Топтың бес ақаулығы: Басшылық туралы мысал

Топтың бес ақаулығы: Басшылық туралы мысал
Автор книги: id книги: 3323020     Оценка: 0.0     Голосов: 0     Отзывы, комментарии: 0 449 руб.     (5,64$) Читать книгу Купить и скачать книгу Электронная книга Жанр: Правообладатель и/или издательство: Альпина Диджитал Дата публикации, год издания: 2002 Дата добавления в каталог КнигаЛит: ISBN: 9786018210228 Скачать фрагмент в формате   fb2   fb2.zip Возрастное ограничение: 16+ Оглавление Отрывок из книги

Реклама. ООО «ЛитРес», ИНН: 7719571260.

Описание книги

Жақында ғана Кремний алқабындағы табысты технологиялық компания нарықтағы орнын тез жоғалта бастады. Директорлар ке-ңесінің төрағасы даулы және парадоксалды шешімге келеді: ол жаңа басқарма төрағасы ретінде қарапайым ғана іскерлік білімі бар, АҚШ армиясының бұрынғы қызметшісі, 57 жастағы зейнеткер әйелді жұ-мысқа алады. Компания жұмысын ретке келтіріп, оған бұрынғы абы-ройын қайтару Кэтриннің қолынан келе ме? Бұл – бұдан басқа бірнеше танымал бизнес-романдардың авторы, коуч және тиімді корпоративтік ортаны құруға маманданған консал-тингтік компания президенті Патрик Ленсионидің бизнес-романының түйіні. Романды бизнес-триллер деп атауға болады, өйткені ол – кор-поративтік ортамен айналысқан кез келген адам үшін соншалықты қызықты болмақ. Ленсиони – күрделі басқарушылық мәселелерді ең қарапайым және ең қызықты тілде баяндау шебері. «Топтың бес ақаулығын» бір түнде оқып шығу қиын емес. Алайда кітаптан алынған сабақтар оқыр-ман үшін өмір бойы пайдалы болары сөзсіз.

Оглавление

Патрик Ленсиони. Топтың бес ақаулығы: Басшылық туралы мысал

АЛҒЫ СӨЗ

КІРІСПЕ

Мысал

СӘТТІЛІК

БІРІНШІ БӨЛІМ. Нашар үлгерім

ЕКІНШІ БӨЛІМ. Түсініспеушілік

ҮШІНШІ БӨЛІМ. Ауыр жол

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. Біріктіру

Үлгі

ҮЛГІГЕ ҚЫСҚАША ШОЛУ

ТОПТЫ БАҒАЛАУ

БЕС АҚАУЛЫҚТЫ ТҮСІНУ ЖӘНЕ ЖЕҢУ

УАҚЫТ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ: КЭТРИННІҢ ӘДІСТЕРІ

ТОПТЫҚ ЖҰМЫСҚА ДЕГЕН ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТ

АЛҒЫС

АВТОР ТУРАЛЫ

Отрывок из книги

Бұл кішкентай туынды 2002 жылы жарық көргеннен бастап, оқырмандар үлкен ықыласпен қабылдап оқитын кітапқа айналатынын білдім десем, өтірік айтқан болар едім. Соңғы 20 жылдағы топтық жұмыс туралы ойларымды жаңарту барысында қарапайым ғана «өзгерістер бар ма?» деген сұрақ туындағаны рас. Менің жауабым – көп, әрі өте аз.

Мен «Топтың бес ақаулығын» жазғаннан бері әлемде көп оқиғалар орын алды. Солардың бірі – 11 қыркүйектегі қайғылы оқиғадан кейінгі күні қолжазбамның соңғы жолдарын аяқтап жатқан кезім. Мен сол күннің біздің өмірімізге, жұмысымызға және тобымызға деген көзқарасымызға қалай әсер еткенін аздап болса да елестете алмаймын.

.....

Кэтрин өзінің алғашқы күнінде қысқаша қабылдау шарасы мен тікелей қарамағындағы әрбір адаммен сұхбаттасқаны болмаса, басқа жұмысқа араласқан жоқ. Барлық қалған уақытын дәліздерде серуендеуге, қызметкерлермен сөйлесуге және уақыт тауып бара алған көптеген жиналыстарға қатысып, үнсіз бақылап отыруға жұмсады.

Шамасы, мұның бәрінен ең сорақысы – оның Джефф Шенлиден апта сайынғы менеджерлер жиналысын басқаруды сұрағаны. Ал өзі сол жиналыстарда тек тыңдап, жазбалар жазудан басқа ештеңе жасамайтын.

.....

Добавление нового отзыва

Комментарий Поле, отмеченное звёздочкой  — обязательно к заполнению

Отзывы и комментарии читателей

Нет рецензий. Будьте первым, кто напишет рецензию на книгу Топтың бес ақаулығы: Басшылық туралы мысал
Подняться наверх