Төрт елдің төрт әні. Аударма жинағы
Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.
Отрывок из книги
«Айтпасаң, сөздің атасы өледі» немесе «айтылмай қалған сөз жетім» демекші, «Абай атамыз сияқты «пайда ойламай, ар ойлап», Қадір Мырзалиев атамыз айтқан ана тіліміз арымыз болып, ұятымыз бетімізде тұрса, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеген парыз. Сонда басқа жұрт та тілің сондай күшті деп, сенің тіліңде сөйлеуге тырысады.
Тарихқа көз салсақ, кез келген дамыған ел даму сатысының шарықтау шегіне жеткенде, «дегенерацияға» ұшырап, қайтадан кері қарай құлдырай бастайды екен. Қазіргі қоғамның басынан өтіп жатқан «дегенерация» процесін «көрдемшенің қасіреті» деп бір ауыз сөзге сыйдырып айта алған, сөзі «мірдің оғындай», жаңа заман әдебиетінің айнасы, шетелге танымал белгілі жазушы Сауле Досжан шетелде болатын бір ауыз сөйлеммен жазылатын романның сайысына қатыса қалса бірінші орын емес, гран-при ұтып алатындай дәрежелі жазушы екенін айта кеткеніміз артық болмас.
.....
Неге басты төрт тілді біліп алуымыз керек? деген сұрақ әркімнің көкейінде тұрған сұрақ.
Бірінші, қазақ тілін білсеңіз, сіз түркі тектес он шақты халықтың тілін түсіне аласыз, өйткені, қазақ тілі – түркі тілдерінің негізі.
.....