бұл жағдайдан шығудың оңай жолын тапты. Олар жай ғана ауа-райы болжамын радио арқылы жіберуге тыйым салды. Бірақ мен бұл шынымен дұрыс және әділ шешім болғанына күмәнім бар. Ал сіз қалай ойлайсыз? Дегенмен бұл Уганда үкіметінің жіберген қателігі еді…
Біз қателіктер жібергендіктен немесе жіберу мүмкін болғандықтан әрекетті тоқтатудың мәні неде немесе күнә жасап қойғаннан өзіңді, өмірді жек көрудің мәні неде? Біз ештеңеге қол жеткізе алмас едік, егер біз әр бастаған істі тоқтата беретін болсақ, кем дегенде бір рет қате жіберсек те, солай емес пе? Біз өзімізді, өмірді сүюді үйренбес едік, егер де күнәдан кейінгі сабақты алып, сынаққа тап болмасақ, солай емес пе? Әрине бұның бәрін болдырмауға болады, бұл ең дұрыс жол. Бірақ бұл мүмкін бе?
Кішкентай бала кезіңізде сіз бірінші рет сүрініп, еденге құлап, «бұл толық сәтсіздік» деп ойладыңыз делік. Ештеңе етпейді». Мүмкін сіз сүрінбесеңіз жүруді ешқашан үйренбеген болар ма едіңіз. Қарапайым арифметикалық (математиканың сандарды зерттейтін саласы) мысалда алғашқы қателікті жібергеннен кейін сіз арифметиканы толығымен тастайсыз делік, онда сіз ешқашан ақшаны санауды, дүкендерден заттарды сатып алуды және т. б. үйренбейтін едіңіз.
Менің ойымша, қателесу қабілеті біздің өмірлік тәжірибеміздің маңызды бөлігі болып табылады және егер біз қателік жасаудан қорқатын болсақ және сол қорқыныштың кесірінен одан қашатын болсақ, онда біз біртіндеп өмірдегі барлық жақсы және пайдалы нәрселерден айырыламыз. Әрине, сіз бұл дәлелді абсурдқа (мағынасыз сандырақ) дейін жеткізе аласыз. Егер біз өз қателіктерімізден сабақ ала білетін болсақ, онда көп қателіктер жіберуден қорықпау керек, өйткені қателіктер неғұрлым көп болса, соғұрлым көп нәрсені үйренеміз. Мен мұндай дәлелді жалғастыруды, кеңес ретінде қабылдауды ұсынбаймын, мен жай ғана былай деймін: сіздің қателесуге құқығыңыз бар, қателік пен күнәсіз адам толық бақытты бола алмайды, бұны жоққа шығару – надандық.
Бұрын қандай қателіктер жасасаңыз да, олар сіздің тәжірибеңіздің маңызды бөлігіне айналды. Оларды миыңызды қозғау және өмірді қайтадан бастау мүмкіндігі ретінде пайдаланыңыз: бірінші рет сәтсіздікке ұшырағаныңыз үшін қалаған арман-мақсаттан бас тартпаңыз және бастағаныңызды тоқтатпаңыз, берілмеңіз. Сіздің өміріңіздегі кез-келген қателік сіздің қазіргі түсініңігіңізді қалыптастырды. Қателеріңізге батаңызды беріңіз, олар сізді адам қылды. Олардың тәлім-тәрбиесі үшін рахмет айтыңыз. Есіңізде болсын: қателік пен күнәнің басты мақсаты сіздің миыңызды қозғау және жаңа өмір бастауға тағы бір мүмкіндік беру.
Әрине, сіз менің кітабымды оқығаннан кейін де қателіктер жібересіз, бірақ сіз әрқайсысында үйренесіз, тәжірибе аласыз.
Пешенеге жазылған, қайтпайтын, тойтарылмас, жеңуге келмейтін қателіктер мен күнәлар болмайды, егер де сіз оларға өзіңіз ондай мүмкіндік бермесеңіз. Қайталана беретін қателіктер мен күнәлар болмайды, егер де сіз оған өзіңіз жол бермесеңіз. Сіз фатализмға (тағдырмен шешілгенге) құл болмайсыз, егер ақиқатқа сай өз тағдырыңызды өзіңіз жаза білсеңіз.
СӘТТІЛІК НЕМЕСЕ СӘТСІЗДІК
Сіз өз ой-пікіріңіз бойынша әрекеттеріңізді сәтті немесе сәтсіз деп бағалайсыз ба? Менің ойымша, біздің өміріміздегі сәтсіздіктердің көпшілігі біздің өзімізге деген, дүниеге деген, басқа адамдарға деген, Жаратушыға деген көзқарастарымыз бен ой-пікіріміздің салдары. Адам, сәттілікке, табысқа жете алмайды, егер адам оған сенбесе және сенімді болмаса. Себебі, батылдық пен сенімге ие адамдар үшін, жол әрқашан ашық болып көрінеді. Бұл дегеніміз жеңіске, табысқа, сәттілікке деген дұрыс көзқарас пен ой-пікір, оның рухани күш-қуатын, ішкі үстемдік пен артықшылық сезімін арттырып, осы өмірде ғажайыптар мен кереметтер жасауына ықпал етеді. Егер сізде дұрыс көзқарас пен ой-пікір жоқ болса, онда неге оны дәл бүгіннен бастап қалыптастыруға кіріспеске?
Күрделі жүйемен қалыптасқан, біздің үнемі өзгеріп отыратын өмірде, айналамызда әрекет ететін әр түрлі сыртқы факторлар бар және біз кейде өмірімізді, жағдайымызды осы сыртқы факторлар басқарады деп айқайлағымыз келеді. Алайда ақиқатында, біз сол өмір мен жағдайды өзіміз ұнатып таңдаған едік, салдарынан біз таңдаған нәрсені ғана жасаймыз, себебі өмірдің бәрі таңдау, сәттілік пен сәтсіздікте. Егер біз белгілі бір жолды таңдағымыз келмесе де, ақыр соңында біз оны таңдаймыз, өйткені бұл бізге ең аз ішкі қарсылық көрсететін жол сияқты көрінеді. Біз оңай және жеңіл жолмен жүргіміз келеді, бірақ болашақта бұл бізге қолайсыздық пен қиындық тудыруы мүмкін екенін білсек те. Бізге әрдайым шешім қабылдау керек болады: іскерлік мәселелерде, отбасылық қатынастарда, күнделікті тұрмыс-тіршілік әрекетімен. Бізде әрқашан таңдау қажеттілігі бар, сондықтан да дұрыс таңдау жасай білу өте маңызды.
Бұл өте маңызды: кез-келген кедергіні жеңуге мүмкіндік беретін күш біздің ішімізде екенін түсінген кезде, біз көмекке шақыруды тоқтатамыз. Ішкі «Мен» – мен тыныш сөйлесе бастағанда (ішкі диалог), біз сол ақыл-ой күшінің (ментальды күш) ішкі ресурстарына (мидың азығы ақпарат) бейімделеміз. Бұл күштің құпиясы – мінез-құлқымызды түсіну, біздің ойлау ресурстарымызды (оның қаншалықты құлдық санамен шектелгенін сезіну, шекарасын кеңейту) көбейту. Біз кез-келген нәрсені жасауға, өзіміз қалаған нәрсеге қол жеткізуге, мүмкіндік беретін күш, біздің ішімізде екенін түсіне бастаған кезде ғана, өмірлік сәттілік бізге келеді, бұл біздің өміріміздегі басты жетістігіміз!
Менің ойымша, ұлы адамдар, тарихта қалған адамдар, өздерінің ішінде үлкен күш бар екеніне сенді және сол күш арқылы барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңе білді. Бұл күш кез-келген жағдайдан да, ішкі немесе сыртқы факторладан да мықты. Одан асып түсетін күш жоқ және олар оны қолдана білді және дүниенің жеңімпазы атанды. Менің ойымша, бұл ішкі күшке сенбейтіндер, тек сыртқы күштерге сенетіндер бұл дүниеде бірде-бір үлкен іс жасай алмайды, жануар сияқты келіп, жануар сияқты кетеді.
Мен бұған сенген адамдарды, достары мен туыстары мазақ еткеніне сенімдімін, бәлкім аздап жынды деп ойлаған шығар. Олар мұны бос әурешілік, ақымақтық деп санап, ал өздері әдеттегі, күнделікті өмірдегі диірмен тастарына қайта оралып, өлгенше дейін соны айналдырып, ақыры шаршап, сәтсіздік сезімімен дос болып өмір сүрді. Бірақ олар, өздері бұны сезсе де, білсе де ешкімге білдірген жоқ, өйткені бұл ішкі әлемнің проблемасы. Олардың ойынша осы күнделікті күйбең, мақсатсыз әрекет, жоспарсыз қозқалыс өздерінің ішкі мазасыздығын, уайымын, қорқынышын, жалпы күйзелісін босатады және жеңілдетеді деп санады. Сіз осы адамдардың бірі болғыңыз келе ме немесе ішкі күшіңізді тыңдайсыз ба? Бұл қорқыту емес, ескерту!
Санаңыздың шығармашылық күшін қолдана бастаңыз. Форсайт (көрегендік қабілет) Күшін қолданыңыз, пайдаланыңыз, өйткені сіздің ойлауыңыз – бұл күшті (форсайт), жұмыс істетуге мәжбүр ететін жылдам ағын. Өзіңіздің ақыл-ой күштеріңізді әмбебап, бәрін сіз үшін жасап беретін бейсанамен байланыстырыңыз және сіз супер тұлғаға айналасыз. Тырысыңыз. Сіз өзіңіздің өміріңіздегі кез-келген проблеманы шешудің кілтін тапқаныңызды білетін боласыз. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл дегеніміз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз! Тағы да қайталауға рұқсат етіңіз: егер сіз жасай аламын деп ойлауға жеткілікті көңіл бөлсеңіз, сіз ойлағанның бәрін жасай аласыз. Кез-келген жағдайда сәттілік, жеңіс алдымен сіздің ойыңыздан басталады. Мақсат шын өмірде орындалмай жатып қиялында нақты, анық көре білу қабілеті барлық адамда бар, бірақ тек олардың оннан бірі ғана оны қолданады, пайдаланады, ал сіз сол қабілетті дамыта алсаңыз сіздің кез-келген мақсаттарыңыз орындалады және сіз оған оңай әрі жеңіл жете аласыз.
ЖОЛ САЛАСЫЗ БА НЕМЕСЕ ҚАБЫРҒА ТҰРҒЫЗАСЫЗ БА?
Сіз өзіңізді жол салушы немесе қабырға құрушы ретінде қарастырасыз ба? Біздің әрқайсымыз өмір бойы не жолдар саламыз не қабырғалар тұрғызамыз. Сіз өзіңізді қалай қабылдайсыз? Мен бір қысқа өлең таптым, онда бұл тақырыпты қарапайым және керемет түсіндіреді:
«Үлкен жолдарды Егемен Рим салған, Адамдарды байланыстыру үшін, Сонымен қатар қабырғалар тұрғызған, Ажыратып, бөліп, қорғау үшін, Ғасырлар бойы, адам құмарлығынан, Барлық қабырғалар құлады, Бірақ жолдар қалды.»
Сіз басқа адамдармен кездесіп, олармен ақыл-ой бөлісе алатын жолдар, қарым-қатынас жолдарын саласыз ба? Немесе сізді басқалардан бөлетін, ажырататын, қорғайтын ақылыңызда қабырғалар тұрғызасыз ба? Менің ойымша, қабырға құрылысына кететін барлық материалдар мен күш-жігер босқа шығын сияқты, бұның барлығы еңбек пен уақытты ысырап етеді, өйткені бұл қабырғалар бәрібір құлайды.
Ақиқат мынада, біз бүкіл адамзатпен рухани бірлікке ұмтылуы тиіс Жаратылыстармыз және басқа адамдардан бөліну, ажырау үшін салынған әлсіз қабырғалар ешқашан ұзақ тұрмайды. Бірақ жолдармен басқаша. Сізді адамдармен байланыстыратын жолдар саласыз ба? Дәл адам ағзасындағы екі жақты миға баратын артериялар сияқты, сіздің күнделікті іскерлік және рухани-әлеуметтік өміріңізге қажет. Сізде мұндай қарым-қатынас бар ма? Сіз адамдармен қаншалықты жиі сөйлесесіз? Менің айтарым рухани, отбасылық, туыстық байланыстар әдеттегі іскерлік байланыстардан жоғары.
Эмпатикалық тыңдау және эмпатикалық әдіс туралы естіп пе едіңіз? Эмпатияның тыныш бульварлары туралы естіп пе едіңіз? Сіз эмпат адам болғыңыз келе ме? Бұл эмпатия қабілетін дамытқан адам. Сіз Жүректен жүрекке жол саласыз ба, өзара түсіністік жолдары, бақытсыздық пен қайғыға деген жанашырлық жолдары. Сіздің рухани жағдайыңыз ынтымақтастықтан басталады ма? Сіз осындай көшелер немесе махаббат пен түсінудің тыныш аллеяларын (саяжолдарды) саласыз ба, хош иісті, ақ гүлді ағаш акацияларға (қарағандарға) толы? Оларды сөзбен көпіртудің қажеті жоқ. Олар күлімсіреу, жұбату және бұл көріністер ағаш жапырақтарымен жабылған: «Мен білемін. Мен бәрін түсінемін. Мен сені жақсы көремін». Мұндай көшелер мен аллеяларды тұрғызыңыз, өйткені олар мәңгі қалады. Оларды ештеңе жоя алмайды.
Бүгін біраз уақыт бөліп шешім қабылдаңыз: өзіңізді жақын адамдарыңыздан бөлу үшін энергия, ақыл-ой және рухани күш жұмсап, қабырғалар салғыңыз келе ме әлде бірлескен ойлаудың интеллектуалды артерияларын, эмпатияның кең бульварлары мен үнсіз рухани бірлік аллеяларын салғыңыз келе ме, соны шешіңіз. Не салу керектігін шешіп, сіз өзіңіздің өміріңіздің табиғатын анықтайсыз. Бұл сізді ішке кіргізбейтін қабырғалар әлемі немесе шексіз қуанышқа саяхаттауға болатын жолдар әлемі болуы мүмкін. Таңдау тек сізге байланысты.
ТАҒДЫР КІНӘЛІ ЕМЕС
Сіз өзіңізді бақытты санайсыз ба әлде бақытсыз санайсыз ба? Сіздің ойыңызша, сіздің өміріңізде сәттілік көп пе әлде сәтсіздік көп пе? Біздің орындалмаған үміттеріміз бен армандарымыз, сәтсіз үлкен жоспарларымыз туралы ойлаған кезде, адамдар көбінесе тағдыр немесе сәттілік не сәтсіздік деп аталатын нәрсені айыптайды. Бірақ бұл нонсенс (абсурд) емес пе? Кейбіреулер: «Бұл менің бақытты (немесе бақытсыз) жұлдызым» дейді, немесе «Бүгін мен үшін жаңа өмір, жаңа күн, жаңа Мен» керісінше «Тағы да мектеп не жұмыс не отбасы, қашан құтылады екенмін». Біз неге осылай айтамыз? Кемшіліктерімізді, қателіктерімізді, күнәларымызды өзімізден өзіміз жасыру үшін айтамыз. Өзімізді сөзбен алдағымыз келеді, бірақ шынында да біз қалаған өмір болып жатқан жоқ немесе болып жатыр бірақ бәрібір ішкі бостық сезімі, әрдайым бір нәрсе жетіспейтіндей. Есіңізде болсын: Біз санамыздың табиғатына (деңгейіне) байланысты сәттілікке жетеміз немесе сәтсіздікке ұшыраймыз.