Банктік тəуекелдер жəне оны басқару

Банктік тəуекелдер жəне оны басқару
Автор книги: id книги: 803646     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 113 руб.     (1,21$) Читать книгу Купить и скачать книгу Купить бумажную книгу Электронная книга Жанр: Банковское дело Правообладатель и/или издательство: КазНУ Дата публикации, год издания: 2013 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 978-601-04-0018-4 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 0+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Оқу құралында банктік тəуекелдердің мəні мен мазмұны, оның түрлері, басқару əдістері жан-жақты қарастырылған. Аталмыш оқу құралы экономикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне жəне банктік тəуекелдер, оны басқару мəселелері қызық тыратын жалпы оқырманға арналған.

Оглавление

Нұргүл Керімбекова. Банктік тəуекелдер жəне оны басқару

КІРІСПЕ

1- тарау. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1.1. Банктік тәуекелдер категориялары мен классификациясы

1.2. Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері

Бақылау сұрақтары:

2-тарау. НЕСИЕЛІК ТӘУЕКЕЛ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ

2.1. Несиелік тәуекел мәні және оның классификациясы

2.2. Несиелік тәуекелді басқару және бағалау әдістері

Бақылау сұрақтары:

3-тарау. ӨТІМДІЛІК ТӘУЕКЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ

3.1. Өтімділік тәуекелі және оның жіктемесі

3.2. Өтімділік тәуекелді басқару және бағалау әдістері

Бақылау сұрақтары:

4-тарау. ПАЙЫЗДЫҚ ТӘУЕКЕЛ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ

4.1. Пайыз тәуекелі және оның классификацііясы

4.2. Пайыз тәуекелін басқару және бағалау әдістері

Бақылау сұрақтары:

5-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ

5.1. Валюталық тәуекел және оның классификациясы

5.2. Валюталық тәуекелді басқару және бағалау әдістері

Бақылау сұрақтары:

«Банктік тәуекелдер» пәнінен тест сұрақтары

Әдебиеттер

Отрывок из книги

Жалпы тәуекелдің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел деп оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз пайыздық нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өйткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге бет бұрған адам міндетті түрде шығынға ұшырайды. Тәуекел деңгейін төмендету мақсатында біз екі немесе одан да көп баламалардың бар болуын қалаймыз. Яғни, таңдау құқығына ие болғымыз келеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.

Бүгінгі таңдағы нарықтық экономика жағдайында банк саласында банктер әртүрлі банктік операцияларды жүзеге асыру барысында мойнына алатын жауаптылықты дұрыс бағалай білуінің маңызы зор.

.....

Тәуекелдерді басқару әрбір банктің басты міндеті мен бағыты, себебі банк тәуекелдерін басқару мен бағалауды дұрыс жүргізбеу банктің нарықтағы жағдайын нашарлатып, жабылуына алып келуі мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқарудың басты мақсаты – банктің активтері мен пассивтерін дұрыс басқара отырып, банк өтімділігі мен пайдасын оң көрсеткіште ұстап тұру, күтілмеген жоғалтуларды барынша төмендету. Сондықтан да әрбір банк өзінің тәуекелдерді басқару стратегиясын жасауы керек, ал стратегия өз кезегінде қазіргі талаптарға сай және банктің дамуымен қатар тәуекел деңгейін қалыпты ұстап тұруда оңай басқарылуы қажет. Банктің тәуекелдерін сапалы басқару ұзақ мерзімді нәтижелі дамуына жол ашады. Банктік тәуекелдерді басқарудағы түрлі іс-әрекеттер, шаралар, шешімдер тәуекелді басқару саясаты деп аталады.

Тәуекелдерді басқару процесінде келесі ережелерді қатаң ұстанған дұрыс:

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Банктік тəуекелдер жəне оны басқару
Подняться наверх